Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Буынның дыбыстық құрамыПоиск на нашем сайте СООЖ 1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі. 2. Дыбыстарды дауысты және дауыссыз деп бөлудің ұстанымдары.
СӨЖ 1. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың ерекшеліктері. 2. Дауысты дыбыстардың құрамы. 3. Монофтонг дыбыстардың ерекшелігі.
СООЖ : 1. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесі. 2. Дауысты дыбыстардың жіктелуі. 3. Дауысты дыбыстардың айтылу ерекшеліктері. 4. А және ә, едыбыстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 5. Ұ,ү және у дыбыстарының ұқсастықтары мен ерекшеліктері. 6. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтар. 7. Айтылуы мен жазылуында сәйкес келмейтін дауыстылар. 8. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың зерттелуі. 9. Қазақ және орыс тілдеріндегі дауыссыз дыбыстар. 10. Орыс тілінен енген дауыссыз дыбыстар.
ІІІ Модуль
Буынның дыбыстық құрамы
III МОДУЛЬ
БУЫН, БУНАҚ, ЕКПІН І БЛОК ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БУЫННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ Сөздер айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектер – буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек. Буын тікелей дауысты дыбыстарға байланысты. Сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда ауа еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен (леппен) тікелей байланысты болады. Буын – осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Буынға тән сипаттар: 1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы, бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді. 2. Буында мағына болмайды.Кейбір сөздердің әр бір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мәселен, ат-ты-лар-ға дейтін төрт буынды сөздің 1-буыны (ат) –түбір, 2-буыны (ты) – сын есім тудыратын жұрнақ, 3-буыны (-лар) – көптік жалғау, ал 4-буыны (-ға) – септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болу міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-ды т.б. 3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Буынның жуан, жіңішкелілігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты. 4. Қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды.Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы. Сондықтан да байырға сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Реалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел сөзі (стол) осының айғағы. Ал Октябрь революциясынан бергі кезеңде орыс тілі арқылы енген сөздер (буындар) екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, студент, процент, транспорт, спринт, стратегия т.б. Бұларды осылай жазу және айту - әдеби норма түрінде танылады. Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос (екі) дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Бірақ онда ғылыми негіз жоқ. 5. Бас (бірінші) буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. СӨЖ 1. Тілдегі буындардың қызметі. 2. Буын дегеніміз не?
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.) |