Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРПоиск на нашем сайте 2-тапсырма Түсіндірме сөздіктерден ауызекі сөйлеу тілі элементтеріне қойылған белгілерге назар аударып, басқа сөздіктермен салыстырыңыз.
3-тапсырма Түсіндірме сөздіктерден омоформаларға бес мысалдан теріп жазып, оларға түсінік беріңіз. 4-тапсырма 2001 жылғы жарық көрген қазақ тілінің орфографиялық сөздіктегі бұрын қолданылып келген кірмес сөздердің қазақ баламаларын теріп жазып, алдыңғы сөздіктермен салыстырыңыз. 5-тапсырма Түсіндірме сөздіктерден алынған жеке сөздік мақалаларды талдай отырып, онда сөздің грамматикалық және стильдік сипаты қалай ашылып, белгіленгенін көрсетіңіздер. 6-тапсырма Мына синонимдердің баламасын (синонимдер сөздігі бойынша) табыңдар да көркем шығармадан сөйлем жазып келіңдер. Бет, билік, шешен, әдіс, кездесу, зерек, мұғалім, өкіну, құтқару. 7-тапсырма Төмендегі сөздерді диалектологиялық сөздіктің көмегімен мағыналарын түсіндір. Димар, шекер, күрсі, нәр, керем, меңдес, сапал, үзбеп, түніке, долы, бақыр, сапара, леген, жүдә, гөрт, шақа, аскеді.
ҮI МОДУЛЬ
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
Тіл білімінің қай саласын алсақ та, өзінің жеке бір зерттеу объектісі, мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілдері, зерттеу қырлары болады. Этимология тіл білімінің ең бір қызық та қиын саласы. Этимология грек тілінің etymos «ақиқат» және logos «білім» деген сөздерінің бірігуінен жасалған. Тіл білімнің ішінде тарихи лексикологияның арналы да арнаулы саласы. Ол жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалар мен морфемалардың, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің де түп-төркіні мен шығу тегін, олардың пайда болу, даму жолдары мен қазіргі тілдерден көрініс сабақтастығын анықтап, тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді. Этимологиямен арнайы айналысып, сөз төркіні туралы ойларын үнемі ортаға салып жүретін ғалымдарымыздан академик Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Ә.Нұрмағамбетов, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, С.Исаев, А.Махмудов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Ғ.Әнес т.б. секілді ғалымдардың атын атауға болады. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен объектісінне қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Этимологияның негізгі принциптеріне: а) фонетикалық, ә) морфологиялық, б) семантикалық, в) тарихи деп аталатын принципке сүйенеміз. Фонетикалық принцип тілдегі түрлі дыбыстық өзгерулердің жолдарын, дамуын, алмасуын дәлелдеуге, сан алуан фонетикалық заңдылықтарды қатаң ескертуді талап етеді. Морфологиялық принцип сөз, түбір структурасының, жалғау-жұрнақтар системасының өзгеру жүйесін түсінуге көмектеседі. Семантикалық принцип сөздің мағыналық жағынан дамуын зерттеуге құралады. Бұл принцип этимологияның негізгі принциптерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі. Тарихи принцип әр түрлі экстралингвистикалық факторларды, яғни тарихи фонды, факторды назарда ұстайды. Бұл әсіресе, кірме сөздер, тілдің этнографиялық лексикасын зерттеуде бірден-бір қажет. Бұл аталған этимологиялық принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста және бір-бірін толтырып тұрғанда ғана шын дүниеге келеді. Оларды үш түрлі топқа бөліп қарауға болады: 1) ғылыми этимология. 2) халықтық этимология. 3) қызықты этимология.
1. Ғылыми этимология. Тіл дамуының объективті заңдылықтары мен принциптеріне сүйеніп жасалған этимологияларды ғылыми этимология деп атайды. Ғылыми этимология сөз төркінін, морфемалардың даму тарихын дәл анықтап, ғылыми негізде түсіндіреді. Мысалы, нағыз ғылыми этимологияның алғашқы нұсқаларын қазақ тіл білімінің негізін салушы, профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен табамыз. Қ.Жұбанов «Күй» атты тамаша еңбегінде қазақ тіліндегі күй, домбыра, сыбызғы, қобыз, жыр, толғау, бақсы, ән, би т.б. толып жатқан музыкалық терминдердің түп-төркінін, этимологиясын жан-жақты ашып көрсетеді. Музыка терминдерін таза тілдік тұрғыдан талдағанда, жалғыз қазақ емес, түркі-монғол, араб-иран тілдерімен салыстырып, молынан мысал, дәйекті деректер келтіріп, батыл болжамдар жасайды. Бұл еңбектің лингвистер үшін маңызы қандай болса, музыка мамандары үшін де соншалықты қымбат. 2. Халықтық этимология. Білмегенді білуге ұмтылу, өмірдегі жұмбақ құбылыстардың сырына үңілу адам табиғатына тән қасиет. Адамдар о бастан айналасын қоршаған заттар атауының қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын үнемі қызықтап, оларға өз шамаларынша жауап тауып, дәлелдеуге «кілтін» табуға тырысқан. Сөздердің түп-төркініне үңіліп, неге бұлай айтылғанына зер салу құр ғана қызық емес. Мұндай ізденіс сөз мазмұнын терең түсініп, оларды орынды, дәл, дұрыс қолдануға септігін тигізеді. «Этимологияның бұл түрін кейде «қарапайым этимология» немесе «жалған этимология» деп те атайды. Оның басты себебі: сөз тіркесін танып-білуге теориялық дайындығы мол, тәжірибелі тіл мамандары емес, «өз тілімді бір кісідей-ақ білемін» деп есептейтін зиялылар мен қарапайым халық өкілдерінің де ат салысуына байланысты». [46;437] Ана тіліміздің асыл қазынасы іспетті ел, жер, жұрт атаулары, терең мазмұнды тұрақты тіркестер мен пареомологизмдер, сондай-ақ сырттан енген түсініксіз кірме сөздер т.б. халық санасында қайта жаңғырып, талай аңыз-әңгімелерге арқау болып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді. Түсініксіз сөздерді халық өзіне таныс, түсінікті сөздерге «туыстырып» солардан төркіндетіп отырған. Сондықтан, кей жағдайда «халықтық» этимологияны «жалған» деп те атайды. Себебі кейбір адамдардың этимологияның табиғатын дұрыс түсінбей, оның ғылыми принциптерін жөнді білмей, жеке сөз мағынасын өзінше тұспалдап, топшылап «өзіндік тәсілмен» төркіндетілген сөздердің, мысалы. Бразилия – «Біраз ел», Жапония – «Жұпын ел», Азия – «Әз ұя», Африка – «қапырық ел», Корей – «Керей» т.б. халықтық этимологиясы адамды күлдіретіні рас. «Халықтық» этимологияларға мысалды алыстан іздемей-ақ, бала күннен жаттап өскен ауыз әдебиеті нұсқаларына жүгінейік. Көне жырларымыздың бірі – «Қозы-Көрпеш – Баян сұлуды» еске алайық… Ата-бабаларымыз өздері кір жуып, кіндік кескен талай жер атауларын осы жырда кейіпкерлер әрекетімен сабақтастырмаушы еді!….. Қорқау ойлы Қарабай аударыла көшкен сәтте, абыр-сабырға сабасы жарылып, қымызы төгілген жер «Ақкөл», «Жайылма» атанады. Қозыны аңсай күткен Баян шыдамай, алтын сандыққа сәлемдеме толтырып, Айбасты ұзақ жолға шығарып салушы еді ғой. «Домбыралы», «Моншақты», «Қарқаралы» деген жерлер осы сандықтан «түсіп қалған» нәрселер болса, «жауыртауға» келгенде аты титықтап, сол жерде амалсыздан «Алтын сандық» та қалмаушы ма еді!? Негізінен, осындай аңыз-әңгіме, шежіре түрінде болып келетін «халықтық» этимологиялардың «халық творчествосы іспеттес бұл көне шежіре-сырлар этнос тарихына сәулесін түсіріп, бағы заман елестерінен дерек береді.» [10;100] 3. Қызықты этимология. Этимологияның бұл түріне (газет, журнал, БАҚ құралдары) беттерінде жарық көрген көпшілік қолды материалдар жатады. Осыған байланысты оны тіл білімінде «ғылыми-көпшілік қолды этимология» деп те атайды. Бұлар қалың көпшілік қауымға арналғандықтан, ондағы материалдардың берілуі, терминологиясы арнайы ғылыми басылымдағы зерттеулерден өзгеше болады. Автордың «өз тілімен» көпшілікке түсінікті түрде жазылып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар жатады. Әрине, бұл еңбектерден ғылыми негіз іздеп, оны талап ету мүмкін нәрсе емес. Бұдан «қызықты» этимология мүлде қажетсіз екен деген ұғым тумау керек. Біз «халықтық» этимологияны ғылыми этимологияға қарама-қарсы, көбіне оны мансұқ қылсақ, ал «қызықты» этимология – ғылым этимологияның көкжиегін кеңейтіп, оның жетістіктерін үлкен орбитаға шығарып, қалың бұқара арасына таратар өте қажетті «елші» сала. [10;109] Бұл салада қазақ тіл білімінде академик Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» деген кітабын атай аламыз. Бұл кітап – қазақ тіл біліміндегі «қызықты» этимология мен ғылыми этимологияны шебер ұштастыра білген тұңғыш ғылыми-көпшілік қолды еңбек.
СОӨЖ 1. Э.В.Севортянның «Сөздігіндегі» қазақ тіліне араб, парсы тілдерінен енген оқу-білім, мәдениет, ғылым, дінге т.б. қатысты сөздерді тауып, қандай дыбыстық, мағыналық өзгерістерге ұшырағанын көрсетіңіздер. 2. Сөз мағынасының эволюциясын (қозғалысын) танытатын құбылыстар.
СӨЖ І. Профессор Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» кітабынан батырлар жыры мен лиро-эпостарда, ХV-ХІХ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармаларында, мақал-мәтелдерде, тұрақты тіркестер құрамында мағынасы күңгірт немесе архаизмге айналған сөздердің байырғы түп төркініне және тарихи-дыбыстық өзгерістеріне талдау жасаңыз: - қазіргі тілімізде кеңінен қолданылып жүрген таныс сөздердің: аға, ала, қарындас, азамат, жігіт, алаш, амандасу сөздерінің мағыналарына назар аудару; - монғол тілінен енген ереуіл, алдияр, барымта, қарымта, үдере (көшу), дулыға, сұрқылтай, толағай, төбе (төбе би дегендегі) т.б. сөздердің шығу тарихына; - наным-сенімге қатысты сөздерді; - әскери лексикаға қатысты атауларды тауып, топтап түпкі мағыналары мен этимондық рөліне назар аудару. ІІ. Халықтың этимологияға жатқызылып жүрген (Бразилия – біраз ел, корей – керей т.б.) сөздерге мысал келтіріп, ғылыми негізсіз екендігін дәлелдеңіз. ІІІ. Фразелогизмдердің түп-төркінін (неге бұлай айталытынан) ашып көрсетіңіздер. Елу жылда ел жаңа, соқыр түйе, он екі мүше, ат-құйрығын шырт кесу, бұл тапсырманы орындау үшін мына еңбекті қараңыз: Н.Уәлиев «Қазақ әдебиеті», 14 май, 1982 ж. «Сөз төркінін барласақ».
ҮII МОДУЛЬ
Лингвистикалық зерттеулерде әдетте жалпыхалықтық тілдің формаларына әдеби тіл, әлеуметтік диалект, территориялық диалект, қарапайым сөйлеу тілі, жаргон т.б. жатқызылып жүр. Жалпыхалықтық тілдің формаларын (түрлерін) негізінен екі топқа бөлуге болады: І. Әдеби тіл, дәлірек айтқанда, жалпыхалықтық тілдің әдеби формасы. ІІ. Бейәдеби тіл. Бұларға территориялық диалект, әлеуметтік диалект, қарапайым сөйлеу тілі элементтері жатады. «Әрине, көп жағдайда «әдеби» мен «әдеби емес»-тің, «норма» мен «норма емес»-тің, «дұрыс» пен «бұрыс»-тың аражігін ажырату оңай бола бермейді. Бұлардың жігін айқындауда «меніңше былай» деген жеке кісілердің субъективті көзқарасына емес, әдеби үлгілерге, әдеби тілдің жұртшылық мойындаған, мәдениетті қоғам мүшелерінің баршасына міндетті деп танылған нормаларына сүйінеміз» [45;7] І Әдеби тіл. Қазақ тілі – рулық, ру-тайпалық одақ тілі, суперэтностық тіл дәуірлерін бастан кешіп, халықтық тіл деңгейіне көтерілген ертеден келе жатқан тіл. Ал қазіргі қазақ әдеби тілі жалпыхалықтық тілдің өмір сүру формалары ішінде доминанталық сипаты басым халық тілінің жоғарғы формасы. Әдеби тіл ғасыр бойы халық қазынасынан өз керегін сұрыптап, іріктеу нәтижесінде қалыптасты, оның негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фольклор мен ауыз әдебиеті, публицистикалық сөз, ісқағаз тілі мен ғылыми әдебиет (оқулық, энциклопедия, монография, ғылыми-көпшілік басылымдар), әсіресе аса биік профессионалдық деңгейге көтерілген көркем әдебиет үлгілері арқылы қалыптасты. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның санасында әдеби тілдік норма туралы таным-түсінік пайда болды. Әрине, көркейген лексикамен кемелденген грамматикалық құрылысы бар, белгілі бір нормаға түсіп, жүйеленген әдеби тіліміз мыңдаған жылдардың жемісі және ол бір адамның немесе бір жазушының қолынан туа қалған жоқ, сол тілде сөйлейтін жалпы қазаққа ортақ халықтық тілдің негізінде жасалды. Тілді жасайтын халық. Кез келген тілдің лексикасының қалыптасуы сол тілде сөйлеуші халықтың әлеуметтік-экнономикалық, шаруашылық жағдайларына, тарихының біртіндеп даму ерекшелігіне, мәдениетінің өркендеу деңгейі және басқа халықтармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне байланысты. Қай тілдің болмасын әдеби тілі өзінің ұлттық нормаларымен (белгілерімен) ажыратылады. Қазақ әдеби тілі өте ертеден келе жатқан аса бай ауызша тараған профессионалдық деңгейге көтерілген көркем сөз дәстүріне иек артып, ерекше орын алады. Қазақтың әдеби тілі негізін жалпыхалықтық тілден, ұзақ дәстүрлі ауыз әдебиеті тілі мен ауызша дамыған ақын-жыраулар тілінен алады, бұлар бүгінгі қазақ жазба әдеби тілінің лексикалық қазынасы мен көріктеуіш құралдарының қайнар көзі. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның сахнасында әдеби тілдік норма туралы таным-түсінік пайда болды. Ең алдымен, бұл үлгілер халық тіліндегі барды сұрыптау, таңдау, талғау арқылы әдебиет, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлерінің шығармашылығында қолданынылып, әбден тұрақталғаннан кейін тілдік норма болып танылады. Сондықтан әдеби тілдің көптеген тілдік бірліктері (единицалары) халық тілімен бірдей (еншілес). Алайда халық тіліндегінің бәрі әдеби тіл нормасына ене бермейді. Халық тілі мен әдеби тілді салыстырсақ, әдеби тілден тысқары едәуір тілдік құралдарды байқауға болады. Ал кейінгі ғасырларда (ХІХ-ХХ) қазақ әдеби тілі, өзге тілдер сияқты, ұлттық жазба статусқа ие болып, оның функционалдық стильдері саралана түсіп, әдеби тілдің белгілерін айқындай, ажырата түсті. Әдеби тілдің грамматикалық құрылысы, дыбыстық жүйесі толық айқындалды, сөз байлығы түгенделіп, сан алуан сөздіктер құрастырылды. Қазақ тілінің терминдік жүйесі жасалды, орфографиялық және орфоэпиялық жағынан нормаланып, әдеби тіл ретінде толысты. Халықтың ұлттық жазуы, сөйлеу мәдениеті жоғарылаған сайын әдеби тілдің мәдениеті де өсе түседі. Ал әдеби тіл дегеніміз – «тілдің өмір сүруінің ең жоғарғы формасы» екендігі белгілі. Тіл мәдениетіне жат тілдік бірліктер саналатын диалектизмдердің, қарапайым сөздер мен сөйлеу тілі элементтерінің әдеби тілді баламасы бола тұра орынсыз қыстырмалануы, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік диалектілерлің (арго, жаргон, варваризмдердің) қолданылуы, қысқасы, әдеби тіл нормасының бұзылуына жатады.
СОӨЖ 1. Әдеби тілдің аузыша нормалары. 2. Әдеби тілдің жазбаша нормалары. 3. Әдеби тілдің грамматикалық нормасы. 4. Әдеби тілдің лексика-фразеологиялық нормалары.
СӨЖ 1. Сөйлеу тілі элементтерін уәжді қолдану; 2. Кітаби тіл элементтерін уәжді қолдану; 3. Кітаби және сөйлеу тілі элементтерін стиль тезіне салу.
1. Диалектизмдер– жергілікті жерде, белгілі бір аймақта қолданылатын, яғни жұмсалу сферасы шектеулі тілдік бірліктер. Бұлардың әдетте әдеби тілде баламасы болады, сондықтан әдеби тіл нормасынан тыс тұратын элементтер: таңлай (жергілікті) – таңдай (әдеби), әпше (жергілікті) – әпке (әдеби), челек (жергілікті) – шелек (әдеби); үлкен, зор (әдеби) – нән (жергілікті), шекер (әдеби) – секер (жергілікті) т.б. Қазақ тілтанымында диалектизмдер табиғаты әр кезеңдерде талай зерттеулердің нысаны болып келді. 1930-жылдары Ж.Досқараев, С.Аманжоловтар бастаған бұл ізденістер кейінгі жылдары жүйеленген арналы салаға айналды. Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ж.Болатов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Қалиев, Н.Жүнісов, Т.Айдаров, Ш.Бектұров, Ә.Бөрібаев, Қ.Айтазиндардың зерттеу-еңбектерінің нәтижесінде қазақ тіліндегі басты-басты диалектілік ерекшеліктер жан-жақты сипатталады. Түбегейлі зерттеулер нәтижесінде жергілікті ерекшеліктер жиналып, сипатталып, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне қарағанда, лексикалық ерекшеліктері мол екендігі анық белгілі болып отыр. Лексикалық ерекшеліктердің көлем жағынан аумақты келуі халықтың этностық құрамымен, географиялық жағдайымен, кәсіби, тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрып, салтымен тікелей байланысты. Тілде кездесіп отыратын диалектілік ерекшеліктер кездейсоқ құбылыс емес. Халықтың бәріне бірдей түсінікті әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір территориядағы аймақта ғана пайдаланылатын ерекше сөздер тобын «диалект» дейді. Соңғы жылдарға дейін қазақ қоғамында, әсіресе жалпыхалықтық тілдің әдеби формасын, оның нормаларын насихаттау, жоғары қою үрдісі күшейді де, диалектизмдер, қарапайым сөйлеу элементтері жұртшылыққа көбіне «құбыжық» ретінде көрсетілді. Шындығында, әдеби тілдің нормасын насихаттау, оның дәстүрлі нормаларын қатаң ұстану принципін әрқашанда берік ұстануымыз қажет. Бірақ бейәдеби элементтері мүлде мансұқ етпей, тарихи құндылықтардың бірі ертінде оқып, танып білуіміз аса қажет. Оқулықтарда, жекелеген зерттеулерде диалектілік құбылыстарды не үшін зеттейтініміз, танып білетіндігіміз жөнінде азды-көпті айтылған. Олардың негізі, сайып келгенде, әдеби тілді байытудың көзі, тілдің тарихын білу, көркем әдебиетте эстетикалық мақсатта жұмсалатыны т.б. дегендерге саяды. Мәселе тек осыларға тірелсе, онда жалпыхалықтық тілдің бейәдеби формаларын рухани құндылық деп жете тани алмаймыз. Оларды рухани құндылық деп тану үшін жоғарыда айтылғандар жеткіліксіз. Өйткені жалпыхалықтық тілдің бейәдеби элементтері ұлт, халық, тайпалық тәрізді тілдік ұжымның өмір эстетикалық мұрат-мақсатын білдіретін куммулятивтік қызмет атқарады. «Қазақтың әдеби тілінің сөздік құрамын толықтыра түсу – әлі де жүріп жатқан процесс, сондықтан ауызекі сөйлеу бірліктерін, әсіресе диалектизмдерден мүлде бас тарту әлі ерте. Олардан тек стильдік мақсатпен көбінесе көркем әдебиетте ғана қолданып қана қоймай, жаңа ұғымдарды атаудың бір көзі ретінде қарау керек». [68;156] Әдеби тілді диалектілер арқылы байыту мәселесі қазіргі кезде ғалымдар назарына жиі ілініп жүр. «Кемеңгер жазушы М.Әуезов шығармаларындағы ондаған диалектілерді ғалым Р.Сыздық әдеби тілдің сөздік құрамын толықтыруға әлеуеті жететін сөздер ретінде бағалайды. Себебі олар М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың шығармаларынан орын алып, контекст арқылы мағыналары түсінікті болып, қос тілді және Абай тілінің сөздіктерінде тіркелген» Диалектизмдерді тек стильдік мақсатпен көбінесе көркем әдебиетте ғана қолданып қоймай, жаңа ұғымдарды атаудың бір көзі ретінде қажеттілік туған сәтте, әдеби тілде баламасы болмаса, әдеби тілді байытуға әлеуетті болса, батыл қолдану керек. Материалдық және рухани мәдениетке байланысты атаулардың едәуір бөлігі аумақтық (территориялық) диалектілерге қатысты болып келеді. Ақиқат өмірдің, қоршаған ортаның түрлі заттар мен құбылыстардың, әсіресе өсімдіктер мен жануарлар әлемінің толып жатқан атаулары диалектілік лексика жүйесінде бейнеленген. Олардың қайсыбірінің әдеби тілде баламасы жоқ деуге болады. Мысалы, диалектілік лексика жүйесіндегі үлек, көрпеш, суын, ортеке, әндемі, айлақ универбтерін алсақ үлек – «нардың баласы», көршеп – «кенже туған қозы», суын – «таза арғымақтан туған жылқы», ортеке – «бөкеннің еркегі», әндемі – «үй сылайтын темір қалақша», айлақ – «кеме тоқтайтын жер қойнауы» делініп, сипаттама немесе перефраз түрінде беріледі. Бұларды когнитивтік деңгейдегі тілдік ұжымның өмір тәжірибесі, ой-санасы, дүниетанымымен байланысты қарау диалектикалық лексика жүйесінің семантикалық құрылымын тереңірек тануға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар ақиқатты ойлаумен байланысты күрделі құбылыстарды бірте-бірте тануға септігін тигізеді. Диалектілік материалдарды этнолингвистикалық аспектіде танытудың әдістемелік мәні айрықша. Мысалы, профессор С.Аманжолов көрсеткен батыс өлкеге тән лексикалық ерекшеліктердің ішінде кейбір атауларды академик Ә.Т.Қайдаровтың, Ж.Манкееваның, Н.Уәлидің т.б. зерттеулеріндегі кейбір тұжырымдарды негізге ала отырып этномәдени аспектіде былайша талдап көрейік. Қазақ тілінде жер бедеріне байланысты қолданылатын атаулар жүйесінде тұран, тепсен деген сөздер жатады. Бұл атаулар қыратты, таулы өлкеде жиі қолданылады. Тепсен – биік таудың басындағы тегіс жер, мал жайылымына ойыс, шұңқырлы жер. Жер бедерін бұлай арнайы атау себебі олардың әркелкі болады. Ойыс, шұңқырлау жердің оты көбіне тұщылау болып келеді. Диалектілік лексика жүйесінде бес ешкі, бес қонақ, құралайдың самалы тәрізді метеорологиялық терминдер жиі ұшырайды. Бұлар тек атаулар ғана емес, малшы қауымның, есепшілердің (халық астрономдарының) табиғат құбылысын жіті бақылап, соның нәтижесінде белгілі бір құбылысты танып біліп, ат қоюы. Мысалы, сәуір (апрель) айының басында бес күндей күн салқындап, жауын-шашын болады. Осы мезгілде далалы аймақтарда қарақұйрық, бөкен тәрізді түз жануарлары лақтап, лағын өргізеді. Мамыр – үйректің ұя басып, балапан шығаратын, балапан ертетін кезі, жолбас жусан – «жусанның айрықша түрі», «боз жусан», желғұз – «жылдың дауылды, желді күні». Алсын – «қар астында көгеріп жаңа шығып келе жатқан шөп». Міне, бұлар тек қана верталдық элементтер ғана емес материалдық әрі рухани мәдениеттің жалпыхалықтық лексикадағы көрінісі.
СОӨЖ 1. Диалектизмдердің бүгінгі лексикалық, стилистикалық статустары. 2. Диалектизмдердің көркем әдебиеттегі қолданысы мен өзге функционалдық стильдердегі кездесуі. 3. Диалектизмдер мен әдеби норма. 4. Қазіргі қазақ әдеби тілінің тірек диалектісі болды ма, болса қай диалект негіз болып танылады?
СӨЖ 1. Диалектизмдердің тілдік табиғаты. 2. Диалектизмдер мен қарапайым сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы. 3. Жалпыхалықтық тілдің бейәдеби формаларын рухани құндылық ретінде қарау.
2. Қарапайым сөйлеу тілі – әдеби тіл нормасынан тыс тұратын тілдік бірліктер, негізінен ауызекі сөйлеу тілінің элементтері қарапайым сөздердің әдетте әдеби тілдік эквивалентті болады. Олардың мағыналары көпшілікке таныс болып келеді, әрі таралу изоглосы болмайды, яғни еліміздің барлық аймақтарында ұшырасады. Басым көпшілік тұрпайы мағынада келетін, экспрессивті-эмоциональды реңкі бар тұлғалар. Сондықтан ресми жағдайдағы қарым-қатынаста қарапайым сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына жат болып саналады. Мысалы, оттама, былшылдама, сандалма, қазақша ызғытып тұр, қағып жібер, пысықай т.б. дегендердің мазмұны төмен болса, мисәлі (мысалы), сәбеп (себеп), әгер (егер), киттай (құрттай) т.б. дыбыстық құрамы жағынан «жарым-жан» сөздер. 3. Жаргон, аргон сөздер. Бұл топқа жататын сөздер негізінен жалпы халыққа түсініксіз, белгілі бір шағын әлеуметтік топтардың лексикасындағы жасырын, құпия мағынадағы сөйлеу тілінің элементтері. Олар тіліміздегі жалпыхалықтық лексика негізінде белгілі бір топтардың мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болған жасанды (искусственный) тілге жатады. «Байырғы кездегі қазақ қоғамында барымташылардың өздері ғана қолданатын жасырын сөздері болған. Мысалы, салық «зат мүліктерін қоятын жасырын жер» дегенді білдірсе, мас – етістігі» тұтқиылдан, көзіне көрінбей бас сал» дегенді білдірген. Қазіргі кезде жастар арасында сөзді «құпиялап» сөйлеу дағдығы байқалмайды. Алайда соңғы жылдары, әсіресе 1990-жылдардан бері, өздерін әлеуметтік жік ретінде сезіну күшейте түскендіктен болар, қазақ жастары арасында жаргон элементтерін қолдану үрдісі байқала бастады. Мысалы: көпелек, қума «ақымақ», базар жоқ «иә, мақұл», қораға кіру «қиын жағдайда қалу», қж болып тұр «қолайсыз жағдай болып түр» т.б. [45;8]. 4. Ескі жазба тіл элементтері қазіргі әдеби тіл нормасынан тысқары тұрады. Фаһим – «пайым», уәһим – «уайым», жазғыл «жаз», айла – «ет», «қыл», тоғра – «тура», екісі – «екеуі», өле жазып – «өле жаздап», жібергін – «жібер», бірін-бірін – «біртін-біртін», ашық, мағшуқ – «ғашық», намы – «заты», «аты, нәрсесі», жүрің – «жүр», дәру – «дәрі», зінжір – «шынжыр». Бұлардың ескі жазба тілге тән дүниеліктер екенін елеп-ескермей, парқын ажыратпай, оңды-солды жұмсау, әдеби тілдің мүддесімен үйлеспейді. [45:9] 5. Варваризмдер.Бұл топқа әдеби тіл нормасында жоқ шет тілдік сөздер жатады. Кейбіреулер звонда, конечно, почти, так что, если, и т.б. сөздерге үйреніп алады да, сөз арасында тықпалай береді. Мұндай сөздерді орынсыз қолдана беру тыңдаушысын мезі етіп, жағымсыз әсер қалдырады. Варваризмдерді уәжсіз, мақсатсыз қолдану тілдік түйсіктің, тілдік сананың төмен екенін көрсетеді. Ал номинациялық мұқтажды өтеу мақсатында қолданылатын шеттілдік атаулар мен терминдердің варваризмдерден қызметі өзгеше. Варваризмдердің көркем мәтінде, кейіпкер тілінде ұшырасатындығы белгілі. Жазушы кейіпкерлерінің портретін жасап, даралау үшін варваризмдерді эстетикалық қызметке жегеді. Мысалы: – Жарайды, болыс аккуратный кісі екен… Бұрын болыс болып па едіңіз? Еліңіз неше ауылнай? деді біреу. – Е, енді қазынаның жұмысы болғасын… Куратный болмаса қызмет болама… Куратный болмаса… Әркім обезін жұмысына әзір тұрмаса, гатовай тұрмаса… - деп, Оспан тағы қабаттасты да, соңғы сұрауларды ұмытып кетті… Оның орнына: – Біздің болыс жеті ауылнай; бұл кісі болыс болғалы екінші жыл, - деді, атқамінерлердің бірі (Ғ.Мүсірепов, «Тулаған толқында» 22 б.). «Орыс тіл білімінде «төменгі стиль» саналатын, ортақ атаумен «қала тілі» аталатын құбылыстар жиынтығы қазақ тіл білімінде бұрын басқа бір қырынан сөз болған. К.Аханов, Ә.Хасенов, Т.Қордабаев сынды ғалымдар өз еңбектерінде, сондай-ақ түрлі оқулықтар авторлары варваризм, арго, жаргон түріндегі стильді бұзатын, тіл мәдениетіне зияны тиетін құбылыс ретінде қарастырылып келеді. Әйтсе де бұл проблеманы тілші-ғалымдарымыз жалпы тіл атаулы бар жерде міндетті түрде болатын, белгілі дәрежеде тілдің дамуын көрсететін универсалды құбылыс деп қарастырған жоқ әрі олардың тілімізде пайда болуының әлеуметтік себептері де жан-жақты ашылып, талданған емес. Бұл, бір жағынан, әлеуметтік лингвистиканың қазақ тіл білімінде жетіле түскендігін танытады. «Қала тілі» проблемасы уақытқа қарамай тілімізде әрқашан болатын универсалды құбылыс екендігі анық, өйткені ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысып жатыр. «Тіл мен қоғам» арасалмағы айқындалған кезде бұл құбылыстың тіл мәдениетіне әсері терең зерттелетініне күмән жоқ». [54;197]
СОӨЖ 1. Қарапайым сөйлеу тілінің табиғаты мен стильдік қызметі. 2. Сөйлеу тілінің басқа элементтерінен (диалектизм, жаргон, арго сияқтылар) айырмашылықтары. 3. Қарапайым сөздердің әдеби нормаға қатысы. 4. Ескі жазба тілі.
СӨЖ 1. Әдеби сөйлеу тілі мен қарапайым сөйлеу тілі (бейәдеби сөйлеу тілі), ортақ тұстары мен өзіндік ерекшеліктері. 2. Кітаби сөзге (кітаби стильге) жататын тілдік бірліктер. 3. Тұрмыстық сөйлеу тілі. 4. Әдеби тіл нормасына жатпайтын әртекті (гетрогенді) элементтердің көркем шығармадағы қолданысы.
ҮІІІ МОДУЛЬ
+
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде лексика-фразеологиялық сөздік қоры аса мол, әр алуан кемел тілдердің бірі. Бұл байлықтың дені тілдің, оның иесі болып саналатын халықтың, ұлттың төлтума дүниелері. Ауыс-түйіс сөздер, фразеологизмдер жоқ емес, әрине, бар. Бірақ олардың үлес салмағы қазақтың төлтума сөздерінің санымен шендесе алмайды. Тілдегі әрбір сөз қолданылу жағынан болсын, білдіретін әр түрлі мәні мен реңкі жағынан болсын бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Табу мен эвфемизмдер – кез-келген ұғымның, заттың, іс-әрекеттің белгілі себептермен тыйым салынған атаулардың баламасына айналады. І. Табу дегеніміз – атын турасынан айтуға болмайтын зат, құбылыс, қимыл, іс-әрекет, оларды ым-ишарамен, өзге сөзбен білдірудің тәсілі. Табу – жай ғана тыйым емес, киелі нәрсені аяқ асты етуге болмайды, әйтпесе оның киесі атады деген қорқыныштан туындайтын тыйым. Дәстүрлі тіл білімінде әр түрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер т.б. негізінде қалыптасқан этнографиялық ұғымдарды этнографиялық табу деп, тыйым салынған атауларды алмастыратын сөздерді лингвистикалық табу деп атау бар. Этнографиялық табудың мағыналық ауқымы кең болса, лингвистикалық табудың өрісі тар, ол – этнографиялық табудың бір бөлігі ғана. Кеңестік тіл білімінде бұларға табу және эвфемизмдер деген терминдер телінеді. Табуды ауыстыратын, тыйым салынған ұғымдардың орнына жүретін, рұқсат етілген сөздер эвфемизмдер деп аталады [53 ;99]. Қате қолданыстан бұл термин екі түрлі лексикалық мағынаға ие болады: 1) тыйым салынған сөздердің орнына жүретін жасанды сөздер, 2) сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда оны жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер. Екіншіден, табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан. Эвфемизм табу сияқты қорқыныштан, үрейленуден туған сенімге емес, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді [35 ;126]. Үшіншіден, ауыстыра алатын қасиеті үшін ғана эвфемизмдерді табуға телудің реті жоқ. Әлеуметтік саладағы құбылыс – жаргондар мен арголар да бір сөзді екінші сөзбен алмастыра алады. Төртіншіден, эвфемизмнің семантикалық табиғаты табумен үйлеспейді. Осы айтылғандарды ескере отырып профессор Б.Сағындықұлы жаңа термин ұсынады: этнографиялық табуды ділдік табу, мен лингвистикалық табуды тілдік табу деуге болады. Сөйтіп, табу іштей екіге бөлінеді: 1) ділдік табулар, 2) тілдік табулар. Тікелей айтуға, хабарлауға тыйым салынатын (затқа, құбылысқа, қимылға, іс-әрекетке, сөз бен тілге т.б. байланысты) этнографиялық ұғымдар ділдік табуға жатады. Ділдік табулардың орнына жүретін, яки оларды алмастыратын қосалқы, жанама сөздер тілдік табулар болып есептеледі [73;88]. Қазақ тіл білімінде табуды тар шеңберде қарастыру оқулықтарда орнығып алған. Табуды тек мифологиялық, діни ұғымдармен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен тығыз байланысты қарау табуды зерттеудің негізгі принциптерінің біріне айналды. Шындығында, солай ма? Тіл – ұлттың жаны деген сөз бекер айтылмаған. Әдет-ғұрып, салт-сана, ұрпақ тәрбиесіне байланысты тәжірибе тағылымын халқымыз нұсқалы сөзбен өрнектеп, оған терең мазмұн сыйдыра білген. Жылдар бойы ауызша тарап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан тыйым сөздерді жинақтап, бір тақырып төңірегіне топтастыра қараудың бүгінгі күні қайсыбір халықтың дәстүр, игі салты ұмыт болып бара жатқан кезде мәні айрықша. Тәлім-тәрбие әлеуметтік өмірі тынысын аңғартатын байырғы наным-сенімдер, өмірден жинақтаған ұжымдық тәжірибені, өзге де деректерді іздесек, олардың тілімізде сақталған. Жарық дүние есігін ашқан адамға азан шақырып, ат қою – күллі халықта бар дәстүр. Бірақ ат қоюдың шарты, салт-жоралғысы, ырымы әр халықта әр түрлі болатындығы белгілі. Ертеректе қазақ тұрмысында қазанның құлағын қағып, жаңа туған баланың құлағына ата-анасы мақұлдаған атты үш қайтара дыбыстап айтатын болған. Қазақ халқының байырғы тұрмыс-салт жырларында, эпостарында кездесетін деректерге қарағанда, ат қоюдың өзгеше ырым жоралғысы болғандығы байқалады. Жаңа туған ер балаға мазмұны қарапайымдау бір атты қоя салатын болған. Бала алғашқы ерлігін жасағанға дейін шартты атпен жүреді. Бала өсе келе жұртты қуантарлық іс етсе, ерлік жасаса, соған орай мазмұны келісті ат беретін болған. Ат қоюдағы мұндай жоралғылар әсіресе, жаугершілік заманда қолданылған. Академик Ә.Марғұланның айтуынша, «Қорқыт» жырында Ұланға бірінші ерлік қадамын жасағанша ат қойылмайды. Оғыз бен қыпшақтарда, тағы да басқа түркі тайпаларында Ұлан белгілі сыннан өткенше, бірінші ерлік ісін өзі көрсетпейінше – оған ат қоймаған, ал 12-14 жасқа дейін шартты атпен (Боқмұрын, Итпай) жүрген [55.57]; «Немесе Ұланның көрсеткен ерлігі, жаужүректігіне орай оның есіміне түрлі эпитет сөздер (батыр, ер, қабылан, т.б.) қосылып айтылатын болған. «Сүйіншінің жасы қырыққа келгенде бала көрмей жүріп барып бір балалы болады. Ол баланың атын ноғайлы елі жиналып отырып: «Арғы атасы Қарадөң, одан туған Жұбаныш, өз әкесі Сүйініш қатарынан асқан ерлер еді. Мұнан туған бала да ер болар, мұның атын Бегіс қоялық. Егер ер болса, қатарына ер атағын қосармыз, - деп ойлайды да, бұның атын Бегіс қояды» («Қарадөң батыр») [39.60]. Міне, осындай деректерге қарағанда, бала өсе келе ел қорғаған батыр, ел құраған би, қоғамды көркейткен қайраткер болса, азан шақырып қойған атына әр түрлі жағымды эпитеттер қосарлана айтылады. Асан Қайғы, Әз Жәнібек, Ер Тәуке, Ер Еңсегей, бойлы Ер Есім, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке шешен, Қара Керей Қабанбай, Жалаңтөс баһадур, Сырым батыр сынды тарихи тұлғалар қалыптасқан эпитет немесе қосарлы айқындауышпен айтылады. Мұндай қосар сөздер, түптеп келгенде, халықтың аяулы азаматтарына берген жоғарғы атақ деуге болады. Ел-жұрт құрметтеп, барша қазақ қадір тұтқан ұлы тұлғаларды тұрақты эпитетпен айту этикеттік нормаға жатады. Мұндай ұлттық этикет нормаларынан бейхабар адам, әсіресе бұл жөнінде арнайы тәлім-тәрбие көрмеген оқушы жастар тарихи есімдерге қосарлана айтылатын эпитет сөздерге жете мән бермей, оларды тек номинативтік қызметтегі сөздер немесе кісінің азан шақырып қойған аты деп ұғады. Олардың этикетті мәні бар сөздер екенін байыптай бермейді. Сондай-ақ қазіргі кезде ресми жағдайда кісі есіміне қосарлана айтылатын профессор, доктор, жазушы, инженер, дәрігер, депутат тәрізділер – мамандық, кәсіп, атақ-дәрежені аңғартатын сөздер ғана емес, этикеттік қызметі бар атаулар. Бұлар ұлттық этикет нормасына кейіннен қосылған жаңалықтар. Байырғы қазақ тұрмысында кісіге ат қойып, айдар тағудың этикетке қатысты тағы бір әдет-салты болған. Ауылды жерде күні кешеге дейін ұл болсын, қыз болсын, азан шақырып қойған атымен ғана жүрмеген, оларға қосымша ат жамылып отырған. Мысалы, ертеректе жаңа түскен келін, тай мінген баладан таяқ ұстаған кәріге дейін сол ауылдың адамдарының атын тура атамай, жанама атпен атаған. Бұл салт қазақ тұрмысында ат тергеу [3] деп аталады. Ат қою мен азан шақырып қазанның құлағын қағып қойған ат тергеу екеуі екі басқа ұғымды білдіреді. Кісінің азан шақырып қойған есімі немесе оның ел-жұрты құрметтеп қойған аты я болмаса ата-анасының балаға жас кезде еркелетіп қойған есімі жалпыға ортақ болса, ал оның жанама аты туыстық қарым-қатынасы бар бір ғана адресантқа (немесе адресанттар тобына) тиісті болған. Ат тергеу тәрізді салтқа әуелде ат жасыру тәрізді табу негіз болуы ықтимал. Табудың бұл түрі ерте кездегі мифологиялық санаға байланысты қалыптасқан. Мұндай таным-түсінік бойынша дүлей күш иелері (жын, пері, дию т.б.) адамның шын атын білмеуге тиіс. Егер олар кісінің шын атын білетін болса, оны тура жолдан тайдырады деп түсінген. Қазіргі кездің өзінде ел ішінде әйел адам кетіп бара жатқан ер адамның атын дауыстап шақырмайды (жолы болмай қалады деген ырым). Ат тергеу салты әуелде осындай мифологиялық түсінікке байланысты пайда болған, бертін келе ондай мазмұннан арылып, этикеттік мәнге көшкен. Көркем әдебиеттен алынған мын бір үзік ел ішінде кездесетін осындай дәстүрлі әдет-ғұрыптың жарқын бір мысалы бола алады. «Манадан ешкімді кездестіре алмай тұрған әйел, асығыс болса да, аз кідіріп қарап қалған Байшегірге алыстан айғайлап: – Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем аулының жігіттері қайда жатады екен? Білсеңіз, жөн сілтеп жіберіңізші?» - дейді. Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен аулының жігіттері екенін аңғармай қалған Байшегір: – Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім… Пайғамбардың аулы болса да атын аташы! – деді. Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір қарап алды да: – Тәңірі деген жүзге жиырмасы жетпесе, сексен болмайтын ба еді! Сексен ауылының жігіттерін сұрамаймын, - деді енді турасынан тартып” (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке, 296-б.). Шаңыраққа түскен жас келін ата-енесінің ғана емес, ат тергеу салты бойынша күйеуінің жасы үлкен туған-тусқандарының да атын атамайды. Күйеуінің іні-қарындастарына да ат қояды. М.Әуезовтың «Абай жолындағы» Тоғжанның, Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі» Назыкеш, С.Мұқановтың «Ботакөзіндегі» Ботакөз т.б. жеңгелерінен сырын жасырмайды, олардың ақын-кеңесін тыңдап, біріне-бірі тілекші болады. Отбасындағы тату-тәтті мұндай қарым-қатынастың орнауына, сірә, ежелден келе жатқан ат тергеу тәрізді этикеттік қарым-қатынастың тигізер ізгі ықпалы аз болмаған. Ат тергеу салты, бір жағынан, от басындағы, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын қызмет атқарса, екінші жағынан мұндай салт адресаттың сезім күйін де көтеретіндей қызметте жұмсалған. Әдетте адамның азан шақырып қойған аты бейтарап реңкте болады. Онда ешбір бояу «әсірелеу» деген болмайды. Ал жеңге қайын сіңлі, қайын інілеріне көбіне мазмұны ұнамды, жағымды ат қояды. Кісінің азан шақырып қойған атымен (бұлар маркирленбеген атаулар) салыстырғанда Көзжақсым, Кенжетай, Шырайлым, Шырақ, Сал жігіт, мырза жігіт, молда жігіт, мырзажан, Ортаншым, Еркем, Еркежан, Қалқажан, Сері жігіт т.б. атауларда (бұлар макирленген атаулар) еркелету іштарту тәрізді сыйластық мазмұн, интимдік мән болады. Мұндай атаулардың құлақты үйіріп тұратыны сондықтан. Сөзге тапқыр әрі байқағыш жеңгелер қайынсіңлілерін пішінін, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын дәл бейнелейтін Еркекшем, жігітжан, қызтөре тәрізді қызғылықты ат та қоя білген. Көрнекті этнограф Х.Арғынбаев [8.2] өзінің этнографиялық зерттеулерінде ат тергеу салтына байланысты былай деп пікір түйеді: «Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, оған арнайы ат қойып, оны өле-өлгенше есінде сақтаулы үлкен әдептілік, көргенділік деп есептейтін де, ондай адамдарға барша жұртшылық дән ризалықпен қарайтын. Өйткені кіші үлкенді сыйласа, үлкен өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлау – халқымыздың қанына сіңісті болған абзал әдет». Сондай-ақ, табу бірыңғай ескі наным-сенімге, мифологиялық көзқарастарға ғана емес, дидактикалық ақыл-кеңестерге, тәлім-тәрбиеге, гигиеналық тазалыққа т.б. негізделеді: жағыңды таянба, аузыңды кере ашпа, ішегіңді тартпа, жер таянып отырма, қолыңды төбеңе қойма, қолыңды тарақтама, бейітке қолыңды шошайтпа, дәм мен дастарханды баспа, дастарханнан аттама, астың аузын ашық тастама, түннен қалған тамақты ішпе, нанды бір қолыңмен үзбе т.б. [73 ;87]. Қысқасы, тотемизмнің негізінде қалыптасқан тыйымдар, ғылыми түрде «табу» этнографиялық ұғыммен байланысты. Табу полинезия тілінен алынған, кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салу мағынасын білдіреді. [47.501] Табудың пайда болуы бүкіл адамзат тарихымен, әсіресе рухани дамудың төменгі сатыларындағы діни ұғымдармен тығыз байланысты. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табудағы кейбір жануарлар мен өсімдіктер «қасиетті» деп ұғындырылып, егер өз атын атаса, олар есітп, адамға немесе оның мал-мүлкіне зиян келтіреді деп қорыққаннан олардың өз атын атауға тыйым салынған. Бұл құбылыс – табуды лингвистикалық сипатқа көтереді. Өйткені жануарлардың аттарын ашық қолдануға салынған тыйымды өзгертуден басқаша атаудан, жасанды синонимдерді, дәлірек айтқанда, эвфемизмдерді тудырды. Мәселен, қазақ тілінде бөрінің атын тура атауға қаймығып, «қара құлақ, ұлыма, серек құлақ, ит-құс, қара ауыз» немесе «теріс азу, жиен» сияқты эвфемизмдерді қолданатын болған. Ғалым Ә.Қ.Ахметов зерттеуі бойынша «қазақ раасында қасқырға деген көзқарас екі жақты болып келеді. Біріншіден, қазақ қасқырды тотемдік жануар ретінде құрметтеген. Екіншіден, қазақ қасқырды малдың жауы, жыртқыш деп білген әрі одан магиялық нанымға байланысты, атын атаса малға шабады деп сескенген де». Сондықтан қасқырдың атын атауға тыйым салынған.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.02 с.) |