Дауысты жӘне дауыссыз дыбыстар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дауысты жӘне дауыссыз дыбыстар

І БЛОК

Тіліміздегі сөздердің дыбыстық жүйесін, олардың құрылысын, қолдану ерекшеліктерін, әр дыбыстың сапасын, жасалу жолдарын, т.б. қасиеттерін меңгеру арқылы нақтылы фонетикалық заңдылықтарды түсінуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар акустикалық және артикуляциялық қасиеттеріне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екі үлкен топқа топтастырылады. Олардың төмендегідей айырым белгілері бар:

1. Дауысты дыбыстар дауыс желбезегінің толық тербелуінен жасалады. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі аз тербеледі немесе дауыссыздарды жасауға мүлде қатыспайды. Басқаша айтсақ, дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады, ал дауыссыздар салдырдан жасалады. Мұнда тон қатысуы да қатыспауы да мүмкін.

2. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мысалы: адыбысын айтқанда дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады, жақ кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп, езумен айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, белгілі бір дыбыстау мүшелерінің қатысуымен ғана жасалады. Мысалы:  м дыбысы салдырдың қатысуымен және екі еріннің тез тиіп, ажырауынан жасалады.

3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Бұл дыбыстарды жіктеуде басты белгілердің бірі болып табылады.

Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Мысалы: ат, ет, от, өт, ұт сөздерінің құрамындағы тфонемасы дауыстылардың әсерінен әртүрлі реңкпен дыбысталады. Сол сияқты тілімізде дауыстылардың кейбір дауыссыздарға әсері күшті болады. Сондықтан қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстарды арнайы топқа бөліп қарастыру арқылы дыбыстардың жекелеген белгілерін тереңдей танимыз.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)