Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІПоиск на нашем сайте ІҮ БЛОК ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны – 25, кейде 26. Бұл щ дыбысына байланысты туындап отыр. Фонетиканың бас оқулығы: Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң»дейді де, бұларды топтастырған кезде щәрпін қосады. Щ фонемасын созылыңқы ш(немесе қос ш) дыбысының таңбасы ретінде танимыз. Нақты айтатын болсақ, қазақ тілінде қос штүбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі: ашшы, кешші, ішші, ұшшы, башшы (басшы), жашша (жазша), ташша (тазша), қышша (қысша), кешше (кешсе), түшшү (түсші), бішше (бізше) т.б. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер лат. сonsonans - дауыссыз дыбыс ) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп болған жоқ. Мысалы: ат, ет, от, өт. Мұнда бір ғана т-ның төрт түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік (ат), жіңішке езулік (ет), жуан еріндік (от), жіңішке еріндік (өт). Осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәріне де бар. Ал у тек жуан еріндік (у)және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә. Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингормотиптен немесе 66 сингармодауыссыздан құралады». Басқаша айтқанда, 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б,ғ-г,д,ж,з,й,қ-к,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш.Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в,ф,х,һ,ц,ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны Н. Ильминскийден бастап кешегі 40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ, ғмен к, гарқылы берілетін жайлары да кездеседі. Сондай –ақ, й, у(кейде р, л) дыбыстарын кезінде А. Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі. 50-жылдардан бері қазақ тілі оқулықтарының бәрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп кеттік. Жоғарыда Ә.Жүніспеков көрсеткен в, ф, х, ц, чдыбыстары негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анық. Фонетиканың бас оқулығында акад. І. Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазақ әдебиет тіліне в, ф, ч, х тәрізді фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады: « Екі тілде (қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал хфонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады» (Қазіргі қазақ тілі. 1954, 132-б). Қазақ тіліндегі қтүбірде дауыстылар қоршауында тұрып, осы х-ға жуық (ахын, жахын, ыхылас, Ахан, ахыл, Жахан сияқты) дыбысталатынын жоққа шығаруға болмайды. Ал чдыбысының диалектілерде (сөз басында челек, чапан, чал түрінде) кездесетіні анық. Сонымен қатар әдеби тілімізде де тш, тжтіркестерін тчтүрде дыбысталады. Мысалы: ит жылы, ат шаптырым. Сондай-ақ атса, атсыз, етсіз, кетсе сияқты сөздегі тсдыбыстар тіркесі тц-ға жуық айтылады. Қазақ әдебиетіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, ғы, ды, жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, ұу, шы. Дауыссыздардың ішінде үнемі жіңішке айтылатын к, г дыбыстары зерттеушіледің назарын әр кез өзіне аударып отырған. Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П. Мелиоранский бұл (қ, ғ, к, г)төртеуінің анық естілетінін айтады. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Тіл құралында: «Қһәм ғдыбыстары һеш уақытта жіңішкермейді. Кһәм гыбыстары һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады» [8], - деп көрсетеді. Х. Досмұханбетұлы: «Дұрысында қ мен ғ дыбысының жіңішке түрін қ, ғ қылып таңбалау керек еді. Кмен г қарыптерін тастау керек едің деуін десе де, жазу тұрғысынан қарап, кмен г әріптерін қолдана беру керек»,- деп табады. Аталған дыбыстардың тіліміздегіерекшеліктері туралы зерттеуші Ж. Аралбаев: «бұл бір фонеманың аллафондары ғана. Тіліміздің даму барысында дербес фонемаға айналған болу керек» дейді. Оған керісінше, қ мен к-қатаң бір (к) фонемаға, ғ мен г –ұяң бір(г) фонема деген пікірді 20 жылдай дәлелдеп, айтып келген. Ә. Жүнісбеков қазақ тілінде 17 дауыссыз фонема бар деген тұжырымға келді. Мұны мойындайтын болсақ, біз де қырғыздар сияқты: қазақ, кіргіз, карга, кыз, жылқы, тагдыр деп жазып, қазақ, қырғыз, қарға, қыз, жылқы деп айтатын боламыз. Сөйлеу үстінде сөздер бірімен-бірі ұстасып, кірігіп, тұтасып айтылатыны белгілі. Мәселен, бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен түрде жазылған, айтуда барекенде (жоғекен) ашекенде (тоғекен) сияқты түйдектер құрайды. Бар, аш сөздерінің құрамындағы жуан, жіңішке р, шдыбыстары екеннің құрамына көшкенде (ба-ре-кен, а-ше-кен) жіңішкеретін болса, қ-дан бұл байқалмайды, ұяңданғаны болмаса, жіңішкерген сыңай танытпайды: жо-ғе-кен, то-ғе-кен, Жіңішке дауыстының қасында жуан қ, ғ тұра алмаса керек. Сонда бұларды жоғ екен, тоғ екен деп кіріктірмей айтатын шығармыз (қазір бұлай айту нормаға айналып барады). Ал енді, күзгі алма, жазғы алма, күзг алма, жазғ алма бола алмайтын шығар. Жаз-ғал-ма деп кіріктіріп айту жарасымын тауып тұрғанмен, күз-гал-маның күз-ғал-ма болмайтыны несі? Қазақ тілінде га, ка, ко, кы, құ, гы, ғұ, қе, ғе, қә, ғә, гі, қісияқты әріптер сөз тіркестерінің аралығында кездесе береді. Ал олардың айтылуын ойлап, тігісін жатқызып жүрген жан жоқ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің Енисей, Орхон, Талас жазуларында бұл күнде бір фонема түрде танылатын б, д, й, л, н, р, с, тдауыссыздары екі түрлі таңбаланған: жуан дыбыстар мен қатар келгенде бір басқа, жіңішкелермен тіркескенде екінші түрде болған. Бұлардың қатарында қ, к, ғ, г де бар. Және соңғы төртеу кейінгі жазулардың көбінде дерлік сақталған. Бұлардың өзгелерден жырылып қалып қоюы да тегін болмаса керек. Н. Уәлиев мұны былай пайымдайды: Қ мен к бір фонеманың, атап айтқанда, к фонемасының жуан, жіңішке реңктері. Олай болса, бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрақ қоюға болады. Әрине, кде, қда бір фонеманың әр түрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды, кфонемасының к, қреңктерінің, гфонемасының ғ, греңктерінің тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардың өзіндік ерекшелігі деуге болады» [31]. Бұлар өзге дауыссыздар секілді дауыстылардың ыңғайына қарай жуандап, жіңішкерудің орнына, керісінше, маңайындағы дауыстыларды өзіне икемдейтіні бар: ышқыр (іш құр), Бәйгелді (бай келді), Бәйгісі (бай кісі), Гүләйім (гүл айым), Күләш (гүл аш), Тәшкен (Ташкент), Шімгент (Шымкент), сәудегер (саудагер), көгәл (көк ал). Буын жігінде келген фонемалардың жуаны жіңішкеріп, жіңішкесі елеусіз түрде жуандап жатса, керісінше қ-ның к-ге, к-ның қ-ға өтуі біршама психологиялық дайындықты керек етеді. Сонда ғана қ, к, ғ, гдыбыстарының қатысуыменаралас (жуанды-жіңішкелі) болып жүрген сөздерді үндестікке бағындыруға болады. Мәселен: кәзір/қазыр, кәдір/қадыр, кәлпе/қалпе, қабір/қабыр, кәсит/қасиет, кәнден/қанден, қауіп/қауып, көрек/қорек т. б. Қысқасы, қ, к, ғ, г дауыссыздардың әзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады. Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны- 37. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонемалық қасиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонемалық қасиет орыс тілінен енген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан-жіңішке боп) фонема бола алмайды. Қазақ тіл мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, ш. Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, һ. Қазақ тілінде бұрын болмаған орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч. Ү БЛОК Дауыссыз дыбыстар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі. Олар: 1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай: А) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у; ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з; б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч; Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер делінеді. Дауыссыз дыбыстардың бұлай жіктелуіндегі ерекшелік дауыстың және салдырдың қатысуы дәрежесіне байланысты. Үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайды). Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ, қтүрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағой болып кетеді деген сұрақтарға нақты жауап беруге болады. 2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай: А) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң; ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, ғ, л, й, у; б) Діріл дауыссыз: -р. Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады, бірақ ауа бір жола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады. 3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай: А) ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, в, ф, м, у; ә) тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң, л, р, й; б) көмей (фарингаль) фонемасы: - һ. Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у)және ерін мен тіс (ф, в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п, б, м,)немесе дөңгелене жуысып (у)тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады. Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады. Тіл фонемалары үшке бөлінеді: А) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р; ә) тіл ортасы: й; б) тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х. Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т.б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның практикалық мәні де аз. Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерінің қатысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгерін түсіну де түсіндіру де мүмкін емес.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.01 с.) |