Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктеріПоиск на нашем сайте ІІ БЛОК Грамматикалық форма Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тәсілдің бір типі – грамматикалық формалар. Яғни грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі жүйе парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі. Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде, зерттеулерде грамматикалық форманы анықтағанда грамматикалық мағынаны білдірудің сыртқы жағы, грамматикалық тәсілі деп, грамматикалық мағынаны түр-түрге бөлмей, грамматикалық форманың ішкі мазмұны ретінде қаралып келді. Сөйтіп, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма деген ұғымдар біреуі әрдайым бір нәрсенің ішкі жағы, мазмұны, екіншісі оның сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік. Бұл екі ұғымды осындай балама мәнде, бір нәрсенің екі жағы (біреуі – ішкі мазмұны, екіншісі – сыртқы түрі) деп түсіну тіпті де дұрыс емес, өйткені олар (грамматикалық мағына мен грамматикалық форма) әр уақытты бір-бірімен балама, сай бола бермейді. Лексикалық мағынаның абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық мағына, сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы берілетін қатыстық грамматикалық мағына ешбір грамматикалық формасыз берілетінін жоғарыдан байқадық.
Тілімізді белгілі бір грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына белгілі бір грамматикалық форма – тұлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма (тұлға) бір-бірімен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі сөз болғанда, әдетте, категориялық грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені жоғарыда көрсетілгендей, грамматикалық мағынаның осы түрі ғана арнайы грамматикалық форма арқылы беріледі. Әрине, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-біріне сай келеді дегенде, сөздің құрамында ол екеуінің саны да әрдайым бірдей болады деген қорытынды тумайды. Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативтік) тіл болып саналғанмен, онда аз да болса флексиялық сипат та кездесіп отырады. Кейде бір тұлғаның өзі бірнеше грамматикалық мағынаны және керісінше, бірнеше грамматикалық форма бір мағынаны білдіріп те тұрады. Грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына да берілмейді дегенді бұлардың жаңағы қасиетінің негізінде және категориялық грамматикалық мағына шеңберінде ғана тек шартты түрде айта аламыз. Өйткені, кейбір жағдайларда қазіргі тілімізде ешбір арнайы грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағына беріліп тұрады. Кейде сөз құрамында белгілі бір грамматикалық форма болғанмен, ол өз бетінше грамматикалық мағына білдіре алмай, факультативті түрде ғана қолданылады, яғни сөз ол формасыз жұмсалмайтын болғанмен, сол сөз тұлғалары білдіретін мағынаға ол форма бейтарап болып тұрады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 34; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |