Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Көптік мәнді есімдерПоиск на нашем сайте Зат есімдердің семантикалық топтарының бірі-көптік мәнді есімдер. Тілімізде өзі арқылы аталатын заттың біреу емес, жиынын топтап я қамтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. Мысалы, шұбат, адыраспан, өрік, күміс, қуаныш секілді зат есімдер көптік ұғымды блдіреді. Сондықтан, ғылымда “затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын зат есімдер көптік мәнді есімдер (63,148)„ деп аталады. Олай болса, көптік мән деген ұғым заттың санымен байланысты екенін көруге болады. Бірақ көптік мәнді есімдер заттың санын дәл атамайды, сол заттың саны көп екендігін байқатады, яғни бұндай есімдердің лексикалық мағынасының өзінде көптік мән бар, тек қана тұлғасы жекеге ұқсайды. Мысалы, шаш, дән, кітап деген зат есімдер арнайы грамматикалық көрсеткіші болмаса да, көптік мәнді білдіреді. Проф. А.Ысқақов көптік мәнді есімдерді мынадай түрлерге бөледі: 1. Сұйық заттардың атаулары: айран, боза, шай т.б. 2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, түтін т.б. 3. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге т.б. 4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау т.б. 5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш т.б. 6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар т.б. (63, 149). Осы топтарға жататын зат есімдердің барлығы да ешбір грамматикалық көрсеткішсіз семантикалық жағынан көптік ұғымды білдіретін сөздер. Сондықтан да бұл сөздер осындай семантикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай зат есімдердің жеке бір тобы ретінде яғни көптік мәнді есімдер ретінде танылып жүр. Кейбір жеке сөздердің мағынасының өзінде көптік ұғымның болуы көне жазба ескерткіштер тілінде де кездеседі. Мысалы, жылқы (жылқы), барым (мүлік, дүние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелік те, көптік те ұғым берген (10,86). Сондай-ақ табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (көз, құлақ, аяқ, қолғап, етік, сырға, кебіс, бәтеңке т.б.) көптік мәнді зат есімдер қатарына жатады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.) |