Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Нөлдік форма. Ііі блок. Грамматикалық категорияПоиск на нашем сайте Нөлдік форма Кейбір жағдайларда ешбір грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағына беріліп отырады. Ол грамматикалық мағына сөз түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан мүлде бөлек болады. Яғни әңгіме категориялық грамматикалық мағына жайында. Міне, сондай арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына білдіруді нөлдік тұлға (форма) деп атуға болады, өйткені арнайы көрсеткіші, формалық тұлғасы болғанмен, сыртқы түрі түбірмен сәйкес келсе де, онда түбір білдіретін мәннен бөлек арнайы грамматикалық мағына болады. (Әр уақытта нөлдік форманы түбір формамен салыстырып отыруының басты себебі, біріншіден, екеуінің сырт тұлғасы, формасы сәйкес ьолуында, екіншіден, түбір - әр түрлі грамматикалық форма жасауға негіз болатын тұлға). Нөлдік тұлға сырт қарағанда түбір тұлғасымен сәйкес келгенмен, сөз түбірінің барлығы жеке-жеке грамматикалық нөлдік форма бола алмайды, ол тек грамматикалық форма жасауға негіз болады. Грамматикалық нөлдік форма болу үшін ол тұлға түбір күйіндегіден өзгеше грамматикалық мағына білдіріп, белгілі бір топтағы түрлену жүйесінің бір түрі болып саналып, сөйлеу процесінде белгілі бір тұрақты өзіне тән қызмет атқаруға тиісті. Сондықтан да кейбір грамматикаларымызда «зат есімнің жекеше түрі», «сын есімнің жай шырай түрі», «негізгі етіс» деген жеке грамматикалық тұлға ретінде беріліп жүрген атаулардың өзі дұрыс емес екендігін көреміз. Өйткені бұлар белгілі бір грамматикалық категорияның өзіне тән грамматикалық нөлдік формасы бар бір түрі бола алмайды. Грамматикалық формалар – сөйлеу кезінде сөздерді дәнекерлеп, оларға әр түрлі грамматикалық мән-мағына үстеп, бір-бірімен қатынасын көрсетіп тұратын, сөйлемде ғана қолданылатын сөйлеу (речь) элементтері. Сондықтан нөлдік тұлғаның мағыналық қолданылуы, атқаратын қызметі жағынан алғанда белгілі шеңбері болады. Осы тұрғыдан келсек, атау септіктің табиғаты бұлардан бүтіндей ерекше. Атау септіктің арнайы грамматикалық көрсеткіші болмағанымен, түбір тұлғалы сөзбен екеуі бір емес. Олардың айырмашылығы сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктерінен, атқаратын қызметінен айқын көрінеді. Атау септік тұлғасы басқа септік формаларын жасауға негіз болып тұрмайды, атау септік – басқа септіктермен терезесі тең септік тұлғасы, бұл тұлғалы сөздің өзіне тән білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі болады: ол – қимылдың грамматикалық субъектісі, бастауышы болу, заттық-атауыштық мағына білдіру, баяндауыш формасымен өзінің мағынасы арқылы белгілі жақта қиысып тұру. Грамматикалық мағына білдірудің бірден-бір тәсілі тек қосымшалар жалғану арқылы ғана емес екені тағы белгілі. Нөлдік форма пардигмалық сипаты бар грамматикалық түрлену жүйесінде, тұлғалары бар сөз байланыстырушы сипаттағы таза грамматикалық категория шеңберінде ғана болады. Нөлдік форманың ерекшеліктері де, басқа ұқсас тұлғалардан айырым белгісі де сол жүйенің аясында, сол пардигмалық жүйенің басқа түрлерімен, бір жағынан, қарама-қайшылықта, екінші жағынан, бірлікте тұруы арқылы айқындалады. Бұл – бір ерекшелігі. Екіншіден, нөлдік форма қазақ тілінде сөз байланыстырушы тұлғалар (жалғаулар) жүйесінде ғана болып, өмір сүре алады, өйткені нөлдік форманың шын мәнінде грамматикалық форма ретінде тілде өмір сүруі тек бір грамматикалық мағынаны білдіруімен ғана емес, сонымен бірге ол тұлғаның синтаксистік қызметі мен сөздерді байланыстыруынан айқындалып көрінеді. Грамматикалық мағынаның формасыз берілуі, оның бар болуы оның байланыс қызметінен көрініп отырады, яғни нөлдік форманы сақтайтын бірден-бір тілдік фактілер – оның сөз байланыстырушы қасиеті. ІІІ БЛОК Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі - грамматикалық категория. Грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, әрі грамматикалық мағынамен байланысты, әрі екінші жағынан, олардың жалпы жиынтығынан күрделі де жүйелі де болып келеді. Грамматикалық категория деген ұғым барлық зерттеулерде біркелкі түсінік бермейді. Грамматикалық категорияның сан қырлы сипатын түбегейлі түсіндіруде пікір айырмашылықтары да байқалып отырады. Кейбір еңбектерде грамматикалық категория тек грамматикалық мағына деген ұғыммен қатысты ғана беріліп, сөздердегі нақты лексикалық мағынадан жалпыланған, жалпы сипаттағы мәнді білдіретін мағына деп анықталады. Сондай-ақ «тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсіл) бар жалпы грамматикалық мағына да грамматикалық категория деп аталады», немесе «тілдегі лингвистикалық единицалардың, яки оның бір тобының грамматикалық амал-тәсілдер арқылы берілетін жалпы сипаттарының бірі», немесе «морфологиялық категория деп ортақ грамматикалық сипаттағы мағынаны білдіретін сөз формаларының жүйесі», не «бірыңғай мағыналы грамматикалық формалар қатарының бір-біріне қарама-қайшы жүйесі түсініледі» тәрізді анықтаудан грамматикалық категория деген ұғымның ішіне морфология саласына байланысты, бір жағынан, сөз таптары мен олардың түрлері деген кесек ұғымдар, екінші жағынан, жекелеген сөз таптарының түрлену жүйесіне байланысты тұлғалық топтары (айталық, зат есімде көптік, септік, тәуелдік, сын есімде шырай, шақ, жақ т.б. категориялар), үшінші жағынан, төменде көрсетілгендей, олардың жеке-жеке түрлері (айталық, жіктік я тәуелдіктің І я ІІ жағы немесе «І я ІІ жақ категориясы», «ілік септік категориясы», «өткен шақ категориясы», «ашық рай категориясы» тәрізді) еніп кетуі сөзсіз. Сондықтан грамматикалық категориялардың шекарасын айқындаудың өзі қиынға соғады. Кейбір еңбектерде грамматикалық категория қатарына сөз таптарынан бастап қосымшаларға дейні тілдік құбылыстар, тіпті олардың жеке түрлері де жатқызылып отырады. Грамматикалық категория, ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты. Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес. Екіншіден, грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен, сәйкестігімен, яғни олар арасындағы диалектикалық сәйкестікпен, ондағы жүйелілікпен байланысты. Яғни, кез келген грамматикалық мағына немесе қайсыбір грамматикалық форма грамматикалық категория құрай бермейді.Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі белгілі бір грамматикалық топ құрайтын сөздерге тән болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық категория құрайды. Үшіншіден, грамматикалық категория сипатына жету үшін грамматикалық мағыналар жиынтығы, бір жағынан, өзара бір тектес бірыңғай сипаттағы, екінші жағынан, бір-біріне қарама-қайшы мағыналар болу керек. Яғни, грамматикалық категория - өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте бола алатын бірнеше (кем дегенде екі түрлі) тектес, мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі. Сол бірлік пен өз ішіндегі қарама-қайшылық арқылы және соның әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні, сипаты, шегі байқалып, айқындалады. Осыған байланысты бірден мынадай сұрақ туады: бір ғана грамматикалық мағына мен оның сыртқы көрінісі болып табылатын грамматикалық форманың бірлігі грамматикалық категория болып саналмай ма? Бұл сұрақтың жауабы біреу-ақ. Бір ғана грамматикалық мағына мен оны білдіретін грамматикалық форма грамматикалық категория құрай алмайды. Мысалы, септік категориясы, тәуелдік категориясы, жақ категориясы деген грамматикалық категориялар бар да, ілік немесе барыс т.б. септік категориясы, бірінші (немесе екінші) жақ тәуелдік категориясы, осы (немесе өткен) шақ категориясы дегендер жоқ, ілік (немесе барыс) септіктің, бірінші (немесе екінші) жақ тәуелдіктің, осы (немесе өткен) шақтың әрқайсысына тән грамматикалық мағынасы (грамматикалық меншіктілік немесе жанама объектілік-бағыттылық, 1-2-жақ тәуелдік, қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын немесе өтіп кеткенін), оны білдіретін грамматикалық формасы, тұлғасы бар болса да, бұлар жеке-жеке грамматикалық категория бола ламайды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі көптік категориясы негізінен заттың көптік ұғымымен байланысты да, морфологиялық жағынан көптік жалғау арқылы беріледі. Бірақ көптік категориясы сөз болғанда ол тек көптік жалғаумен ғана шектелмеу керек. Көптік мағына грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді. Сондықтан бұл категория көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы (мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп аталынады. Сөйтіп, грамматикалық категория деген ұғымға грамматикалық мағыналар жиынтығының (жекелеген мағына емес) белгілі грамматикалық формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тәсілдер арқылы берілуі жатады. Демек, бұл баяндаудан байқалатыны – грамматикалық категория ұғымы негізінен алғанда кез келген грамматикалық мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық мағына түрімен байланысты. Ал грамматикалық мағына деген ұғымның жалпы грамматикалық мағына, қатыстық грамматикалық мағына деп аталатын түрлері грамматикалық категорияға қатысты емес пе? Деген де сұрақ туады. Грамматикалық мағынаны жалаң түрде грамматикалық мағынамен қатысты ғана қарау, сол шеңберде ғана анықтау жоғарыда көрсетілгендей дұрыс болмайды. Грамматикалық категория әрі өзара тектес, мәндес, ыңғайлас, әрі бір-біріне қайшы мәндегі бірнеше (кем дегенде екі түрлі) грамматикалық мағынада немесе мағыналар жиынтығынан тұрып, ол грамматикалық мағыналар белгілі парадигмалық тұлғалар жүйелері арқылы беріледі. Сол арқылы грамматикалық категория белгілі грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарынан) түрлену жүйесі болып, сөз табы ретінде ерекшеленеді, әрі сол сөз табының грамматикалық белгісі болып табылады. Грамматикалық категория болудың алғы шарты мынадай: 1) бірнеше, кемінде екі грамматикалық мағына болу керек; 2) ол (кемі екі) мағыналар бір-бірімен тектес, мәндес, ыңғайлас болу керек, әр тектес мағыналар грамматикалық мағына құрай алмайды; 3) ол грамматикалық мағыналар қаншама тектес, ыңғайлас болса да, мысалы, тәуелділік мағына, екінші жағынан, бір-біріне қарама-қайшы болып, мысалы, сол тәуелдіктегі жақ сияқты, яғни 1-жақ 2-жаққа, я 3-жаққа қайшы, 2-жақ 1-жаққа, я 3-жаққа қайшы келуі; 4) сөйтіп барып, әрі тектес, әрі ыңғайлас, әрі бір-біріне қарама-қайшы мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы; 5) сол тектес мағына да, қайшы мағына да бөлек-бөлек белгілі грамматикалық формалар арқылы берілуі және 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық-тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы. Міне, осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс қана грамматикалық категория болып таныла алады. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық (жалпы грамматикалық) мағыналар жүйесі (кем дегенде екі түрлі мәндес, тектес грамматикалық мағына) ешбір грамматикалық тұлғасыз семантикалық тәсіл арқылы ғана берілетін болса, онда грамматикалық категориялар жасай алмайды, өйткені грамматикалық категория тек грамматикалық мағыналар жиынтығы ғана емес, сол тектес, мәндес әрі бір-біріне қарама-қайшы грамматикалық мағыналарды білдіретін, парадигмалық сипаттағы грамматикалық тұлғалар жүйесі болып табылады. Сондықтан, мысалы, зат есімнің жалпы зат атауын білдіруін былай қойғанда, мұнда тіпті бір-біріне қарама-қайшы және тектес, мәндес мағыналық та қасиет жоқ, яғни бір ғана жалпы грамматикалық мағына (қайшы) оппозициялық және тектес мәнді және жалқы есім, деректі және дерексіз зат есім, кімдік (адамға байланысты) және нелік (адамнан басқа зат атауларына байланысты) зат есім, сапалық және қатыстық сын есім т.б. сол сөз табының (зат есім я сын есімнің) грамматикалық категориялары бола алмайды, ол грамматикалық мағыналардың семантикалық тәсіл (лексикалық мағынаның жалпылануы) арқылы берілсе де, олардың (тектес грамматикалық мағыналардың бір-біріне айырмашылығы (қарама-қайшылығы) кейде грамматикалық формалар арқылы берілетін болса, сөз жоқ, бұл мағыналар мен формалар жиынтығы грамматикалық категориялар жасай алады. Мысалы, етістіктің салттылық-сабақтылық мағынасы түбірдің семантикасы арқылы көрінеді, яғни кез келген етістіктің түбір ешбір грамматикалық формасыз-ақ я салттылық мағынаны, я сабақтылық мағынаны білдіреді. Салттылық-сабақтылық мән етістік түбірдің семантикалық сипаты, қасиеті болып табылатындықтан да, кейбір зерттеушілер бұл қасиетті етістік сөз табындағы омонимия мен полисемияның шегін ажырататын критерий ретінде де ұсынады. Соған қарамастан, етістіктің салттылық-сабақтылық және тура объектіні талап ету- етпеуіне қарай грамматикалық формаға байланысты, өйткені тура объект табыс септік формасы (ашық я жасырын түрінде) арқылы беріледі. Сөйтіп етістік түбірдің таза семантикалық тәсіл арқылы байқалатын салттылық-сабақтылық мағынасы екінші жағынан табыс септік формасы арқылы берілетін тура объектімен тікелей байланысты я байланысты емес болуы арқасында грамматикалық категория қасиетіне ие болып отыр.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.) |