Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дыбысты ҚарастырудыҢ Үш аспектісіПоиск на нашем сайте ІҮ БЛОК
Адамның дыбыстық тілі - өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде (лат. аspestus – көзқарас, түр, сипат) қарастыру керек. Олар: анатомия–физиологиялық (биологиялық) аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық (функциональдық) аспект. Анатомия – физиологиялық аспект.Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Адам ағзасында тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы мүшелер жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. мүшелері қосымша қызмет атқарады. Ұзақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, дыбыстық тілге ие болды. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерін және олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелер сөйлеу аппараты деп аталады. Сөйлеу аппаратына: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б. Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолында орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген. Дыбыстарды жасауға қатысатын дене мүшелерінің қызметі алуан түрлі. Олардың ішінде дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы жиырылып, керіліп қозғалыста болады. Ауаның әсерінен керілген кезде дауыс шымылдығы дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыснемесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарға тонның қатысу дәрежесі әртүрлі болып, салдыр жетекші қызмет атқарады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді. Сөйлеу аппараттары атқаратын қызметіне қарай актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстарды жасауға көбірек атсалысып, жиі қимыл, қозғалыс жасайды. Актив сөйлеу аппараттарына жататындар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б. Ал пассив сөйлеу аппараттары актив мүшелерге қарағанда сирек қызмет атқарады, барлық дыбыстардың жасалуына қатыса бермейді. 2. Акустикалық (физикалық) аспект. Табиғаттағы сан алуан дыбыстар заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінде пайда болған дыбыстар бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созыңқылылығы жағынан ерекшеленеді. Тілдегі кейбір дыбыстарды аталған физикалық қасиеттері арқылы ажыратуға болады. Дыбыстың ырғағы бір секунт ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл көбейген сайын дыбыстың ырғағы да күшейе береді. Бір секунт ішінде 16-20 000 аралығында дірілден пайда болған дыбыстар ғана құлаққа естіледі. Дыбыс күші дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқына (амплитудасы) көбейген сайын дыбыс күші де үлкейе түседі. Дауысты дыбыстар (мәселен, а, ә) бір–бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келетіндіктен, олар негізгі тон мен көмекші тонның (обертон) бірлігінен жасалады. Тіл дыбысындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз. Мәселен, тоны жағынан бір-біріне жуық дауыстылар тіл, жақ, еріннің қатысуы нәтижесінде бір-бірінен ерекшеленеді. Тілдің ауыз қуысында ілгері, кейін жылжуы резонатордың формасын өзгертіп, дауыстылардың жіңішке, жуан болуына жағдай жасайды. 3. Лингвистикалық (функционалды) аспект.Тілдік қарым-қатынас тек дыбыстар арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы тілді адамдардың қатынас құралы дәрежісіне жеткізген оның әлеуметтік мәні. Осыдан барып дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология (гр. fono – дыбыс, logos – ілім) деп те атайды. Лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан қарайды. Лингвистикалық аспект тіл дыбыстарының табиғатын, қызметін, ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.) |