Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ДыбыстардыҢ тҮрлері жӘне дыбыстар тіркесіПоиск на нашем сайте Ү БЛОК ДЫБЫС, ӘРІП, ФОНЕМА
Адамның тілінің дыбыстық жағы сөйлеу кезінде іске асады. Ұзақ ғасырлар бойы дамып келе жатқан тіл, ең алдымен, ауыздан-ауызға ауызша айту нәтижесінде жеткізіліп келеді. Адам ең бірінші сөйлеуді үйренеді. Қазіргі қоғамымызда жазудың кең тарағанымен, айту маңыздырақ. Себебі әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазудан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Сөздің өмір сүру формасы дыбыс болғандықтан, үндемей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты болады. Ал әріп – сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әртүрлі халықтың таңбалары арқылы түрліше өрнектеуге болады. Мысалы: n, н, ب т.б. Дыбысты айтамыз және есітеміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. А.Байтұрсынұлы еңбегінде: «Дыбыс таңбасын қаріп деп атаймыз. Дыбыс пен қаріп екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін, естілмейтін нәрсе» деп дыбыс пен әріптің айырмасын нақтылап түсіндіреді [5] Дыбыс пен әріп бір нысанның екі түрлі қыры болғанмен, бірінен алшақтайтын тұстары да жиі кездеседі. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен, о, ө, ұ, ү), кейде бір әріп (ё, ю, я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, йа) таңбалайды. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні жоқ. Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермейтіндіктен сөздің жазылуы мен айтылуының арасында қиындықтар келтіреді. Мысалы: бала, ана, жер, азамат, қара, қызыл, кел, т.б. сөздердің жазылуы мен айтылуында соншалықты үлкен айырмашылық жоқ. Ал оқы, жанба, Нарынқол, басшы, Досжан, т.б. деген сөздер айтуда оқұ, жамба, Нарыңғол, башшы, Дошшан түрінде өзгеріп айтылады. Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің қызметінің жемісі. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы : дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстар – тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар ретінде қызмет атқарады. Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды жасауға, тануға, ажыратуға қызмет етеді. Мысалы: тас, жас, бас, қас, лас, мас, рас, сас сөздерінің әр басқа екенін бірден түсінеміз. Себебі бұл сөздердің дыбыстық құрылысы әртүрлі. Фонетикадан тағы бір маңызды болып табылатын бірлік – фонема. Фонема гректің рhonema (дыбыс) деген сөзінен алынған термин. Фонема – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық единицасы. Лингвистикада бұл термин дыбыстық тілдегі ең кішкентай бірлік мағынасында жұмсалады. Тілде бүгінде қолданылып жүрген тілдің ең кішкене бөлшектерінен басқа біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр түрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мысалы: он, өн, ұн, үн, ін, ән, ендеген сөздерде қарапайым түсінікке бір ғана н дыбысы бар. Егер мән беріп қарайтын болсақ, дауысты дыбыстардың әсерінен н дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулік болып дыбысталады. Дауысты дыбыстардың әсерінен әртүрлі реңкпен айтылғанымен, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Белгілі бір дыбыстың айтылуындағы ауытқушылық, реңкті тіл білімінде аллофон (гр. аllos – басқа) деп атаймыз. Фонема туралы ілімнің алғаш (1870) негізін салған – орыс және поляк тілдерін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ. Түркітануда және қазақ тіл білімінде бұрын-соңды айтылған пікірлерді, зерттеулерді сараптай келе, профессор Ә.Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін, ол үндіевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонемасәйкес келетінін, ал құрылым-жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған сингармемадеген атаудың лайықты болатынын дәлелдеді. Үндіевропа тілдері түркі тілдерінің құрылымдылық жүйесімен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары бары белгілі. Мысалы: орыс тілінің ерекшелігі бойынша сөз ішінде және буын ішінде жуан және жіңішке дыбыстар қатар тұра береді. Ал қазақ тілінің табиғатына бұл заңдылық сәйкес келмейді. Сондықтан қазақ тілінің ерекшелігіне сәйкес фонема мен дыбысты бір-бірінен жақын ұғым ретінде түсінеміз. СООЖ 1. Фонетиканың салалары. 2. Фонетиканың басқа тіл білімі салаларынан ерекшелігі. 3. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуіндегі алғашқы кезең. 4. Фонетиканың зерттелуіндегі қазақ ғалымдарының пікірлері. 5. Қазақ тілінің фонетикасындағы экспериментті-фонетикалық әдістің ерекшеліктері. 6. Адамның қарапайым тәжірибесінің фонетиканы зерттеуде қолданылуы. 7. Дыбысты қарастырудыға акустикалық аспектінің ерекшелігі. 8. Дыбыстың физикалық қасиеттері. 9. Фонетиканың лингвистикалық аспектісі. 10. Қазақ тіліндегі фонема туралы түсінік 11. Фонема мен дыбыстың ұқсастықтары. СӨЖ 1. Фонетика туралы түсінік. 2. Фонетиканың зерттеу нысандары. 3. Фонетиканы зерттеген қазақ ғалымдары. 4. А.Байтұрсынұлының қазақ тілі фонетикасының зерттелуіне қосқан үлесі. 5. Қ.Жұбанов және қазақ тілінің фонетикасы. 6. Экспериментті-фонетикалық әдіс. 7. Акустикалық әдістің фонетиканы зерттеуде қолданылуы. 8. Фонетиканы зерттеудегі физиологиялық әдіс. 9. Дыбысты қарастырудыға анатомия–физиологиялық аспект. 10.Дыбысты қарастырудыға акустикалық аспект. 11.Дыбысты қарастырудыға лингвистикалық аспект. 12.Қазақ тіліндегі дыбыстар. 13.Дыбыстың ерекшелігі. 14.Дыбыс және әріп.
ІІ - МОДУЛЬ
ІІ МОДУЛЬ
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.) |