Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Зат есімнің зерттелу тарихынан мағлұматПоиск на нашем сайте СООЖ 1. Грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория). 2. Сөздерді таптастырудың негізгі ұстанымдары.
СӨЖ 1. Грамматикалық ұғымдардың түрлеріне жеке-жеке мысалдар келтір. 2. Грамматикалық мағына және оның түрлері, берілу тәсілдері мен жолдары. 3. Грамматикалық форма. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестіктері. Нөлдік форма. 4. Грамматикалық категорияның түрлері. Тапсырмалар 1. Бір грамматикалық мағына беріп тұрған әр түрлі грамматикалық формаларды беретін мағынасына қарай топтастырып жазыңыздар. а) Сабыр түбі – сары алтын (Мақал). Абай мен барлық осы үйдегі еркектер тысқа шығысты (М.Ә.). Жас інілер сағынғанын көрсетіп, мойнынан құшақтап, бауырына оралып, мәз болысты (М.Ә.). Бет ашатын жігіт таяқты қолына ұстап тұрып, дағдылы жырды шұбырта жөнелді (Б.Алд.). Өрістен мал қайтып, бала шу-шу, әп-сәтте ауыл үсті азан-қазан болып кетті (И.Ж.). Тіттімбеттің сұлық кейпіне бір суық діріл соғып кетті (И.Ж.). Оға түсіп бір түрлі баяу келе жатқан Абай бір кезде арт жағынан дүрсілдеп кеп қалған ат дүбірін естіді (М.Ә.). Көп сөзді ұғым болмас, Жартасты жығып болмас (М.Қашғари). Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жерініп қызмет еткін (Б.Момышұлы). ә) Тағы бір күндей Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және, ол көбінесе, өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, бүлдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп, тағы айтқызу үшін, кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен оқып береді. Әндетіп, мақалдап оқиды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады (М.Ә.).
2. Текстегі сөздерді сөз табына қарай талдап, таптастырудың қай ұстанымына сай, қай ұстанымына қайшы келіп тұрғанын дәлелдеңіз. Ендігі сүзгені қараған еді. Ені тар болса да, көлбей созылған қалың қарағайдың сол жақ шетінен түсіп, түре қарап тұр еді. Дәл өзінің тұсына тақай бергенде, бір қалың біткен шоқ қарағайдың үстіңгі жағында болымсыз ғана бір белгі елес еткендей болды. «Шын ба, қақас көргем жоқ па» дегендей боп, көзін сүртіп ап, қайта қадалды. Болар-болмас қана білінген көкшіл буалдыр, өзге мұнардан қоюырақ және қозғалған тәрізденіп, ырғалып толқып, баяу ғана сейілдеді. Аспандап, биіктемей-ақ, көз ұшынан жоғалып жатыр. Бекболдың бір баққан белгісі осы еді (М.Ә.). Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын, әуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады» - депті (Абай). Сыртын көріп ішінен түңілме (Мақал). Ол қанша артта қалса да, пікірі алда (Ғ.Мұст.). Рақмет, концерт те өздеріңізде екен (Ғ.Мұст.). Менің іштегі суды сыртқа төгуімнен, сырттағы судың ішке құйылуы басымырақ боп кетті (С.Мұқанов). Өмірі Қатшаға мұнша көп шешіліп сыр айта қоймаушы еді (М.Әуезов). Аспан да, жер де сұп-сұрғылт (Қ.Жұмаділов). Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес (Абай). Құдық басында, кешкі ауыл сыртында... Абай сөздерін бұларға оқытып, отырып тыңдайтын Дәркембай, көп кәрі-жас бар (М.Әуезов).
ІІ МОДУЛЬ
ІІ МОДУЛЬ Зат есім
Зат есімнің жеке сөз табы ретінде танылуы А.Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Оның қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін үйретуге арналған “Тіл-құрал„ атты үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулығында сөз таптарына қатысты алғашқы мағлұматтар берілген. 1914 жылы шыққан “Тіл-құралда ол (бірінші жылдық) сөздерді мағынасына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп тоғыз сөз табына жіктеп, әрқайсысын тілдік нақты мысалдармен сипаттаған. Ғалым зат есімге «Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз,«- деген анықтама беріп, зат есімнің кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігін және бұл сұрақтардың қойылу жүйесін де көрсеткен: “Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы (7,161)„. А.Байтұрсынұлы “Тіл-құралдың„ (екінші жылдық) 1915 жылғы басылымында зат есімге кеңірек тоқталған, яғни “Заттарды көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері- көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар„, деп екіге бөліп, “Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім (7, 200)„ деген анықтама берген. Бертінде, 1930 жылдары морфология мәселелері зерттеу нысанына айналып, ғылыми түрде талдана бастады. Бұл жерде қазақ тілі грамматикасының тұңғыш авторы, профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен де сөздерді таптастыру мәселесі, соның ішінде зат есім жеке сөз табы ретінде танылғанын байқауға болады. Қ.Жұбанов жасаған “Қазақ тілінің програмында (1936)„ сөз таптары жеке тарау етіп көрсетіліп, зат есімнің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында 20 сағат берілген. Сондай-ақ ғалым “Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері„ атты мақаласында зат есімді “заттың өзін көрсететін септік, тәуелдік, көптік, -шы (кәсіп) қосымшаларын ертетін затты ғана анықтап, анықталушы сөзіне жалғас қана тұра алатын түбір болады (16, 233)„,- деп сипаттаған. Сөз таптарына қатысты пікірлерді академик Н.Сауранбаев еңбектерінен де кездестіруге болады. Оның 1939 жылы “Халық мұғалімі„ журналында жарияланған “Қазақ тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы туралы„ деген мақаласында сөздерді таптастыруды жүйелеу жөнінде ұтымды ойлары бар. 1954 жылы шыққан “Қазіргі қазақ тілі„ атты оқулықта да зат есім жеке сөз табы ретінде қарастырылды. Зат есімге байланысты жүйелі пікір көрнекті ғалым А.Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тілі„ (1964, 1974, 1991) оқулығында кеңінен қамтылды. Осы оқулықта зат есімнің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері толық сипатталған. Зат есімге қатысты пікір 1967 жылы шыққан “Қазақ тілі грамматикасында„ да бар. Ондағы “Зат есім„ тарауын С.Омарбеков жазған. Бұл тарауда зат есімнің жасалу жолдары, түрлену жүйелері талданған. Ғалымның талдауындағы бір ерекшелік-қазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшелейтін белгілердің бірі-жақтылық және жақсыздық категориясы деп дәлелдеп “Жақтылық пен жақсыздық категориясы„ деген тақырыпша берген. Автор “Лексикалық мағынасы тек “адамды„ білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімдердің басқа түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктерімен предикаттық қатынасқа түсе алмайды (31,51)„, - дей келіп, зат есімдердің жақтылық пен жақсыздық категориясы дегенді “зат есімдердің жіктелу қасиетінің бар- жоқтығы тұрғысынан ғана алып түсіну қажет„ деген түсініктеме берген. Шын мәнінде, зат есімнің барлығы жіктеле бермейтіндігі, әрі жіктік категориясы зат есімнің категориясына жатпайтындығы ғылымда дәлелденген жағдай. Сол себепті ғалымның қазақ тіліндегі зат есім категорияларының қатарына жақтылық, жақсыздық категориясын енгізуі қолдау таппады. Сондықтан болар 2002 жылы шыққан “Қазақ грамматикасы„ авторларының бірі ретінде С.Омарбекұлы “Зат есім„ тарауын жазғанда бұл тақырыпшаны өзгертіп, зат есімнің жақтылық, жақсыздық категориясы жайлы пікірін кеңейтіп, “үш жақта бірдей жіктелу қабілеті бар адамға байланысты зат есімдерді шартты түрде жақты зат есімдер, ал үш жақта бірдей жіктелу қабілеті жоқ адамнан басқа зат атауларына байланысты зат есімдерді жақсыз зат есімдер деп атасақ болады ...бұл жердегі жақты, жақсыз дегенді тек жіктік жалғауымен ғана байланыстыра ұққан абзал (32,443)„,- дей келіп, бұл мәселені “Адамзат және ғаламзат есімдері„ деген тақырыпшамен берген. Зат есімге байланысты еңбектердің бірі- Ә.Төлеуовтың “Қазақ тіліндегі зат есім категориясы„ атты оқу құралы. Автордың бұл еңбегіндегі зат есімдерге берілген лексика-семантикалық сипаттамасы, немесе зат есімнің синтаксистік қызметіне, морфологиялық белгілеріне байланысты айтқан тұжырымдары алдыңғы еңбектермен үндесіп жатыр.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.011 с.) |