Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Зат есімнің синтаксистік қызметіПоиск на нашем сайте Ілік септік
Ілік септіктің өзіне тән қоcымшалары бар (-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің) және бұл қосымшалар сөздерге үндестік заңы бойынша жалғанады. Мысалы,оқушының, інінің, айдың, желдің, жапырақтың, теректің т.б. Ілік септік қосымшалы да, қосымшасыз да тұлғада қолданылады. «Оның солайша я ашық, я жасырын қолданылғандағы мағыналары, әрине, дәл бірдей емес, өзара айырмашылық болады. (65, 64)ң Шындығында да бір септіктің екі тұлғасының тілде қатарынан қолданылуы олардың арасындағы белгілі айырмашылыққа байланысты. Өйткені олардың мағынасы мен жұмсалу орындарында, атқаратын қызметінде ешқандай ерекшелік болмаса, бұлардың екеуі бірдей тілде сақталмас еді. Әрине бұл екі тұлғаның екеуі де бір септік тұлғасы болғандықтан, олардың мағынасы мүлдем басқа болуы да мүмкін емес. Сонымен бірге бұл екі тұлғаның екеуі де алғашқы бір мағынадан тараған. Ілік септіктің алғашқы мағынасы тәуелдік категориясымен байланысты қалыптасқан. Анығырақ айтқанда, ілік септік алғаш меншікті заттың иесін білдірген. Көне жазба ескерткіштер тілін зерттеген ғалымдар (Батманов Н.А, Каримов К, Құрышжанов Ә, Томанов М, Ағманов Е, Мамедов Ю.К, Айдаров Ғ.т.б.) ілік септіктің бұл мағынасын үнемі көрсетіп отырған. Міне, сол көне замандардан бері қарай қолданылып келе жатқан ілік септіктің екі формасының мағынасы сол бір қалыпта сақталуы мүмкін емес. Ілік септіктің мағынасы да дамуға түскен. Осының нәтижесінде қазіргі ілік септіктің мағынасы өте дамыған. Ілік септік жалғаулары сөзге жалғанғанда грамматикалық меншіктілікті (иелікті) білдіруі-оның негізгі мағынасы. Мысалы, Мырза аттан түспей, Жаяу Мұсаның үйіне шабарманын жұмсапты (М. Сәрсекеев). Қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп жүргендей, ілік септіктің бұдан басқа да мағыналары бар: - ілік септіктегі сөз адамдар арасындағы туыстық жақындықты, қарым-қатынасты білдіреді. Мысалы, Мен сол Хакімнің ағасымын(Х. Есенжанов). Жыршы білгенін інісінің жолдасынан жасырмады (сонда). - заттар арасындағы органикалық, табиғи байланысты білдіреді. Мысалы, Жусанның жапырағыөте ұсақ, жалбыздың жапырағыүлкендеу (оқулықта). - заттың, нәрсенің бөлшегі неге тән екендігін білдіреді. Мысалы, Сары май, құрт, бәтір нан иісі Айғыздың мұрнын жарып жібере жаздады (Қ. Исабеков). Әбдіжан дән риза болған қалыппен қарттың қолын алып хош айтты (С. Бегалин). - заттардың, құбылыстардың, абстракциялы ұғымдардың арасындағы әр түрлі тәуелділік қарым-қатынасты білдіреді. Мысалы, Біреуді ден қойып тыңдай білу- әдептіліктің белгісі. - ілік жалғаулы зат есім кейбір қимыл есімдерімен тәуелділік байланыста айтылғанда, логикалық субъектіні білдіреді. Мысалы, Өзен жақтан балалардың шуылыестіледі (М. Мақатаев). - белгілі бір қасиеттің, сапаның кімге, неменеге тән екендігін білдіреді. Мысалы, Назым достарының ұйымшылдығынқызыға әңгімеледі. - субстантивтенген сын есім арқылы көрсетіп, сапаның, белгінің не нәрсеге тән екендігін білдіреді. Мысалы, Өзімізге қарасты ағайынның үлкендеріде келген (Н. Ғабдуллин). - заттың белгілі бір қасиетінің артықшылығына немесе төмендігіне қарай заттардың өзге тобынан даралап, оқшаулап көрсетеді. Мысалы, Ақбөбек көріктінің көріктісіеді. Міне, бұдан ілік септіктің қосымшалы тұлғасы меншікті заттың иесін де білдіреді және басқа да түрлі қатыстық мағыналар да қолданылатындығын байқауға болады. Ілік септіктің жоғарыда айтылғандай, қосымшасыз да қолданылатын кездері бар. Мысалы, Тәңірберген ат тізгінін қарыстырып ұстап алған (Ә. Нұрпейісов). От лебінен ери бастаған қар төбеден мөлт-мөлт етеді (Ғ. Мүсірепов). Жағалай жиі орнатылған жеміс бақшасы бар (С. Шаймерденов). Осы мысалдардағы ат тізгіні, от лебі, жеміс бақшасы-изафеттік құрылыстағы тіркестер.Бұл тіркестердің алғашқы компоненттері ілік септіктің қосымшасыз формасында тұр. Олардың ілік септікте тұрғанын оларға тіркескен тәуелдік жалғауының 3-жағында тұрған сөз көрсетеді, өйткені тәуелдік жалғаулы сөз қашан да ілік жалғаулы сөзбен тіркеседі. Сондықтан бұл екі формадағы сөз біріне-бірі көрсеткіш бола алады. Изафеттік құрылыстағы тіркестердің бірінші компонентінің ілік септікте тұрғаны басқаша да дәлелденеді. Ол үшін осы тіркестерді ілік септіктің қосымшалы формасымен ауыстыруға болады:аттың тізгіні, оттың лебі, жемістің бақшасы. Осылайша бұл мысалдардағы сөздердің ілік септіктің қосымшасыз формасында тұрғанын анық байқалады. Енді осы ілік септіктің қосымшасыз формасындағы сөздердің қандай мағына беріп тұрғанына көңіл бөлейік. Алдымен бұл изафеттік құрылыстағы тіркестердің ешқайсысы бір заттың екінші затқа меншіктілігін білдірмейді, яғни мұнда меншіктілік қатыс мүлдем жоқ. Бұл тіркестерде тек қана аттың тізгінге, оттың лепке, жемістің бақшаға қатысы ғана берілген. Объективті өмірдегі бір-бірімен тығыз байланысты заттардың қатысы көрсетілген, ол-ат пен тізгін, от пен леп, жеміс пен бақша. Осы байланыс ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы мен тәуелдік тұлға арқылы беріліп тұр. Сөйтіп, бұл мысалдарда меншіктілік, тәуелділік қарым-қатынас емес, заттардың бір-біріне жалпы қатысы ретіндегі абстракт мағына бар. Объективті өмірдегі заттардың бірімен бірінің қатысы, байланысы сан алуан. Мысалы, Осы арада бұлар күн ыстығы қайтқанша болды (Ә. Нұрпейісов). Ой мешеулігінен қамданбасқа сабыр жетпейді (Ғ. Мүсірепов). Осы мысалдардағы зат пен оның белгісі, абстракт зат пен оның белгісі арасындағы байланыс изафеттік құрылыс арқылы берілген. Бұл тіркестерде тәуелділік, меншіктілік ұғым жоқ, тек қана зат пен оның белгісінің арасындағы қатынас көрсетілген. Олай болса, ілік септіктің қосымшасыз формасы негізінен қатыстық мағыналарды білдіреді. Енді солардың негізгілеріне тоқталайық: - объективті өмірдегі зат пен заттың арасындағы табиғи қарым-қатынасты ілік септіктің қосымшасыз формасы білдіреді. Мысалы, балық майы, ат тұяғы, ешкі түбіті, марал мүйізі, сиыр сүті, лақ терісі т.б. - осы топқа бір заттан тараған екінші заттың алғашқыға қатысы да ілік септіктің қосымшасыз формасы арқылы беріледі. Мысалы, күн нұры, найзағай оты, от лебі, таң жарығы, түн самалы, таң салқыны, кеш қараңғылығы, найзағай оты т.б. - мал, хайуанаттар мен төлдер арасындағы қатыс, байланыс та ілік септіктің қосымшасыз формасы арқылы беріледі. Мысалы, ешкі лағы, ит күшігі, қой қозысы, қаз балапаны, қоян көжегі т.б. - мекеме мен қызметкер арасындағы қатысты да білдіреді. Мысалы, поезд бастығы, мұнай инженері,құрылыс жұмысшысы, мектеп мұғалімі, смена бастығы, фирма директоры т.б. - заттың мекеніне немесе, керісінше мекеннің затқа қатысын да білдіреді. Мысалы, гүл алаңы, балықшылар аулы, студенттер жатақханасы, театр үйі, мал қорасы, су қоймасы т.б. - бір заттың атымен екінші заттың аталуынан пайда болған заттардың арасындағы қатысты білдіреді. Мысалы, Жамбыл музейі, Абай көшесі, Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі т.б. - заттың мезгілге қатысы да ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы арқылы беріледі. Мысалы, көктем кезі, түс уақытында, қыс мезгілінде, жыл аяғы, жұмыс аяғы т.б. - өмірде әр заттың түрлі қимыл-әрекетке түсуі заңды. Заттың қимыл-әрекетінің бірсыпырасы оның белгісі ретінде затпен қарым-қатынасқа түседі. Осы байланыс тілде изафеттік құрылыстағы тіркес арқылы беріледі. Мұндай тіркесте ілік септігінің қосымшасыз тұлғасы қимыл-әрекеттің қай затқа қатысты екенін көрсетеді. Мысалы, Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді (М. Әуезов). Ауға тәуір балық түсетініне сенімі мол (Ә. Нұрпейісов). Сонымен, ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы білдіретін қатыстық мағыналардың бастылары осылар. Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз тұлғада қолданылуының өзіндік себептері бар. Проф. М. Балақаев ілік септіктің қосымшалы формасы тәуелденулі заттың қай затқа, кімге меншікті екенін әдейілеп, арнап көрсету керек болғанда ғана қолданылады, ал бұл мағына болмаса, изафеттік құрамдағы сөздердің бірі екіншісіне заттық сапа ретінде жұмсалса, онда ілік септіктің жалғаусыз формасы қолданылады деп санайды (10, 39) М. Балақаев ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз формаларының мағынасын меншіктілік және қатыстық мағынамен ғана байланыстырып қоймайды. Сонымен бірге меншіктілік мәнге ерекше көңіл болу, меншікті заттың иесін баса көрсету іліктің қосымшалы формасына қатысты деп санайды. Міне, бұл пікірге ерекше мән беру керек. Тіл материалдары да осы пікірді растайды. Меншіктілік мағынаны білдіретін изафеттік құрылыстағы сөздер тіркесінде- ол меншіктілік мәннің жалпыланған түрі және оның шын мәніндегі бір заттың екінші затқа меншіктілігін, тәуелділігін көрсетуге арналған түрі бар. Басқаша айтқанда, жалпы алғанда, меншіктілік мәнге жататын изафеттік құрылыстағы тіркестердің өзі іштей біркелкі емес. Осымен байланысты мұнда ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз формасының қолданылуында да айырма бар. Осы ерекшелікті М. Балақаев дұрыс аңғарған. Мысалы: Ішкен мен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде жүрген бай баласыаз ба? Үштен, төрттен, бес-алтыдан шоғырланған ел кісілері, қала халқы (М.Әуезов). Бұл мысалдарда бай баласы, ел кісілері, қала халқы деген изафеттік құрылыстағы тіркестерде меншіктілік мән түрлі дәрежеде. Осылардың ішінен бай баласы дегенде меншіктілік мән күштірек сияқты болып көрінеді. Бірақ, шын мәнінде, бұл дұрыс емес. Себебі, мұнда белгілі бір байдың өзіне тән баласы туралы сөз болып отырған жоқ. Мұнда меншіктілік мағына емес, қатыстық мағына басым. Сондықтан да осындай фактілерді М. Балақаев ілік септіктің қосымшасыз формасының заттық сапа ретінде жұмсалуы деп таныған. Бірақ бұл сапа дегеннен гөрі қатыстық мағына дегенге сәйкес келеді. Айтылған пікірдің ақиқаттығына көз жеткізу үшін осы мысалды нағыз меншіктілік мәнде алып қарайық. Мысалы: Хасен-Жұман байдың баласы. Бұл сөйлемде жоғарыдағы изафеттік құрылыстағы сөздер енді ілік септіктің қосымшалы формасында қолданылып тұр. Яғни бұл мысалдағы әңгіме бір заттың екінші затқа тәуелділігі туралы айтылып және бұл мағынаға ерекше мән берілген, өйткені сөйлемнің жалпы мағынасы сол мағынаны білдіруге арналған. Сондықтан да мұнда ілік септіктің қосымшалы формасы қолданылған. Ілік септіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі-анықтауыш болуы. Мысалы, Исатайдың ақырған даусы естіліп, ол бастаған қалың қол көрінгенде, жау қаша жөнелді (Қ.Жұмалиев). Жаңадан жасалатын бұйымдарды да Абайдың ұнататын өрнек-бояуларымен көркемдеуді ескерді (К. Оразалин).
Барыс септік Барыс септіктің зат есімге жалғанатын жалғаулары -ға,-ге-қа,-ке,-а,-е,-на,-не. Мысалы, ауылға, үйге, университетке т.б. Бұл септіктің грамматикалық мағыналары өте көп. Оқулықтарда көрсетіліп жүрген мынадай мағыналары бар: - барыс септіктегі сөз істің, қимылдың, іс-әрекеттің барып тірелер жерін, аяқталар шегін көрсетеді. Мысалы, Әкем қырық бірінші жылы майданғакеткенде сіздің жасыңыз 20 да екен (Н. Ғабдуллин). - қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын білдіреді. Мысалы, Ол жолаушығатерезеден үңіліп қарады (Н.Ғабдуллин). - іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын, не үшін істелетінін білдіреді. Мысалы, Әділбек әскери борышын өтегеннен кейін оқуға кетті. - барыс жалғаулы сөз өзі жалғанатын сөзінің семантикасына қарай кейде мөлшер, мезгіл мағынасында да қолданылады. Мысалы, Солардың арқасында екі араға, енді міне жол түсті, мың жылғасозылатын құдалар жолы (Н. Ғабдуллин). Барыс септігі қосымшасының жасырын түрде қолданылуы тілде өте сирек кездеседі. Мысалы, Астанабарды.Сонау бір жылы келдің… Құлжа бардың. Сауда мақсатымен Жаркент, Құлжа барған (С. Бақбергенов). Сондай-ақ С.Исаев «қазіргі тіліміздегі ер жету, бой жету тұрақты тіркестерді тарихи жағынан ерге жету, бойға жету түрлерінен, алдыңғы сөз барыс септікті тұлғадағы үлгіден қалыптасқан,ң-дей келіп, қазақтың әр кездегі жазба нұсқалары тілінде бұл тіркестердің ерге жету, бойға жету түрінде кездесетіндігін, сонымен бірге жетуетістігінің әдетте барыс септік тұлғадағы сөзді меңгеретіндігі (мемлекетке жету, мұратына жету, арманына жету, жасына жету т.б.) арқылы дәлелдеген (21, 88). Барыс септігіндегі сөздер сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Ол не істерін білмей Аронғақарады (Х. Есенжанов). Альпинистер туды таудың төбесінетікті.
Табыс септік
Бұл септіктің қосымшасы –ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н. Осы қосымшалардың ішінде –н тәуелдік жалғаулы зат есімнің үшінші жағынан кейін жалғанады (ел-і-н,жер-і-н т.б). Табыс септігінің негізгі мағынасы қимылға түсетін объектіні білдіреді. Мысалы, Бүркітті көрген түлкі ол кезде тастың үңгіріне кіріп кеткен (С. Мұқанов). Қарапайым жұрттың ішінде беделді Бұланбайды Байжан да қатты қадірлейтін еді (Ғ.Мүсірепов). Табыс септік те ілік септік секілді бірде ашық, бірде жасырын қолданылады. Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формалары тілдің грамматикалық құрылысының дамуында әрқайсысы өзінше мағыналық реңкке ие болып, әрқайсысының қолданылатын орны мен қызметі ажыратылған. Сондықтан да, бұл екі форманың екеуі де тілде күні бүгінге дейін сақталып, қызмет атқарады . Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формаларының бір-бірінен сөйлемдегі орны жағынан да айырмашылығы бар. Табыс септіктің қосымшасыз формасындағы сөздің орны тұрақты болса, қосымшалы формадағы сөзде ондай тұрақтылық міндетті емес. Ол сабақты етістікпен тікелей жақын тұрып та, алшақ тұрып та, орын ауыстырып та тіркесе береді. Объектінің сабақты етістікпен тікелей тіркеспей, алшақ қолданылуы, не онымен орны ауысып тұруы оның объекті ретінде түсінілмеуін туғызады. Сондықтан, сөйлемде объекті өз орнында қолданылмағанда, оның объекті екенін көрсететін табыс септік қосымшасы жалғанады. Өйткені, тілде көне замандардан қалыптасқан заңдылық бойынша объекті тікелей сабақты етістіктің алдынан тіркеседі. Бұл заңдылық бұзылған жерде объекті қосымшасыз формада тұра алмайды. Осы жағдайға қарап, объектінің сөйлемде өзінің тұрақты орнынан басқа орында қолданылуы тілде табыс септіктің қосымшасының пайда болуына себеп болуы да мүмкін деген жорамал жасауға болады. Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формалары жүйесіз қолданыла бермейді. Олардың әрқайсысы белгілі орында қолданылуға бейімделген. Табыс септіктің қосымшалы формасы, негізінен, төмендегі жағдайда қолданылады. - сөйлеуші объектіге ерекше мән беріп, оған көңіл аударғысы келсе, табыс септіктің жалғаулы формасы қолданылады. Мысалы: кітапты бер, журналды оқы, тамақты іш, т.б. - табыс септіктегі сөздің алдынан жекелейтін, даралайтын, топ заттан бөліп көрсететін анықтауыш тұрса, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: бұл баланы танимын, мына кітапты оқыдым, т.б. - жалқы есімдерде табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: Асқарды көрдім, Айжанды шақырды,т.б. - тәуелденген сөз табыс септіктің қосымшалы формасында тұрады. Мысалы: әкеңді танимын, кітабымды алдым, т.б. - табыс септік жалғаулы сөз бен тіркесетін етістіктің арасында басқа сөз тұрса, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: киноны кеше көрді, егінді бүгін суарды, т.б. - заттанған сөз таптары /сын есім, есімше, тұйық етістік т.б./ табыс септіктің қосымшалы формасында қолданылады. Мысалы: жақсыны сыйла, естігенді айтпа, көргенді айт, айтуды ұмытпа т.б. - есімдік пен сан есім табыс септіктің қосымшалы формасымен қолданылады. Мысалы: мынаны түсіндірші, онды онға қос т.б. - объекті бастауыш болып түсінілуі мүмкін құрылыста табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: Жолшыбай кейде биді, кейде қожаны, кейде төрені оңашалап әкетіп, алдағы бір ауылға жақындағанда ғана топқа қосылып отыр /Ғ. Мүсірепов/. - бастауыш пен толықтауыш бір сөзден болғанда, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: адам адамды сыйлайды, аңшы аңшыны таниды т.б. - күрделі етістікпен тіркескен толықтауыштар табыс септіктің қосымшалы формасында қоданылады. Мысалы: көшті бастап әкетті, жоспарды жүзеге асыру, табысты баянды ету т.б. - экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не қосарлы етістіктердің жетегінде айтылатын тура толықтауыштар табыс септіктің қосымшалы формасында қолданылады. Мысалы: Қатар тұрған екі самауырға таскөмірді тастап-тастап жіберді. Он жеті мың жылқыны жауып жіберіп…, еріксіз көшірмекші /Ғ.Мүсірепов/. Табыс септігіндегі сөз сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Рысқұлов машинаны тоқтатып, жерге түсті (Ш. Мұртаза). Төреші жап-жас қазақ балуаны Мұқанды күрес алаңына алып жүрді(М. Тәнекеев).
Жатыс септік
Бұл септіктің қосымшалары -да,-де,-та,-те,-нда,-нде. Жатыс септіктің басты мағыналары мыналар: - істің, қимылдың болып жатқан орнын, мекенін білдіреді. Мысалы, Аспандатырналар да тізіліп ұшып барады (М. Дулатов). - жатыс септігіндегі сөз істің,қимылдың қай уақытта, қай мерзімде өткендігін білдіреді. Мысалы, Сабақ қыркүйектің басындабасталады дегенге, ауылдан Ботагөз ерте шығып, қалаға келгеніне айға жақындап қалған (С. Мұқанов). Жатыс септіктің қосымшасыз қолданылуы өте сирек кездеседі. Тек қана бірыңғай мүшелерде жатыс септігі жалғауы түсіп қалады. Мысалы, Солтүстік Африкамен Аравиядамүйізі бар улы сұр жыландар өмір сүреді (журналдан). Жатыс септігінде қолданылған сөздер мезгіл, мекен пысықтауыш және жанама толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Кейбір жерлерде қоянның кеуегі тәрізді қуыстар кездеседі. Көктемде сайсала суға толды. Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.
Шығыс септік
Бұл септіктің қосымшалары –дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен. Шығыс септіктің басты мағыналары: - шығыс септігіндегі сөз істің, қимылдың неден, қай жерден басталғанын білдіреді. Мысалы, Тақырланып қалған жазғы жайлаудан келе жатқан жылқы… ұстарадай өткір тістерін жерге қадай бастады.(Ғ.Мүсірепов) - қимыл, іс-әрекеттің қандай объектінің төңірегінде, маңында өткендігін білдіреді. Мысалы, Досанды мойнынанқұшақтай алды (Н. Ғабдуллин). - шығыс септіктегі зат есімдер істің, қимылдың, әрекеттің себебін білдіреді. Мысалы, Мен көпшіліктен емес, ең алдымен Мұқтарданжасқанатынмын (К. Оразалин). - сындық мағынадағы сөздермен грамматикалық қатынаста айтылған шығыс септікті зат есім салыстыру мәнін аңғартады. Мысалы, Алтыннанқымбат сөз айтсаң, ақымақ көңіл қоймайды. - шығыс жалғаулы зат есімдердің жиі қолданылатын мағыналарының бірі-белгілі бір бөлшегі, белгілі бір үлесі алынатын затты білдіру. Мысалы, Шолпан асығып тұрса да, ертеңгі астанауыз тиді (Х. Есенжанов). - кейде шығыс септігіндегі сөзден нәрсенің, заттың тегі, неден, не нәрседен істелгені көрініп тұрады. Мысалы, Үлкен сырлы тегенедегі сары қымызды арқар мүйізіненойып жасалған ожаумен құйды (К. Оразалин). - сөздің негізгі лексикалық мәніне қарай шығыс септігі өлшем, мөлшер мағынасын да аңғартады. Мысалы, Жұмысқа кіргеніне жеті айданасты (газеттен). - істің, қимылдың мекенін білдіреді. Мысалы, Осы үш ұлы адамның туған жеріненашылған әдеби қорықтың қанша міндет атқаруға тиісті екендігін уақыт көрсетеді (К. Оразалин). Шығыс септікті сөз сөйлемде пысықтауыш, жанама толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Өз үйімненешкімнің келмегені тегін емес (Ә. Сәрсенбаев). Белгі жолдантайдырмас, білім сөзденжаңылдырмас. Шығыс септігі жалғауының түсіп қалатын кездері өте сирек. Мысалы, Шыңғысасып, жайлаудан құлаған бетте (К. Оразалин).
Көмектес септік
Бұл септіктің жалғаулары –мен,-бен,-пен,-менен,-бенен,-пенен. Көмектес септік жалғауларының бір ерекшелігі-олардың тілімізде фонетикалық жуан варианты жоқ. Көмектес септіктің басты мағыналары: - істің, қимылдың немен, қандай құралмен істелгенін білдіреді. Мысалы, Орамалментерін шапшаң сүртіп, самай шашын асығып түзеді (Н. Ғабдуллин). - іс-әрекетті, қимылды атқаруға қатынасқан адамды білдіру де көмектес септіктің негізгі мағыналарының бірі. Мысалы, Ол әскерге Досандарменбірге аттанған жігіт еді (К. Оразалин). - көмектес септігіндегі зат есім кейде істің, қимылдың амалын білдіреді. Мысалы, … істің жедел қолға алынғанын ризалықпенеске алды (сонда). - көмектес жалғаулы зат есімнен кейде істің, қимылдың, мекені, мезгілі көрініп тұрады. Мысалы, Бұлақтың арасыменжарыса жүріп, жазыққа түсейік (сонда). Көмектес септік жалғаулы сөз жанама толықтауыш болады. Мысалы, Назыммен телефон арқылы хабарласты. Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Көмектес септік жалғаулы сөз сөйлемде пысықтауыш та болады. Мысалы, Домбыра үлкен шеберлікпен жасалыпты.
Зат есімнің жіктелуі Жіктелу категориясы зат есімнің категорияларына кірмейтіндігі ғылымда дәлелденген жағдай, сондықтан төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септік жалғаулар) әдетте сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады(21, 110). Бірақ есім сөздердің, оның ішінде, зат есімнің жіктелетін түрлері бар және оларға жіктік жалғау тікелей жалғанады. Есім сөздердің жіктелуі түркі тілдерінің өздеріне тән ерекшелігі болып табылады. Бұл жөнінде академиялық грамматикада түркі тілдерінің морфология жүйесінің өзге тілдерден, мысалы, еуропа тілдерінен басты бір ерекшелігі екендігі көрсетіліп, орыс тілімен салыстырып көрсетілген, яғни «орыс тілінде есім сөз баяндауыш қызметін атқару үшін ол сөйлем ішінде белгілі бір орын тәртібінің сақталуы немесе бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы грамматикалық дәнекердің болуы қажет. Ал, түркі тілдерінде есім сөздердің жіктелуі-оның баяндауыш болатындығының кепілі(32, 458) ң. Мұны С. Исаев жіктік жалғау ауқымының кеңдігімен әрі жіктік жалғаудың предикаттық мәні мен сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұру қасиетімен байланыстырып, «предикат қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара аладың- дейді. Зат есімнің ішінде адам, кісі аттары, мамандық, туыстық атаулары жіктеледі. Зат есімге жіктік жалғауының толық түрі жалғанады. Мысалы,
Жекеше Көпше Мен дәрігермін Біздер дәрігер(лер)-міз Сен дәрігерсің Сендер дәрігер(лер)-сің-дер Сіз дәрігерсіз Сіздер дәрігер(лер)-сіз-дер Ол дәрігер Олар дәрігер(лер)
Мен жиен-мін Біз жиен(дер)-біз(-міз) Сен жиен-сің Сендер жиен(дер)-сің-дер Сіз жиен-сіз Сіздер жиен(дер)-сіз-дер Ол жиен Олар жиен(дер)
Сонымен, жіктелетін зат есім көбінесе субъекті білдіретін сөз болуы тиіс екен. Бірақ «тура мағынасы субъектіні білдіру болмаса да, қолданылу ыңғайына қарай субъектілік мәнге ие болған зат есімдердің өзге топтарының да жіктелетін кездері болады(32, 459)«. Зат есімнің осылайша ауыспалы мағынасында субъектіні білдіруінің ғылымда дәлелденген бірнеше жолдары бар: -нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың атын білдіретін зат есімдерді сөйлеуші яки жазушы белгілі мақсатпен адам кейпіндегі бейне ретінде қолданылатын кездері болады. Сондай кезде тіршілік иесінің атын білдіретін сөздер субъект ретінде ұғынылып, тікелей субъектіні білдіретін зат есімдерше түрленеді. Мысалы, біздер, қазақтар, бауырмал халықпыз. -белгілі бір субъектіні білдіретін ұғымның теңеуі, салыстырмалы баламасы ретінде бейнелі түрде жұмсалған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы, Сәлем саған, қара көз, Сен- бір алтын, мен- бір жез(М. Мақатаев). -тілімізде кейде мекендік мәнді бірқатар зат есімдерде де оларға жатыс, шығыс септіктің қосымшасы жалғанған кезде,жіктелгіштік қасиет пайда болды. Мұндай зат есімдер сөйлемде көбіне субъектінің мекенін, отырған орнын, қайдан, қай жерден шыққандығын білдіреді. Мысалы, Біз Алматыданбыз, сендер қай қаладансыздар? Жіктік жалғауының тағы бір ерекшелігі-қосымшалар қабаттаса қолданылғанда, зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшаларынан соң ғана жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы, үй-лер-іміз-де-міз.
ІІІ БЛОК
Сөздерді таптастырудың үшінші ұстанымына сәйкес зат есім сөйлемде белгілі синтаксистік қызмет атқарады. Сондықтан оқулықтарда зат есімнің синтаксистік сипаты өз алдына сөз болып, зат есімнің сөйлемнің барлық мүшелері де бола алатындығы көрсетіліп келеді(63, 170). Семантикалық жағынан негізінен заттық ұғымды білдіретін-діктен, зат есімнің ең негізгі және ең басты қызметі-бастауыш пен толықтауыш болу. Мысалы, Ат-адамның қанаты, Ас-адамның қуаты. Күн жаңа ғана көтеріліп келеді. Дөң басы қазіргі уақытта өзгеше көңілді(М.Әуезов). Еңбек ерлікке жеткізеді,Ерлік елдікке жеткізеді.Күйші қарт домбырасын екпіндете шертті(Ә.Сәрсенбаев). Осы сөйлемдердегі ат, ас, күн, дөң басы зат есімнен жасалған бастауыштар да, ерлікке, елдікке, домбырасын-толықтауыштар. Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіріп, пысықтауыш бо-лады. Мысалы, Төреші жап-жас қазақ балуаны. Мұқанды күрес алаңына алып жүрді(М. Тәнекеев). Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың(Ә.Табылдиев). Зат есім анықталатын сөздің алдында келіп, анықтауыш та болады. Мысалы, Факультеттің студенттері жазғы сессияны ойдағыдай тапсырды. Жіктік тұлғалы, сондай-ақ 3-жақ нөлдік формалы зат есімдер сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Мен-баласыдаланың, Кең далама тартып туған баламын(М.Әлімбаев). Қуат алған өзінен, Туған елдің ұлымын. Бақытты етіп өсірген Отанымның гүлімін(А.Сәрсенов). Зат есім осылайша сөйлем құрамында келгенде негізгі қыз-меті –бастауыш пен толықтауыш болғанмен, анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш қызметінде де жұмсалады. Зат есімнің синтаксистік қызметі соңғы кезге дейін осы тұрғыда сипатталып келді. Қазақ тіл білімі де басқа ғылым салалары секілді жетіліп, жаңа белесте ғылыми табыстарға ие болуда. Сондай белестің бірі- сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің дербес саласы болып оқытылуы. Осымен байланысты 2002 жылы шыққан “Қазақ грамма-тикасында” зат есімнің синтаксистік қызметін сипаттағанда оның сөз тіркесіне қатысы да ескерілген. Сондықтан академиялық грамматикада сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қандай сөз табынан жасалатындығына қарай есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесі болып екі топқа бөлінетіндігі айтыла келіп, сөз тіркесінің осы екі тобының екеуіне де ортақтығы бар сөз табының бірі-зат есім екендігі нақты тілдік мысалдармен дәлелденген. Бұдан зат есімнің сөз тіркесі құрамында да синтаксистік қызмет атқаратындығы байқалады. Бұл ерекшелік грамматикада нақты мысалдармен көрсетілген: - меңгеріле, матаса байланысқан есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болады. Мысалы, алтын сақа, білгенге маржан, Омардың ұлы т.б. - етістікті сөз тіркесінің құрамында келген зат есімдер негізінен меңгеріле байланысқан тіркесінің бағыныңқы сыңарының қызметін атқарады. Мысалы, базарға кетті, базарды аралады, базарда жүр т.б.(32 ,459).
2-модуль бойынша студенттің оқытушының жетекшілігімен істейтін жұмыстарының (СОЖӨЖ) тақырыптары:
1. Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері 2. Қазақ тіліндегі септік жалғауларының мағыналары мен қызметі 3. Көмекші есімдер, олардың ерекшеліктері
Студенттің өз бетімен істейтін (СӨЖ) жұмыстарының тақырыптары:
1. Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы 2. Жалаң және күрделі зат есімдер 3. Зат есімнің тәуелдік категориясы 4. Зат есімнің жіктелуі. Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз қолданылуының себептері. 2-модуль бойынша тапсырмалар: а/ Зат есімдерді теріп алып, мағынасына қарай кесте сызып, топтап жазыңыздар. Тұлпардан тұлпар туады, Сұңқардан сұңқар туады. Асылдан асыл туады, Жалқаудан масыл туады, Масылдан малбақпас туады, Тілазардан қалжақпас туады, Таздан жарғақбас туады, Сараңнан бермес туады. Соқырдан көрмес туады. Мылжыңнан езбе туады... Қыдыршадан кезбе туады... Осы бір Майқы бабамыз айтып кеткен түбі бір түбірлі сөз сол заманнан бері атадан балаға мирас боп айтылып келеді. ә/ 1. Төле би бір жұма намазда өзінің би, болыс, жүз басы, мың басыларымен Түркістанға келіп, Қожа Ахмет Яссауи мешітіне кіреді, намазға тұрады. 2. Бір жылы жазда Төле би ер жетіп, азамат болған баласына отау тігіп, үйлендірмек болады да, өзінің ойлас, пікірлес билерін шақырады. 3. Орман ағашын өгізіне сүйретіп иен далаға шыққан диқан Төлеге кездесе кетеді. 4. Жасы тоқсан үшке келгенде Төле би баба төсек тартып жатып қалады. /Қазақтың би-шешендері/.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.011 с.) |