Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕРПоиск на нашем сайте ІІІ БЛОК
Дыбыстық тіл күрделі болып табылатындықтан ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Дыбыстардың пайда болуы мен жасалуындағы ерекшеліктер акустикалық (физикалық) аспекті тұрғысынан акустикамен, белгілі бір дене мүшелерінің дыбыстарды жасауға қатысы тұрғысынан физиологиямен (анатомия) байланысты болып келеді. Сондықтан дыбыстардың табиғатын анықтауда аталған ғылымдарда пайдаланылатын әдістері қолданылады. Экспериментті әдіс дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін, қарқынын, созыңқылығын зерттейді. Сонымен қатар дыбыстардың артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек. Экспериментті-фонетикалық әдіс арқылы қалыптасқанэкспериментті(грекше – байқау, тәжірибе) фонетикада сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды пайдалану арқылы зерттеуде қолданылады. Экспериментті-фонетикалық әдіс екі топқа бөлінеді: 1) акустикалық әдісарқылысөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады; 2) физиологиялық әдіс (соматикалық әдіс) дыбыстар қандай дене мүшелердің қатысы арқылы жасалып тұрғанын, оның артикуляциялық ерекшеліктерін айқындайды. Акустикалық әдіс1) кимографтық әдіс; 2) осциллографтық әдіс; 3) спектрографиялық әдітерге іштей жіктеледі. Соматикалық әдіс 1) палатографтық әдіс; 2) рентгенографиялық әдіс; 3) кинофотоға түсіру әдісі болып үшке бөлінеді. Экспериментті фонетика қазіргі қазақ тіл білімінде де кең қолданылуда. Адамның қарапайым мүмкіндіктері сезіне алмайтын нәзік элементтер эксперименттік фонетиканың нәтижелері арқылы мүмкін болып, фонетиканың ғылым ретінде одан әрі дамуына зор ықпалын тигізіп отыр. Фонетика саласында жоғарыда аталған әдістерден басқа әбден қалыптасқан қарапайым әдістер де қолданылады. Қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны, үндесу заңдылықтары және т.б. ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы жете қалыптасқан. Мысалы: біздің артикуляциялық базамыз қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді деген заңдылықты сақтауға бейімделген. Осындай көптеген тұжырымдар жасау байқау мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.) |