Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сын есімнің морфологиялық құрылымыПоиск на нашем сайте Қатыстық сын есімдер морфемдік құрамы жағынан-негізгі және көмекші морфемалардан тұрады, яғни“әр түрлі жұрнақтар ар-қылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады (31, 71),” Мысалы, оюлы (текемет), тастақ (жер), қарлы (қыс) т.б. секілді туынды сын есімдердің мағыналары өздерінің түбірі болып тұрған-ою, тас, қар сөздерімен тығыз байланысты, өйткені оюы жоқ текемет оюлы, тасы жоқ жер тастақ, қар жаумаған қыс қарлы деп айтылмаған болар еді, ал оларға жалғанған -лы,-тақ,-лы жұрнақтары текеметте, жерде, қыста сол белгілердің бар екенін көрсетіп тұр. Олай болса, қатыстық сын есімдердің құрамындағы негізгі морфема мен қосымша морфеманың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады. Қатыстық сын есімдер негізінен есімдер мен етістіктерден жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, қамысты, шилі, пайдалы, намысқор, күлдіргі, тапқыш, береген т.б. Осы қатыстық сын есімдер қамыс, ши, пайда, намыс есім сөздеріне –ты,-лі,-лы,-қор жұрнақтары жалғану арқылы, ал күлдір, тап, бер етістіктерінен –гі,-қыш,-еген жұрнақтары арқылы жасалған. Мұндай есімдерден және етістіктерден қатыстық сын есім жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар өте көп. Ол жұрнақтар проф. Н.Оралбайдың“Қазақ тілінің сөзжасамы” атты оқулығында кеңінен талданған(41, 136). Осылайша, “сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді және қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, сол сөздің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар, я жоқ, соған бейімділік, мекендік т.б. тәрізді сөзжасамдық мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болу арқылы қатыстық сын есім болады(32, 462).” Қатыстық сын есімнің, еңбектерде көрсетіліп жүрген тағы бір ерекшелігі олар сын есімнің шырай қосымшаларымен түрленбейді. Ал егер сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер шырай тұлғалары арқылы түрленетін болса, онда олар сапалық сын есімдерге ауысқан сөздер болып есептеледі. Мысалы, білгір-білгір-леу,-біп-білгір, өте білгір, икемді-икемдірек, икемділеу, іп-икемді, өте икемді т.б. Бұл ерекшелікке соңғы зерттеулерде де көңіл бөлініп жүр. Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипатын қарастырған Г. Сыздықова өз зерттеуінде осы мәселені де қамтыған. Автор сапалық сын есімге ауысқан қатыстық сын есімдерді толық және жартылай ауысқан деп екіге бөліп, толық түбегейлі түрде ауысқан қатыстық сын есімдерде сапалық мән үстем болатындығын, ал жартылай ауысқан қатыстық сын есімдер бірде қатыстық, бірде сапалық мәнде қолданылатындығын мысалдармен дәлелдеген (49, 12).
ІІ БЛОК
Сын есімдер морфемалық құрамдарына қарай негізгі және туынды сын есім (Ғ.Мұсабаев), жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер (А.Ысқақов), тұлғасына қарай-негізгі және туынды, құрылысына қарай дара және күрделі(Ж.Шәкенов), негізгі түбір, туынды түбір, біріккен, қосарлы, тіркесті сын есімдер (С.Исаев) болып бөлініп жүр. “Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы” бағдарламасында(2004) А.Ысқақов үлгісі бойынша сын есімдер құрылымына қарай жалаң (негізгі, туынды түбір) және күрделі болып бөлінген. Біз осы бағдарламаны басшылыққа алдық.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.005 с.) |