Осы мысалдардағы жауынды, білімді, сулы, үкілі, малды, күзгі, көршілес, қатулы, үюлі сөздері- қатыстық сын есімдер. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Осы мысалдардағы жауынды, білімді, сулы, үкілі, малды, күзгі, көршілес, қатулы, үюлі сөздері- қатыстық сын есімдер.

Сапалық сын есімдер

            

Сапалық сын есімдер, оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, мағынасы жағынан заттың түрі мен түсін(ақ, қара, қызық, көк, сұр т.б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін( ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіреді.

  Сапалық сын есімдер негізінен қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер ретінде қарастырылады. Мысалы, ақ, көк, сары, жақсы, биік т.б. секілді сын есімдер түбір сөздер, бірақ сапалық сын есімдерді қосымшасыз негізгі түбірлер дегенді шартты түрде ғана алып, белгілі бір кезең, қалыптасқан дәстүр тұрғысынан қарамау жөнінде грамматикаларда ескертілген (31, 70). Осы пікірді проф. А.Ысқақов та жалғастырып, сапалық сын есімдерге түбір сөздерді жатқызу салты бар екендігіне тоқтала келіп, “бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұр-ғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы, ұзын, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыды, момақан, ашылды, жабылды, жалпайған сөздерімен түбірлес болған(63, 177),” -дейді.

  Бірақ ғалым келтіріп отырған сын есімдер тарихи жағынан түбір сөздер болғанымен, сапалық сын есімдер қатарына жатады, өйткені оларда сапалық сын есімдерге тән белгілер бар. Ал сапалық сындардың ерекшеліктері мыналар: біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және сынның әр-қилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады, екіншіден, оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданатын үстеме буындар жалғанады, үшіншіден, олар семантикалық ерекшелігіне қарай атрибуттық (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады (63, 177). Сонымен бірге, заттың сапалық белгісі өзінің бастапқы қалпын үнемі сақтап тұрмайтын ерекшелігі де айтылып жүр. “Мысалы, жаңа дәптер, қызыл орамал десек, мұндағы анықталушы зат есімдер (дәптер орамал) осы қалпында тұра бермей, пайдалану барысында сындық сипатын өзгертеді (ескі дәптер, қызғылт орамал) (49, 6)”

Қатыстық сын есімдер

            

Сын есімнің мағыналық топтарының бірі-қатыстық сын есімдер туралы грамматикаларда“қатыстық сын есімдер өздері жасалған түбір сөздің мағынасымен сыбайлас келіп, сол белгілі бір заттың белгісін басқа бір заттың, істің қатысы арқылы білдіреді (31, 71),”“бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-қимылдың қатысы арқылы білдіретін сөздер (63, 178),” “бір заттың белгісін басқа бір заттың, қимыл іс-әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сөздер(32, 461),”-деген анықтамалар берілген. Мысалы, жауынды күз, білімді студент, сулы жер, үкілі домбыра, малды ауыл, күзгі жел, көршілес ауыл, қатулы қабақ, үюлі шөп т.б.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.006 с.)