Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
АзаҚ орлфграфиясы мен орфогрфиясыныҢ дамуыПоиск на нашем сайте СӨЖ 1. Протеза болатын дыбыстар. 2. Қысаң дыбыстардың дыбыстық құбылыстарға қатысы.
СООЖ 1. Дыбыстық құбылыстардың пайда болу себептері. ІІ БЛОК ТIЛ ҮНДЕСТІГI Адамның тілі – дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылық, жүйе болатыны айтылды. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика – артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуінемесе үндестік заңыдейміз. Фонетиканы жақсы меңгеру арқылы қазақ тілінің үндестік заңын аңғаруға, айқындауға болады. Мәселен, қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның немесе сөз бен сөздің арасында қатаң қ, к, пдыбыстарының дауыстылармен (сондай-ақ үнді, ұяңдармен де) қатар тұру мүмкіндіктері жоқ деуге болады. Ал морфемалардың құрамында бұлар қатар тұра да, айтыла да береді: апа, әке, ақыл, - еке (Асеке, Қалеке, басеке). Мұны тарихи дамудың нәтижесі. Әсіресе, морфемалардың аралығында (мұны жігінде, жапсарында деуге болады) қатар келген дыбыстар (буындар) бір-біріне әсте немқұрайды қарай алмайды, олар акустика-артикуляциялық жақтан үнемі бір –біріне жуықтап, өзара үйлесіп, тіл табысып тұрады. Қазақ тілінде көбіне алдыңғы дыбыс (буын) өзінен кейінгі дыбысқа (буынға) ықпал етіп, игереді. Мұны тіліміздегі қосымшалардың көпвариантты болып келуінен көруге болады. Мәселен, бір ғана көптік жалғауы тоғыз вариантта ұшырайды. Оның аталуы (-лар, - лер, -дар, -дер, -тар, -тер) орфонографиялық норма болып есептеледі де, қалған үшеуі айтуда ғана кездеседі. Олар: -лөр, -дөр, -төр. Бір жалғаудың бұлайша көп вариантта болып келуі сөздің соңғы буынына және дыбысына байланысты болады да, тіліміздің тарихи дамуының нәтижесі түрінде танылады. Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән негізгі үндестік заңдар төмендегідей: 1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады. 2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді. 3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады. 4. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады. 5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша тек қатаңнан басталады. Бұл заң әсіресе түбір мен оған жалғанатын жалғаудың арасында жақсы сақталады. Ал жұрнақтар туралы бұлай деу бір жақтылау болып шығады. Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттарын нақты білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы аңғаруға және түсінуге болады. Олай болса, тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп бөлу, оларды сан және сапа жағынан айқындау, әр дыбысқа тән белгі-қасиеттерді мұқият оқып, үйрену – алдымен осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының сырын, сипатын білу үшін, айқындау үшін қажет.
СӨЖ 1. Үндестік заңының пайда болу себептері. 2. Үндестік заңының тілдегі көрінісі.
СООЖ 1. Қазақ тілінің ең негізгі заңы – үндестік. 2. Дыбыстардың үндесуіндегі ерекшеліктер.
ІІІ БЛОК ДЫБЫСТАРДЫҢ АЛМАСУЫ
Тіліміздің ауызша формасында дыбыстардың заңдылықтарын барлық шебінде ұстайды. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбыс көбіне өзгеріссіз жазылады. Мысалы: жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанған (жоқ) сияқты формаларда түбірдің бастапқы қалпы сақталып жазылады. Алайда осындағы нәрпі үш сөзформада үш түрлі дыбысталады. Тілдің табиғатын, фонетикалық заңдылықты жақсы білгенде ғана мұның себебін нақты білуге, түсінуге болады. Егер әлгі сөз формаларының құрамындағы нб, нғтіркестерін дәл осылай (жазылуындай) айтатын болсақ, тіліміздің ғасырлар бойы дамуының нәтижесінде қалыптасқан үндестік заңына нұқсан келеді. Бұл заң бойынша нб, нғ тіркесі дауыс қатысы жағынан сәйкес келгенмен, айтылуы (артикуляциясы) жағынан оралымсыз; сонда қос ерін бөзінің өзінің алдында тіл алды н-дан гөрі қос ерін мтұруын, ал тіл арты ғөзінің бұрын тіл арты ңтұруын талап етеді. Соның нәтижесінде нбтіркесі мб (жамбады), нғтіркесі ңғ (жаңған) болып айтылады, яғни н дыбысы бірде м,енді бірде ңдыбысына өзгереді деп айту жиі кездеседі. Бұл жерде ол (н)жағдайға байланысты уақытша орнын береді. Ал оны алмастырған м, ңдыбыстарының да осы тұрысында (жамбады, жаңған) ешқандай фонемалық мәні жоқ. Алайда олар (м, ң)айтылатын, естілетін болғандықтан дыбыс деп танылады. Сондай-ақ: қарағой (қара қой), ағешкі (ақ ешкі), тарағы (тарақ –ы, қабы (қөап –ы) дегендер де дыбыс алмасулары деп қарау керек. Мұндағы алмасулар (қ –ғ, п-б, б-п) көрші дыбыстардыңі бірін-бірі дауыстың (салдырдың) қатысы жағынан игерудің нәтижесінде болып тұр. Морфемалардың жігінде қатар келіп, акустикалық немесе артикуляциялық жақтан, тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екіншісінен (әлсізінен) өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді. Алмасу -альтернация (лат alternation, орысша чередование) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеріп кетуі. Әңгіме морфеманың дыбыстық құрамы туралы болғандықтан, мұның өзі морфонологияның да обьектісі бола алады. Мұны былай түсіну керек: жан, жанбады, жанған – үш түрлі сөзформа; олардың лексикалық мағыналары бірдей, себебі түбірі (жан) ортақ. Сондықтан оның (түбірдің) дыбысталуы да бірдей болса керек еді. Алайда бірдей емес. Біріншісінде – н,екіншісінде – м, үшіншісінде – ң дыбысына аяқталып тұр. Яғни үш сөзформаның құрамында кездесетін бір морфема (жан) үш түрлі дыбысталады. Алмасу туралы бір морфема кемінде екі түрлі айтылған жағдайда ғана ойлауға болады. Осы тұрғыдан жал, сал, шал дегшендерде ж, с, шалмасып тұр деуге болады. Өйткені бұл дыбыстар өзара алмасуға бейім келеді. Дегенмен бұлай «алмасуда» ешқандай мән-мағына жоқ. Өйткені олар бір-біріне еш туыстығы жоқ, әр түрлі морфемалар (сөздер). Сондай-ақ: палуан-балуан, палау-балау, пайым-байым сөздерінің басқы дыбыстары алмасып тұр деуге болар еді (п-балмасқыш дыбыстар). Алайда алмасуға берілген анықтамада айтылғандай, бұл құбылыс «көрші дыбыстың әсерінен» болатынын есте сақтау керек. Ал палуан-балуан екі түрлі айтылатын болса, ол көрші дыбыстардың ықпалынан болып тұрған жоқ. Бұл – экстралингвистикалық (бөгде тілдік) жағдайдан туған сәйкестік. Бұлармен салыстырғанда әр түрлі қосымшалар мен кейбір шылаулардың (да, де, та, те,қой, ғой, қана, ғана)басқы дыбысының құбылып келуі себебін үндестік заңы тұрғысынан оп-оңай түсіндіруге болады. Дыбыстық алмасу – фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстардың) нәтижесі мұны комбинаторлық (лат. combinare – біріктіру, тіркестіру) немесе позициялық (лат. positio – жағдай шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. spontaneous – кенет пайда болған, байланыссыз) өзгеріс түрде танылады.
СӨЖ 1. Дыбыстық алмасуға ұшырайтын тіркестер. 2. Дыбыстық алмасуға қатысатын дыбыстар.
СООЖ 1. Дыбыстық алмасудың себептері. 2. Қазақ тіліндегі ерекшеліктері.
ІҮ БЛОК ЫҚПАЛДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Үндестік заңы сөз ішінде немесе сөз аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфеманың аралығында (жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында боладжы. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар (көп буынды сөздер) тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы (бұл көбіне бір буынды болып келеді) тілдің қатысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның, дала-ға, қасиет-ті, қасиет-і. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ықпал ете алады: үй-гө,үй-дү, өс-үр, өс-үп. (Буындардың бір-біріне ықпалы сингарманизмге айтылады). Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады: а)дауыс (салдыр) қатысына қарай және ә) айтылу орнына (артикуляциясына) қарай. Мұның біріншісін акустикалық екіншісінарткуляциялық ықпал дейді. Қазақ тілінде морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы (яғни алдыңғы морфеманың соңғы дыбыс) кейінгісіне (яғни кейінгі морфеманыцң басқы дыбысына) дауыс (салдыр) қатысы жағынан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады. Мұндайда дыбыстардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан, әрқашанда басқа дыбыстарға ықпалын жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан әлсізі – үнсіз дауыссыздар. Сөйте тұра, қатаңдар мен ұяңдар әсте тіл табыса амайды. Қатар келгенде кейде ұяңдар қатаңданып, кейде қатаңдар ұяңданып кетуге мәжбүр. Түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын дауыс (салдыр) қатысы жағынан әрқашанда тәуелді етіп, игеріп тұрады. Үндестік заңында дыбыстардың осы қасиеті қатты ескеріледі. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстардан кейін тұрып та ықпал ете береді: қабы (қап-ы), тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і). Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азда-көпті ықпал етіп тұрады. Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепші болады: жаңған (жан-ған), жамбады (жан-бады) – артикуляциялық нәтижесі. Дегенмен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын-ала ыңғайласып, үйлесіп келетіндіктен дыбыс алмасулар да онша көп емес. Бұларға қарағанда, сөз бен сөздің жапсарындағы дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды. Олай болатыны, лексикалық единицалар (сөздер) қосымшалар сияқты көп вариантты емес, олар сөйлеу үстінде өзара жымдасып, үйлесіп айтылады. Алмасу фонетикада негізгі және алғашқы түсініктердің біріне жатады. Алмасу болу үшін көрші екі дыбыстың (буынның) күштісі әлсізіне акустика-артикуляциялық жақтан ықпал етіп, өзіне бейімдеп, игеріп тұрады. Бұл комбинаторлық (игерулі) алмасу делінеді. Көрші дыбыстардың (буындардың) бірі игеріп, екіншісі соның ықпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудің өзі екі түрде болады: а) толық игеру– діл өзіндей ету; ат-ты,кес-се, тарақ-қа, қаппен, ашшы (ас-шы); жартылай игеру -өзіне жуықтату, - бейімдеу: ат-қа, кес-ті, тарақ-ты, қап-қа, ас-ты, аш-ты. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола бермейтіні есте болуға тиіс. Өйткені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын-ала ыңғайланып, үйлесіп келеді, тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға мәжбүр болады. Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады. 1. Ілгерінді (прогрессивті) ықпал –алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. Бұл – бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Көрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс (салдыр) қатысы жағынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі ілгерінді ықпалға негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады. 2. Кейінді (регрессивті) ықпал –прогрессивті ықпалға қарама-қарсы , кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі. Соңы қ, к, пқатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың регресивті ықпалына ұшырайды.: тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы). Регресивті ықпал күрделі сөздердің (әсіресе кіріккен, біріккен түбірлердің) буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел). Дыбыстардың акустикалық жақтан үндескенімен, артикуляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жан-бады), сөңген (сөн-ген). Прогрессивті және регрессивті ықпалды былай да түсінуге болады: «Түбір дыбыстары мен қосымша дыбыстарының үндесу бағыты екі түрлі: бірінде – түбірдің соңғы дыбысының, не соңғы буынының ауанына қарай, қосымша дыбыстары өзгереді; екіншісінде – қосымша дыбыстарының ықпалымен түбір дыбыстары өзгереді. Алдыңғысын ұмтыла үндесу дейміз де, соңғысын тартына үндесу деуміз». 3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері. Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның өзінде де сөз бен сөздің арасында ұшырайды: а) Амангелді (Аманкелд), қаңғызыл (қан қызыл), оңғой (он қой). Сөйтіп, көрші дыбыстардың алдыңғысында нқ, нктіркестері –ңғ, ңг-ге, кейінгісінде сжтіркесі шш –ға айналады. Көбіне алдыңғысы кейінгіге, кейде кейінгісі алдыңғысына, ара-тұра ілгерілі-кейінді ықпал етіп, бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп тұрады. Көрші буындардың арасында да осыған ұқсас ықпалды аңғаруға да болады. Тек тоғыспалы ықпалға ұшырап, екі буынның бірдей өзгеруі байқалмайды. Бір-біріне ықпал етіп, үндесетін дыбыстар морфемалар аралығында қатар келген жағдайда ғана болады дедік. Соның өзінде кез-келген сөз бен сөздің (яғни кейінгі морфема сөз түрінде келгенде) аралығындағы дыбыстар (буындар) ықпалға ұшырай бермейді. Тек көрші сөздер бір бунаққа еніп айтылғанда ғана ықпал туралы айтуға болады.
СӨЖ 1. Дыбыстардың бір-біріне әсері. 2. Дауысты дыбыстарды әсері.
СООЖ 1. Қазақ тіліндегі ықпалдың түрлері. 2. Ықпалдың іске асатын позициялары.
Ү БЛОК ЕРІН ҮНДЕСТІГІ
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде танылады. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды» (283-б). Ал келесі бетте мынадай жолдар жазылған: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр. Бұдан шығатын тұжырым: қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү,)келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері жазылса, онда оларға(е, ы, і) еріндік (ө, ұ, ү,)дауыстылардың міндетті түрде әсері болады. Тіпті «Қазақ тілінде өзге түркі халықтарының тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ» - дейтін автор да: «құлұн, жұлұн, төсө сияқтанып естіліп тұрса да» - дейді. Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықова да ерін үндестігі туралы өз зерттеуінде былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ,ү,у,о,өдыбыстары және екі дауыстының ортасында келген удыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, ідыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатып естіртеді. Мысалы: кү-ліп, құ-лын, бү-гін, о-рын болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүсті». Сол сияқты сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ө дыбысы келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырай естіртеді, бұл әсердің күші үшінші, төртінші буындарды әлсірей түседі. Мысалы: ө-нер, кө-ре-ді, ө-сер деген сөздер өнөр, көрөді, өсөр болып айтылады. Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі байқалатын сөздерді жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе, екінші буындағы е дыбысын э етіп, өнэр, өрэн, үлэс түрінде айтылушылық байқалады. Бұл, әрине, қате. Ал «қолтық, қойдыр, құлдық көзде сияқты сөздердің екінші буындарындағы ы, і, едыбыстарының езулік болып айтылуы сәл солғындау (күмүс, өнөр дегенге қарағанда)» Ғалымның айтуынша, тілімізде еріндіктер екінші буынның өзінде «жуықтаңқырап», солғындау естіледі. Мұның өзі қазіргі айтуға негізделген деуге болады. Фонетика үшін сөздің жазылуы емес, айтылуы, естілуі маңызды екені даусыз. Еріндіктердің орнына езуліктерді жазу – орфографиялық норма, бірізді жазу үшін қажет. Өйткені ерін үндестігінің қанша буынды қамтитындығын нақты білмей тұрып, еріндіктермен жазған жағдайда ала-құлалық болмай қоймайды. Ал, жазудың орфографиялық норманың басты қағидасы – бірізділік. Ерін үндестігі, оның күшін анықтауға байланысты пікірлер алалығы сөздің бірініші буынынан басқа буында ерін дауыстыларының жазылмауынан болып отырған жоқ. Жазудың жетегінде кетіп, солардың айтылуын қадағаламаудан, ескермеуден пайда болып отыр. Қазіргі кезде, әсіресе жастардың тілінде тіпті екінші буында да (өлең, өнер, күлкі, түлкі сияқты сөздерде еріндіктерді айтпау заңдылыққа айналды деуге болады. Бұл үшін, әрине жастарды кінәлауға болмайды. Оқулықтың өзі «еріндік дауысты дыбыставр үндестігі жоқ» десе, қарапайым тұтынушы оны қайдан ескере берсін. Еріндіктерді «бас буыннан басқасында келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді» - деп жазуда шектеген А.Байтұрсынұлы екені белгілі. Бұған қарағанда, олар бас буыннан басқа буында айтылмайтын сияқты. Ерін үндестігін аңғарып, айқындау үшін орыс тілді зерттеушілердің қазақ тілі жөніндегі еңбектерін екшеп, зерделеу керек болды. Сол үшін де біз оларға біраз тоқталған едік. Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі түркологтар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы көруге болады. Академик В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречи» деп аталатын даңқты еңбегінде қазақ (кітапта қырғыз деп берілген) сөздерін мол қамтыған. Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған. Ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айқындау мүлдем қиын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін: бөлтүрүк, дүрүлдө, тоқшұлұқ түрінде жазған. «Түркологияның атасы» аталған акдемик В.В.Радловты сөздерімізді бұзып жазған деуге ешқандай хақымыз жоқ. Қазақ тілінің грамматикасын жазған профессор П.М.Мелиоранский қазақ сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүң, төрөлөргө, төрөлөрдө, төрөлөрдөн, төрөлөрдө, төрөлөрдөй деп септеп, жүдөгөй ,жүдөгүймүн, жүдөгүйсүң, жүдөгөйсүз деп жіктейді. Оның айтуынша, ерін үндестігі қазақ, қырғыз тілдерінде ұқсас, тек қазақ тілінде одыбысы бірінші буында ғана айтылады. В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранскийде де: ”Сонда Тарғын сөйлөйдү, сөйлөгөндө бүй дейді”деп келеді. Ал бұлардың түсінігінде, жазуында (дәл мәселеге байланысты) жаңсақтық, білместік бар деуге әсте аузымыз бармайды. Қайта жазуды күйттейміз деп жүріп, тіліміздегі осы бір жарасымдылықтың қиюын қашырып, құнсыз етіп алсақ керек. Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін удауыссызы да өз айналасындағы қысаң дауыстыларға (жазуда – ы,і, е) азды-көпті әсер етеді. Мұны кезінде В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранский де байқаған. Мәселен, В.В.Радлов сөздігінде: «дәурөн, дәулөт, даусұ, аузұ, ұқшұл, ал П.М.Мелиоранскийде: біредұ, таудұң, ауұздұқ т.б. түрде ұшырайды. Сингармонизм – тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан заңдылық, өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің табиғи жарасылымдылығына ерін үндестігі де жатады. «Ерін үндестігі өткен ғасырлар ішінде күшті болған, енді әлсіреп құрып барады» (академик Н.Сауранбаев) десек, оған себеп, біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің құнтсыздығымыз болса, екіншіден, артикуляциялық базамыздың дамуы, ерін үндестігі жоқ көрші тілдердің әсері деп қарау керек [22]. Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін еріндік дауыстылар мен езулік дауыстылардың көрші буындарда қатар тұру мүмкіндіктерін ескеру керек. Сонда екі буынды сөздерде тек ашық аезулігінің ғана о, ұеріндіктерінен кейін тұру мүмкіндігінің барын көруге болады: ора, орақ, отан, қола бұта т.б. Қалған жағдайда еріндіктер мен езуліктер бір сөз ішінде қатар айтылмайды. Әсіресе еріндіктерден кейін езуліктің айтылу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Тек мазмұн, мақұл, мақұлық, марқұм, мәжнүн, куә, күнә, мәжбүр, дәстүр деген сияқты санаулы ғана кірме сөздерде бұл заңдылық сақталмауы мүмкін. Ашық ажәне әезуліктерінің өздерінің ашықтығының арқасында еріндік дауыстылармен еркін қатынасқа түсу мүмкіндіктері бар. Алайда тілдің табиғи жарасымы оларды да шектеп қойған. Еріндіктердің езуліктермен қарым-қатынасының барынша шектеулі болуы, еріндіктердің өзара (о дыбысынан басқалары) мидай араласып жататыны, яғни тілімізде ерін үндестігінің барын қуаттайды. Сингармонизмнің мәні мен сәнін құрауға тіл және ерін үндестігі тең қатысады. Ерін үндестігінің күші, жұрт айтып жүргендей, екі буынмен шектелмейді. Бірінші буында дөңгеленіп, сүйірленіп алған ерін екінші буында (ашық а дыбысы болмаса) тез жайылып өз қалпына келмейді және ол үшінші буында да аяқтала қоймайды [22]. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков ерін үндестігін тіл үндестігімен қатар қояды: олардың тілдегі қызметі мен маңызы, қолданылуы ұқсас екендігін, ерін үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге әсте болмайтынын айтудай-ақ айтып, дәлелдеп жүр. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған Ұ.Шүленбеава да осы пікірді қуаттап, көп буынды сөздер тұтасымен еріндік болып айтылады дейтін тұжырым жасады. Қазақ тексінің айтылуын күйттеген еңбектерінде Ж. Әбуов, Ә.Жүнісбеков мұны іс жүзінде жақсы көрсетеді, еріндік дауыстылардың шідерін шешіп, тілдің табиғи болмысын танытады. Егер тілдік норма сол тілді тұтынушылардың басым көпшілігінің қолдану практикасына негізделеді десек, әдетте норманы айқындауда осындай критерий алынады, онда қазіргі қазақ тілінде ерін үндестігі «енді әлсіреп құрып барады» (Н.Сауранбаев) дегенді де қойып, бір жола жойылды десек те болар еді (қазіргі қазақ лингвистерінің көбі осылай ойлайды). Мұның өзі тілдің табиғи дамуынан туып отырған жоқ, тағы да қайталап айту керек, қолдан жасалған жазу нормаларының нәтижесінде жеделдеп отыр. Ерін үндестігінің сұлбасы ауызекі тілімізде сақталса керек еді. Бұл мәселені арнайы зерттеген авторлар: «Сөздің бірінші буынында ерін дауыстылары келген жерде екінші буындағы қысаң және жартылай қысаң дауыстылардың еріндік сипатқа ие болуы – тілімізге тән заңдылық. Мысалы: дөңгөлөк, бөдөнө, жұмұр т.б.» - дейді де, келесі сөйлемде: «үшінші буындағы дауыстының ерін ықпалдығына шалдығуы оншалық емес», - деген қорытындыға келеді және сол екінші буыннан асырмауға тырысады. Тек 51-бетте бөгөлөк, өрөскөл, бүлдүргү, 73-бетте көбүрөк, сол 51-бетте бір сөз түсүнүктү болып кетіпті. Авторлар қазіргі оқыған қауымның ауыз-екі тілін айтып отырған сияқты. Қазақ тілінің алғашқы орфоэпиялық сөздігінде С.Кеңесбаев пікірі басшылыққа алынған, яғни екінші буында еріндіктер жазылып, үшінші буынға емеурін (арнайы белгі қойып) жасалған. Одан кейін дүниеге келген сөздік екінші буынмен біржола шектелген. Тек араға 15 жыл салып жарық көрген үшінші сөздікте ғана ерін үндестігі біршама шешім тапқан. Сөздіктің авторы белгілі ғалым М.Серғалиев ерін үндестігі «үшінші буында да айқын байқалады, - деп алады да – ол әсердің әлсіздігі, мүмкін төртінші, бесінші буындарда байқалар. Мәселен: өгүз (жазылуы өгіз) деп айтқанға ешбір қазақтың таңданбайтыны белгілі. Сол сияқты өгүздүң (жазылуы өгіздің) дегеннің қандай қателігі болмақ? Тіпті өгүздөрүң (жазылуы өгіздерің) дегеннің де айыбы жоқ сиқты. Ал өгүздөрүңе (жазылуы өгіздеріңе) дегенде соңғы дыбыстың жазылуынша е (одыбысы емес) дыбысының айтылуы орынды, - деген қорытындыға келеді. Сөздікте үшінші, төртінші, ара-тұра бесінші буында да, еріндіктер жазылған. Мысалы: өзгөрүссүз, өкүнүштү, өмүлдүрүк, өршөлөнгөн, т.б. Біз мұны құптаймыз. Үндестік заңы, еріндік дауыстылардыцң тіркесі бабалар тілінде осылай болғанына күмәніміз жоқ. Қазіргі айту, жазуға құлағы, көзі үйренген жұртқа бұл, әрине, өгей де жат [22]. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: қазақ тілінде ерін үндестігі болған және оның күші санаулы буынмен шектелмейді: алдыңғы буында дауысты о, ө, ұ, ү сондай-ақ дауыссыз удыбыстары болса, келесі буындарда жазылған е, ы, іәріптері айтуда ә, ұ, үеріндіктеріне айналады. Мысалы: қорұтұндұсұ (қорытындысы), құлұнұмдұ (құлынымды), әуөстөндүрүп (әуестендіріп), өздөрүңүзгө (өздеріңізге); Сонымен ерін үндестігі де тіліміздің өзіндік жарасымын танытады. Әсіресе екінші буындағы еріндіктің езулік болып айтылуы сөздің дыбысталуына ғана нұқсан келтіріп қоймайды, тіпті бірінші буындағы еріндіктің анық айтылмауынан сөз мағынасының бұзылу қаупі байқалып жүр. СӨЖ 1. Ерін үндестігінің пайда болу себептері. 2. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің көрінісі. СООЖ 1. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі туралы көзқарастар. 2. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігінің даму дәрежесі. Ү Модуль
Ү МОДУЛЬ
І БЛОК
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ МЕН ЕМЛЕСІНІҢ ДАМУЫ
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі қай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстық жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі құбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дәл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшақтықтар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нәтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан әрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын қамтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондықтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жетілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі. Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтықтар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі ХХ ғасырда қоғамдық қажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша және жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді. Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды [28,178]. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы қаулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен қытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаған жылдарға созылған жазу үрдісі бар халықтардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен қызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы – араб таңбаларын, одан кейін оншақты жыл (1929-1940) қолданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап қабылданған кириллицаны пайдалануға мәжбүр болған қазақ сияқты халықтың әр жазудың емлесінде дәстүрі қалыптасып, орнығып үлгермеді, сондықтан әркім бұрыңғы жазудың тәртібін сақтап, алақұлалық туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикаға көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын. Емле немесе сауатты жазу нормалары да көпшілік талқысына көп түсетін болғандықтан, үнемі түзету, қырнау, толықтыру сияқты неғұрлым жетілдіру процесін басынан кешіреді. Қазақ тілі емлесі де бұл процестен шеттеп қалмады. Тағы да әрі қарай жазу тәжірибеміз көрсеткендей, әрі енді жазу мәдениетіне көңіл бөліне бастағандықтан, сауаттылықтың тетігін ғылыми негізге сүйеніп табу әрекеті қолға алына басталды. Сондықтан 1983 жылы қазақ емле ережеліне біраз түзетулер мен өзгерістер енгізілген жаңа редакциясы ұсынылды. Бұл соңғы нұсқа да заң жүзінде қабылданды: 1983 жылы 23 тамызды Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен бекітілді. Бұл қаулыда: «Министрліктерге, мемлкеттік комитеттерге, ведомостыларға, газет-журнал редакцияларына, баспаларға, ғылыми-зерттеу мемкемелеріне, оқу орындарына қазақ тілі орфографиясының осы негізгі ережелері жарияланған күннен бастап оларды жазу практикасына алу міндеттеледің – деп жазылды [17]. Бүгінгі кезге дейін қолданылып отырған сауатты жазу әрекетіміз осы қаулыға бағынып келе жатыр. Қоғам өмірінде небір күрделі де зор әлеуметтік-саяси өзгерістер болып жатқанымен, сауатты жазуға қойылатын талаптар түбегейлі өзгерістерге ұшырамауға тиіс болып келеді. Заң жүзінде болсын-болмасын қабылданған ережелерді орындап отыруға қалың жұртшылық өзін-өзі міндеттемесе, ол ережелерді әркім өзінше қолданса, ол мәдениетті жұртың, көзі ашық, жаппай сауатты елдің белгісі емес екені баршаға түсінікті де. Сондықтан да болар, күнделікті баспасөздің басым көпшілігі, оқу-ағарту орындары: мектептер мен институттар, университеттер мен ресми мекемелер күнделікті жазу тәжірибесінде қазақ тілінің 1983 жылғы соңғы бекітілген емле ережелерін, негізінен ұстанып отыр. Басқа тілден енген сөздерді қабылдаушы тіл өзінің фонетикалық заңдылықтарына бағындырып, «сындырып қолдануы көптеген тілдерге ортақ құбылыс. Қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу процессі ертеректен басталғаны мәлім. Бодандықтың, сауда-саттықтың, қазақ жеріне орыс шаруаларының, әскери адамдарының қоныстануы нәтижесінде қазақтың сөйлеу тіліне бірқатар тұрмыс салттық сөздер мен әкімшілікке қатысты атаулар кіре бастады, олар ауыз екі тіл арқылы енді. Сондықтан шәй, самауыр, бәтес, сәтен, шыт, пәуеске, кір, бертін келе ХІХ ғасырда орыс империясының ел билеу, сот, әкімшілік, оқу-ағарту мәдениет жүйесіне қатысты ояз, жандарал, болыс, сот, закон, газет, үшкөл, зауыт сияқты сөздері де қазақы түрге еніп, қалыптасты. Бұлар қазіргі қазақ тілінің орфографиялықта, орфоэпиялықта нормасында сол қалыптасып қалынған тұлғаларын сақтап жазылады, айтылады. Емленің бұл ережесіне ешкім таласпайды. Талас тудырып отырған – ХХ ғасырдың екінші жартысында күрт дамыған техника, космология, космонавтика, аэронавтика, биология т.б ғылым салалары әкелген ағылшын, неміс, француз тілдерінен енген терминдік атаулар. Осыларды қазақ тілі қалай игеріп, қалайша жазып, қалайша дыбысталуы тиіс деген сауалдың көтерілуі заңды. Себебі бұл сөздерді бұл күнде орыс тіліндегі қалпын сақтап жазып, тіпті орысша дыбыстап та келді. Оның себебін қазақ тілінің ішкі құрылымдылық даму заңдылығынан іздемей сыртқы экстролингвистикалық факторлардан іздеу керек. Ол факторлардың бірі – орыс жазуына көшуіміз болса, екіншісі – орыс тілін «екінші ана тілімізң деп қоса меңгеру қажеттілігін мойындатқан саясат. Халықаралық терминдер қазақ жазба тіліне ХХ ғасырдың басынан бастап молынан ене бастады. 1929 жылы араб әліпбиіне негізделген қазақтың тұңғыш жазуы тәркіленіп латынға көшкен кезде қабылданған емле ережелеріміз бойынша басқа тілден енгізілген сөздерді қазақша естілуінше, айтылуынша жазу тәртібі ұсынылды. 1929-1940 жылдарында латынша жазу кездерінде орыс тілінен енген сөздердің әрқайсысы бірнеше вариантта жазылды. Профессор Қ. Жұбановтың көрсеткеніндей коммунист деген сөз он алты түрлі болып жазылған [28,4]. Орфографиялық нормаларды, дәлірек айтсақ, дұрыс жазу ережелерін тұрақтандырып, нормаға айналдыруда ғылыми пікірталастар да жоқ емес. Бірқатар фонетис мамандар қазіргі емле ережелеріміз қазақ тілінің үндестік заңдарын бұзып барады, яғни екінші, үшінші буындарда езулік ы, іәріптерін жазу (құлып, күміс) тілімізге тән ерін үндестігін жойып келеді, сондықтан түбір сөздің өз ішінде де, қосымшаларда да ерін үндестігін сақтап құлұн, күмүс, күмүстү деп жазу керек, сондай-ақ қазақ тілінің буын үндестігі деп аталатын фонетикалық нормасын жазуда да сақтау керек, ол үшін төл сөздерді де, кірме сөздерді де тұтас не жуан, не жіңішке дауыстылармен таңбалау керек (кітәп, қызмат, тәккәппар, көзәйім, атпан келдік, қаламман жаздық, ауылдықы, қаланықы) деген пікірлер айта бастады. Қысқасы, сөздің дыбысталуы мен жазылуын бірдейлестіру арқылы қазақ тілінің фонетикалық табиғатын сақтау керек деген идея ұсынады. Әрине, қандай тілдің де ұлттық сипатының бірі, әсіресе, өзге туыс тілдерден ажыратып тұратын белгісі – дыбыстық ерекшеліктерін сақтау – игілікті идея. Бірақ кез келген дұрыс идеяны жүзеге асыруда көлденең тұратын объективті факторлар тұратыны және аян. Айталық, қазақ тілі ешбір кірме элементтерсіз жалаң өз сөздерінен ғана тұратын болса, бірсәрі (онда да ойланыатын тұстар көп), ал кірме сөз, кірме жұрнақ дегендер қазақ тіліне тән фонетикалық варианттарынсыз болып келеді. Мысалы: -қор, -паз, -қойжұрнақтарының жіңішке варианттары да, басқа дауыссыздарының қатаң, ұяң болып құбылатын варианттары да жоқ. Оларды жіңішке сөздерге қалай жалғаймыз: сәнқой, әсемпаз, өнерпаз, әуесқой деген сөздерді қалай айту керек: санқой, асанпаз, онарпаз, ауасқой деп айту мүмкін емес. Тіл мәдениеті, сөйлеу шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Ол төмен болса, қазақ тілінің де мемлекеттік дәрежесінің төмен болатыны белгілі. Бірақ егемендігімізді алдық деп, тілге де еркіндік жасап, кез келген адамның орыс тілінен енген кірме сөздерді өз еркімен аудара беруіне жол беруге болмайды. Қазір баспасөз беттерін аша қалсақ, бұрмаланған сөздер көз сүріндіретін жағдайға жеттік. Мұндай экспериментті тоқтатып, өзгертілген сөздерді келісіп отырып көңілге қонымдысын ғана алу керек. Р. Сыздықтың пікірі бойынша орыс сөздерін аударуда «көпшілік қауымға түсінікті, қолданысқа қолайлы, мағынасы дәл келетін, яғни семантикалық сыйымдылығы көтеретін қазақша баламаларды алуға болады деген пікіріне біз де қосыламыз [29]. Сөйтіп, бүгінгі жазу мәдениетіміздің бірнеше онжылдық тәжірибесінде ойласатын, пікір алысатын, әрі қарай ғылыми негізде зерттеп, дәлелдейтін, жаңа ұсыныстар жасайтын ұсыныстар жасайтын тұстары баршылығына қарамастан, қазақ тілінің орфографиялық нормалары біршама айқындалып, көбі тұрақталып, қызмет етіп отыр. Олар емле ережелері ретінде көрсетіліп, сол ережелер бойынша орфографиялық сөздіктер ұсынылып келеді. Тілдің ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан ішкі құрылымдық жүйесін жазу дәл бере алатындай сәйкес болуы керек. Сонда ғана тілдің ауызша және жазбаша түрлері бір-бірінен алшақ кетпейді. Сөйлеу мен жазу тілдің екі түрлі өмір сүруінің формасы болғандықтан, бір-бірімен астасып, үндесе отырып, тығыз байланыста болуы керек. Сонда ғана қазақ тілінің келесі даму кезеңіне ешқандай тосқауылсыз еркін қадам басады. Тарихқа бағзы заманның деректеріне көз жіберсек, өзге халықтар сияқты қазақтың жазу тарихы да әріден басталады. Тым ерте заманғы жазудың тегі суреттен басталғаны белгілі. Тіл ғылымында мұны пиктографиялық (латын т. pіctus - суретті және grapho – жазамын) жазу деп те атайды. Бұл жазу бойынша әр сурет бүтіндей бір хабарды білдірген. Сондықтан пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұныны бейнелейді. Қазіргі Қазақстан және Орта Азия территориясында ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тастарға қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыш аңдардан қорғану және т.б. суреттер мал бағып, аң аулаған ертедегі адамдардың киелі түсініктері мен ғұрыптарын бейнелейтін тайпалардың тұңғыш жазуы болды. Қолданыла келе сурет жазуы да өмірге икемделіп, дами түсті. Осының негізінде ұғымды білдіретін символикалық немесе идеографиялық жазу пайда болды. Пиктографиялық жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнеледі, сөйлеудің, сөздің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағын да ажыратып бере алды. Ертедегі сурет жазуымен қабаттаса келетін ай мен күн алуандас таңба нұсқалары, өрнекті пішінде оюлай салынған бейнелі суреттер идеографиялық жазудың таңбасы. Бұл жазу Қазақстан жерінде ұзақ сақталып, оның символдық көрініс нұсқалары келе-келе қазақтың рулық таңбаларына айналып, меншікті көрсетерлік белгіге айналып кетті. Түптеп келген түркі тайпаларының арасында соншама кең тараған идеографиялық жазулар түркі тайпаларының руникалық деп аталатын тұңғыш әріптік жазуының шығуына да белгілі мөлшерде ықпал етіп, әсерін тигізді. 1889 жылы орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Монғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан ерекше үлкен төрт қырлы, биіктігі үш метрдей екі құлыптас тапты. Бұл ескерткіштердің үш қырындағы жазулар түп-нұсқа жағынан ХҮІІ ғасырдан бастап Енесей өзені бойынан табылған құпия жазу таңбаларына ұқсас болып шықты. Бұл жазулар сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына ұқсас болғандықтан, шартты түрде руникалық, яғни құпия таңбалар деп аталды. 1894 жылы Күлтегін ескерткішінің тұңғыш аудармасы берілді. Руникалық жазу тараған географиялық алқапқа барлау жасасақ, ол Монғолия мен Сібірден бері қарай басталып, жетісуды көктей өтіп, Венгрияға дейінгі ұлан-байтақ аймақтың әр жерінен табылып келді. Түркі тайпаларының тұңғыш әріптік жазуы болған руникалық алвафиттің шығу тегі әлі күнге дейін шешілмеген жұмбақ. 1894 жылы осы жазудың кілтін тапқан профессор В.Томсен көне түркі руникалық алфавиті арамей (парсы-арамей) әріптік жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынып еді. Түркологтардың біразы осы пікірге қосылып еді. Ал енді бір ғалымдар (Н.Аристов, И.А.Батманов) бұл ешбір алфавиттің ықпалынсыз-ақ өздігінен жасалып, түркі таңбаларының негізінде туған төл жазу деп санайды. Академик Ю.Клапрот руникалық алфавит көне грек (грек және финикей) жазуымен негіздес деген пікірді ұстанады [1]. Белгілі түркітанушы ғалым А.С.Аманжолов руникалық жазудың біздің жыл санауымызға дейінгі 1 мың жылдықтың ортасынан біздің заманымыздың 1 мың жылдығының аяқ кезіне дейін түркі тілдес халықтардың қарым-қатынасына қызмет етіп, 1500 жыл бойы қолданыста болған төл жазуы екендігі бүгінде еш күмән туғызбайтындығын айтады[2]. Қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуына белгілі бір дәрежеде әсер еткен үш түрлі жазу жүйесін ерекше атаған дұрыс. Олар: араб, латын және кириллица жазулары. Бұл жазулар қазір әлемде кең таралған. жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғұрлым жетілген болып саналады. Әрбір әріп әрбір дыбысты толық таңбалайтындай мінсіз графика жоқ деп есептеледі. Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы ХІ ғасырдан-ақ басталғаны аян. Айталық, 1069 жылы жазылған «Құтты білік дастаны, алғашқы түркі лингвисті М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігі араб графикасының Қазақстан жерінде алғаш қолданыла бастаған кезеңдерінде жазылған. Сонымен қатар, ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А.Югнекидің «Ақиқат сыйы», Н.Рабғузидің «Әуле-әнбиелер қиссасы» және т.б. осы сияқты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен келген орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастағаны мәлім. 1861 жылы Қазанда басылып шыққан Н.И.Ильминскийдің “Материалы к изучению киргизского наречия” деген кітабы қазақ тілінің жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл кітап орыс графикасында жазылды, қазақ тілінде терминдер жасалған жоқ. Бұл еңбек тек зерттеу жұмысы ғана болды [16]. П.М.Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак-киргизского языка” деген атпен І бөлімін (фонетика және этимолтрогия) 1894 жылы, ІІ бөлімі (синтаксис) 1897 жылы шыққан еңбегі қазақ тілін грамматикалық құрылымын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш зерттеу екені мәлім. Бірақ бұнда ғылыми жағынан ғана зерттелді де, терминдер жасалмады. Орыс графикасының қазақ даласына алғаш танымал бола бастап, қолданысқа түсуіне көп ықпал еткен қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин болды. «Қырғыз хрестоматиясының» алғы сөзінде автор «әлі күнге дейін қазақ балалары мен ересектері түсініп оқырлықтай таза қазақ тілінде жазылған бірде-бір кітап жоқ;орыс-қазақ мектептерінің оқушылары татар тіліндегі кітаптарды қолдануға мәжбүр болып жүр, татар тілінің араб-парсы сөздеріне лық толған кітаби тілі әрі түсініксіз, әрі мазмұны кілең діни сарындағы кітаптар болғандықтан, оларды оқытудың не практикалық үміт ақталмайды, не нәтиже шықпайды, балаларға орысшадан-қазақшаға, қазақшадан-орысшаға аударып үйреткенде, қолайсыздығы өз алдына тіпті мәнсіздіктен бас қатады деп жазды [13]. Ы.Алтынсарин араб алфавитінен ғана емес, жазба әдебиетте жөнді-жөнсіз қолданылып жүрген, бірақ көпшілікке түсініксіз араб, парсы сөздерін бет алды қолдана беруден құтылудың жолын іздеп, нәтижесінде орыс графикасын практика жүзінде пайдаланды. Оның мысалдары мен өлеңдері орыс графикасымен жарық көрді. Қазақтың ауызша жасалып, дамып келе жатқан бай тілінің қазақ қоғамын аяқтала алатындай дәрежеде екендігін көрсету үшін Ы.Алтынсарин өз шығармаларын сол кездегі қазақ сөйлеу әдеби тілiніде жазды. Ол қазақ тілін оқытуда ең басты нәрсе ретінде графиканы қойған жоқ. Ол кезде графика туралы сөз қозғау әлі ерте болатын, сол кездің басты мәселесі – сөйлеу тілінің негізіндегі қазақ әдеби тілінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық саласына қызмет ете алатындығын, әсіресе оқу-ағарту ісінде де осы принципті басшылыққа алуға болатындығын дәлелдеу болатын [15]. Осы тұрғыдан келгенде қазақ графикасының даму кезеңінде Ы.Алтынсаринның да өзіндік орны бар екенін бағамдауға болады. Қазақ әліпбиі сөз болғанда Ахмет Байтұрсынұлының есіміне соқпай өтуге болмайды. Ол 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Торғай өңірінде ел ішінде әр сатылы мектептерде бала оқытумен айналыса жүріп, ағартушылық қызметпен де айналысады. Осы жылдары қазақ шәкірттері тұтынған әліппе, құралдарының кемшіліктерін көзімен көреді. Сол олқылықтарды түзету мақсатында ең алдымен графика мәселесін, соның ішінде қазақ жұртшылығына кеңінен таныс араб графикасын жөндеп, қазақ тіліне лайықтауды қолға алады. Қазақ алфавитінің реформаторы атанған А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жетілдірумен айналысты. Сол күндері қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты пайдаланып келген араб таңбаларының дәл сол күйінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алмайтындығын түсініп, былай деп жазды: «Хәріп тіл үшін шығарылған нәрсе. Олай болса хәріп жоқ деп тілдегі дыбысты жоғалту керек емес, ол дыбысқа жоқ әріпті іздеп табуға керек. Ол жалғыз бізде ғана болған емес, өзге жұртта да болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті бұзып өзгертеді [6]. Осындай білгірлік танытқан А.Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, түзетуді қолға алады да, «ХХ ғасырға дейін түріктің тілін асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиіс» [8], «асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті» деп емленің ең жақсысы – дыбыс жүйесінде екеніне көзі жетіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттей бастады. Араб графикасына негізделген жаңа емле 1912 жылдан бастап ұсынылды. «Төте жазу» деген атпен танымал болған бұл графиканы сол кездегі қазақ интеллегенциясы қабылдады және мұсылман медресселері, қазақ-орыс мектептері де қолдана бастады. 1915 жылы жаңа графикамен көптеген қазақ кітаптары басылып шықты. А.Байтұрсынұлы қазақ тілін таңбалайтын графикаға мынандай басты-басты критерийлерді қояды: «1. Тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша? 2. Қайсымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады? 3. Қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл? 4. Қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы о да сонда) ? 5. Үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы? 6. Көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық?». Жазуға осындай талаптар қоя отырып, латын және араб графикаларын салыстырады. Бірінші критерий бойынша араб әрпінен қазақ әліп-биіне 14 әріпті өзгертпестен дайын күйінде алдық, 5 әрпіке ереже қосып алды. Латын әрпінің өзгертпестен алдық дегеннің өзінде 15 әрпін-ақ алуға жараған, ал қалған 7 әрпін өзгертіп алуға жараған және ң, й дыбыстарының таңбасын бейнелейтін әріптерді ойдан шығарып таңбалаған. Бұл критерий бойынша араб жазуының таңбалар жүйесі артық болып тұрғанын айтады [6]. А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеу барысында 28 дыбыс түрі барлығын, оның дауысты және дауыссыз болып жіктелетінін, араб харіпі қазақ жазуындағы жіңішке дауысты дыбысты ажырату үшін қойылатын белгі – дәйекшені енгізудің қажеттілігін, бұл арқылы тіліміздің төл дыбыс жүйесіне тән үндестік заңы бойынша жуан не жіңішке айтылатын буын табиғатын аңғартуға болатындығын қарапайым тілмен түсіндіріп береді. Сонымен қатар араб алфавитінде жоқ ерін дауыстыларын у дыбысының таңбасына ұқсастырып, жолдың үстіңгі бөлігіне дәйекшелер қою арқылы жаңа әріптер жасайды да, араб графикасын қазақ тіліне ыңғайластырып реформалайды. А.Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Қазақ балалары 1902 жылдан бастап бастауыш мектептерде оқытыла бастағанымен, ресми түрде графикасы болған жоқ, орыс немес араб графикасын пайдаланды. А.Байтұрсынұлы мен өзге де қазақ интеллегенциясы болып Россия Империялық Министр Советінің Председателіне петиция жазды. Онда қазақ даласында оқу қазақ тілінде жүргізілсін деген талаптары бар еді. Осы талаптың іске асуы үшін А.Байтұрсынұлы 1912 жылы “Оқу құралы” деген атпен құрастырған тұңғыш әліппесі Орынборда басылып шығады. Бұл кітапта әрбір әріпке мінездеме беріледі, одан соң танымдық материалдар ұсынылады. Тұңғыш басылымы 1912 жылы жарық көрген бұл “Әліппе” кейін бірнеше рет басылады, 1925 жылғы Орынбор басылымында 7 деп көрсетілген. Білім кеңесінде бұл кітапқа былай баға берілді: “Әліппе” қазақ даласына көп пайдасын тигізді. Әдісі жағынан да, мазмұн жағыан да ескірген көптеген кітаптардан аса артық. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық.” 1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандырылатын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. “Біздің заманымыз жазудың заманы. Сөздің жүйесін,қисынын келтіріп жаза білуге керек болғандықтан, қазақтың бастауыш мектептерінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек” деп өзіне міндет қояды да, “тіл - құрал” деген атпен үш бөлімнен тұратын оқулық жазуға кіріседі. Бұл кітаптың фонетикаға арналған бірінші бөлімі 1915 жылы жарық көрді. 2 бөлімі морфологияна қамтиды, ол 1914 жылы баспадан шығады. қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын талдап-танытудың бүгінгі күнінде де А.Байтұрсынұлының аталған оқулығының негізінде беріліп келеді. А.Байтұрсынұлының еңбегі қазақ тілі біліміндегі тұңғыш еңбек болды [30]. 1912 жылы жаңа графикамен жазылған тұңғыш «Әліппе” Орынборда жарық көреді. Ал 1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін «Қазақ газеті” А.Байтұрсынұлы түзген емле негізінде жарыққа шығарылды. А.Байтұрсынұлының бұл жасаған әліпбиі қазақ мәдениеті тарихының үлкен бір белесі болды. Қазақ даласындағы алғаш сауат ашу, оқу-ағарту майданында алға басуға зор серпіліс туғызып, хат таныған көпшілікке кең таралып, төте жазу деген ат иемденеді. Өз уақтысында кеңге құлаш жайғанын бүгінгі кездегі шетелдегі қазақ диаспорасының көпшілігі осы төте жазу үлгісін жақсы білетіндігінен көруге болады. А.Байтұрсынұлы 1929 жылы 12 мамырда өз қолымен жазған баяндамасында: “1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақытымда өз бетіммен білімімді толықтырып, әдебиетпен шұғылдандым” дейді. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім, одан кейін қазақ алфавитін (шрифтісін емес) және емлесін ретке салып, жеңілдету жолына жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдерден әсерінен тазартуға әрекеттендім, төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс-қағаздар тілін, публистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және айналыстым. Стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым” дейді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетіненің беттерінде білдіре бастайды. “Айқаптың” 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде “Шаһзаман мырзаға” аттты үлкен мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмей кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді. Осы мақалада дыбыс, әріп, дейекші, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, қағида деген қазақша лингвистикалық терминдерді тұңғыш рет кездестіреміз. “Қазақ” газетінің 1913 жылғы 34 және одан кейінгі сандарында "Жазу мәселесі” деген көлемді мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды (у, ұ, о, и, е, ы) таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады. Сөйтіп, әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы .үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) қазақ жазуы үшін араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алмау; 2) қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, 3) к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә, і, ү дыбыстарымен айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекше таңба қою. Бұлайша түзетілген алфавит сауат ашудың дыбыс жүйелі әдісіне сай келетіндігі байқалады. А. Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер ешбір талассыз қабылдады. Себебі оның реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни, дыбыс үндестігі заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сөйтіп, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындап тануы, ғылымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік береді. Оның 1912 жылдардан бастап ұсынған осы алфавитке негіздеп алған жаңа жазуы (“Жаңа емле” деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. Қазақ жазуының белгілі бір кезеңінде қолданылған араб графикасы 28 әріпті қамтыды және классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесі негізінде жасалды. Барлық әріптер дауыссыз дыбыстарды қамтиды, сонымен қатар созыңқы дауысты а, у, и әріптері диакратиялық сызықша (жолдың үстіне немесе астына қойылатын) таңбалар арқылы таңбаланады. Араб алфавиті арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде пайда болды. ҮІ ғасырда 22 әріпті қамтыса, ҮІІІ ғасырда олардың саны 28-ге жетті. Жалпы араб жазуының кемшіліктерімен қоса, алғашқы қазақ баспасөзінің жазу құралы болған араб графикасының қазақ әдеби тілінің қалыптасуына көп септігі тигендігін де айта кетуіміз керек. Баспа беттерінде жарияланған мәліметтерге қарағанда, 1915 жылдың жылдың бір өзінде жаңа емлемен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы ұсынған “жаңа емле” 1913 жылдардан бастап мұсылман медресселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастағандығы айтылады. Араб таңбаларын қазақ тілінің фонеикалық табиғатын лайықтап қазақтың ұлттық графикасы ретінде реформалау ісін 1910 жылдардан (оқыту тәжірибесінде одан бұрын басталуы мүмкін) бастаған А. Байтұрсынұлыны оны әрі қарай да жетілдіре түседі, полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыздығына көңіл бөледі, оқу процесіне тиімді-итиімсіздігін салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған Қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде талқыланды. Бұл съездің күн тәртібінде алты мәселе қойылды: 1) жазу, яғни орфография ережелері, 2) әліпби (яғни алфавит, графика мәселесі), 3) қазақша пән сөздер (терминология), 4) ауыз әдебиетін жою шаралары, 5) оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары, 6) бастауыш мектептің программасы. Съездің 15 маусымындағы мәжілісінде А. Байтұрсынұлыны “Әліпби тақырыптары” деген атпен баяндама жасайды. Ол түркі жұрттарының қолданылып келе жатқан әліпбиі бар екенін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес екендігін айтып пікір білдіреді. Әліпби қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған икемделіп, өңделген араб алфавитінің оң сипаттарын дәлелдейді. Осыдан кейін латын алфавитін жақтаушы Н.Төреқұловтың баяндамасы талқыланады. Талқылаудан соң мынандай қарар шығарады: Қазақ тұтынып отырған түрік (араб) әліпбиінің баспа түрінің дара болмауы баспа ісіне де, үйрету ісіне қолайсыздық танытатындықтан, одан құтылу үшін түрік әліпбиінің өзін түзету өзге әліпбиді алудан анағұрлым жеңіл болатындықтан, түрік әліпбиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, басқасын дара түрінде алу керек” –деп А.Байтұрсынұлы реформалаған және баспа түрінің де вариантын ұсынған араб жазуы негізінде қазақ алфавитін қабылдады. Бұл жөнінде ғалым Е.Д.Поливанов мақаласында: «Эту последную форму, которую приняла казак-киргизская графика , я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в исправлениях и представляющей последный щау в истоическом формировании национальной графики, которым полне могут гордиться киргизские деятели просвещения – создатели реформы, как крупным культурным завоеванием» [24] . Соған қарамастан, қазақ жазуына 1929 жылы латын графикасына көшірілді. Бұл туралы Ә.Қайдаров мақаласында: «1929 жылы Қазақстанда тіліміздің табиғатына бейімделіп, ресми ұлттық жазу болып қалыптаса бастаған Ахаңның әліпбиін аластатуға ешқандай объективті себеп, қажеттілік болмаған еді дейді [18] . Егер жазуда басшылыққа алынатын «емле бірте-бірте түзеліп, жылдар бойы тәжірибеден өтіп, дәстүрлі сипат алған күнде ғана, сол тілдің сауатты жазу нормалары қалыптасатынын ескерсек, онда графика ауыстыру мәселесі ұлт дамуына кері әсер тигізетіні шындық. Осы тұрғыдан келгенде, графика ауыстыру кешегі Кеңестер одағының идеологиясының көзделген бір мақсаты болуы да мүмкін.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.53 (0.018 с.) |