Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сын есімнің заттану процесіПоиск на нашем сайте
Қай тілде болмасын, сөз топтары арасында бір-біріне ауысу, алмасу процестері болып отыратындығына ғалымдар ертеден көңіл бөлген. А.Байтұрсыновтың “Тіл-құралында” “сын есімнің кейбіреулері зат есімнің орнына жүреді, мәселен, арзан еттің сорпасы татымас” дегеннің орнына “арзанның сорпасы татымас” деп айтылады. “Арзан еттің” деген екі сөздің орнына “арзан” деген жалғыз сөз жарап тұр. Сондықтан мұндай зат пен сын орнына бірдей жүретін сөздерді зат-сын (7,219),-деп атаған, әрі зат-сынның зат есім секілді түрленетіндігі айтылған. Сын есімнің бұл ерекшелігі кейінгі оқулықтарда да ескерілді. Өйткені сын есімдердің заттық ұғымда қолданылуы- тілімізде жиі кездесетін құбылыс. Мысалы, Үлкен бастар, кіші қостар. Жақсының шарапаты тиер тар жерде, жаманның кесапаты тиер әр жерде. Осы сөйлемдердегі үлкен, кіші сөздері үлкен адам, кіші адам дегеннің орнына, жақсының, жаманның сөздері жақсы адамның, жаман адамның дегеннің орнына қолданылып, зат есім секілді түрленіп тұр. Сын есімдердің осылайша заттық мағынада зат есімге ауысып қолданылуы ғылымда сын есімнің субстантивтену процесі деп аталады. Сонымен бірге грамматикаларда сын есімдердің заттану процесі біркелкі емес, кейбіреулері бүтіндей заттанып, біржола субстантивтенетіндігі де көрсетілген (31, 91). Мысалы, сықпа, жайма, шайқор, жүлдегер т.б. Бұл сөздер сындық мағынада да қолданылады: сықпа құрт, жайма нан, шайқор адам, жүлдегер студент. Осылайша сын есімдердің “әрі заттық, әрі сындық мағына білдіруінің негізгі себебі о бастағы зат есімнің атрибутивті қолданылуымен байланысты. Мұндай қолданыс тілде анықтауыш деп аталатын синтаксистік қызметтегі сөйлем мүшесін қалыптастырған, ал бұл синтаксистік қатынастың тұрақтануы тілдің морфологиялық құрылымында сын есімнің дербес грамматикалық топ ретінде қалыптасуына негіз қалады. Қазіргі қазақ тіліндегі жас, бала, кедей, бай, ауру, жүдеу т.б. сөздердің атрибутивтік мәнде орнығуы-осы синтаксистік қолданыстың нәтижесі(32 ,468),”-деп түсіндіріледі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.443 с.) |