Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөз таптары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөз таптары

І МОДУЛЬ

Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөз таптары

І БЛОК

Грамматикалық ұғымдар

Грамматиканың басты объектісі тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда (сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ) оған (тілдің грамматикалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтардың негізінде болып отырады. Ол жүйені айқындап, заңдылықтарын алу үшін сала-салаларын сарапқа салып, жекелеген ерекшеліктерін, ортақ грамматикалық сипаттарын, әр құбылыстың ішкі мәні мен сыртқы тұрпатын және оның шекарасын айқындау үшін, ондағы грамматикалық әр түрлі амал-тәсілдерді, сөздердің белгілі бір ортақ қасиеттері арқылы топ-топқа бөлінуін, олардың мағыналары мен сөйлеу процесіндегі қызметтерін білу қажет. Демек, сөздің сөйлеу процесіндегі басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сыртқы түр-тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемде олардың белгілі қызмет атқаруы т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тағы да сол сөздің грамматикалық сипатымен анықталады. Сөйтіп, ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория дегендер енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құбылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды. 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.)