Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Зат есімнің жалпы сипаттамасыПоиск на нашем сайте
Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлуде олардың лексикалық жағы ескеріледі, өйткені жеке лексикалық мағынасы бар сөздер белгілі бір сөз тобына енеді. Мысалы айна, көмір, қасық деген сөздер заттың атын білдіріп, грамматикалық тұрғысынан зат есім болады. “Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды„: тұман, қар, мереке, жолдама, ойпат, шатқал, қуаныш, сағыныш т.б. (7, 141) Олай болса, зат есім лексикалық-семантикалық сипаты жағынан өте кең, ауқымды сөз табы болып есептеледі. Бұл-зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын бірінші белгісі. Тіл білімінде сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда грамматикалық белгілер, яғни морфологиялық және синтаксистік белгілер есепке алынады. Осы тұрғыдан келгенде, алдымен оның құрылымы, екіншіден зат есімге жататын сөздердің өздеріне тән сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары, сонымен бірге зат есімді басқа сөздермен байланыстыратын көптік, тәуелдік, септік жалғауларына сай категориялары бар екендігі ескерілуі тиіс. Сонымен, зат есімдерді морфологиялық жағынан сипаттағанда оның құрылымы, жасалу тәсілдері, түрлену жүйесі, яғни көптік, тәуелдік, септік категориялары талдануы тиіс. Демек, мұның барлығы зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын екінші белгілері болып табылады. Зат есімдер сөйлемде белгілі бір қызмет атқарып, белгілі топтағы сөздермен тіркеске түседі. Зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, сөйлемде тәуелсіз мүше-бастауыш болуы олардың (зат есімдердің) жалпы категориялық мағынасы-заттылық мағынасымен байланысты екендігін аңғартады (1, 170). Зат есім басқа да сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады, мысалы, атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде объект мәнін білдіріп толықтауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, көлемдік септіктерде пысықтауыш, жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарады. Сөйтіп, зат есімнің осындай синтаксистік қызмет атқаруы-оны жеке сөз табы ретінде дәлелдейтін үшінші белгісі болып есептеледі. Зат есімнің осы үш белгісі сөздерді таптастырудың үш ұстанымына сәйкес келеді. Бұл ерекшелік зат есімнің сөз таптарының ішіндегі ең үлкен, өрісі аса кең сөз табы екендігін көрсетеді. Осымен байланысты зат есім тақырыбын үш блокқа бөліп қарастыруға мүмкіндік бар: 1- блок- зат есімнің лексика- грамматикалық сипаты, 2- блок- зат есімнің морфологиялық сипаты, 3- блок- зат есімнің синтаксистік қызметі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.) |