Есімдіктің жалпы сипаттамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Есімдіктің жалпы сипаттамасы

 

Есім сөз таптарының бірі - есімдік. Есімдік - өзінің аты айтып тұрғандай, басқа есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер. Мысалы, Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген (Ж.Молдағалиев). Қайткен күнде де бұл сый өте-мөте орайласа кетті: «Сарыарқа» әні «Жалбырдың» мінездемесіне өте дөп келді. (Е.Брусиловский). Кейбіреулерге таяғым, Тиіп те кетті сартылдап (Абай). Қаншама рет қуанып бардың дағы, қанша адамның алдынан жылап кеттің (М.Мақатаев) деген мысалдардағы мен, бұл, кейбіреулерге, қаншама, қанша сөздері – есімдіктер. Бұлардың ішінде мен, кейбіреулерге – зат есімнің; бұл – сын есімнің; қаншама, қанша? – сан есімнің орнына жұмсалып тұр. Қазақ тілінде есімдіктердің саны онша көп емес, бар болғаны 60-70 ғана сөз, бірақ олардың тілде қолданылу жиілігімен атқаратын қызметі күшті.

Есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі белгісі – лексика-семантикалық сипаты. Лексика-семантикалық сипаты жағынан есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болып келеді. Мәселен, кез келген адамды мен, сен, ол деп, кез келген затты сол, мынау, анау деп айта береміз.

Есімдіктер қай сөз табының орнына жұмсалса сол сөз табы сияқты түрленеді, сол сөз табы сияқты сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Есімдіктердің өздеріне тән түрленетін морфологиялық көрсеткіштері жоқ, дегенмен олар бәрібір түрленетін сөздер тобына жатады. Қай сөз табының орнында қолданылса, сол сөз табы сияқты түрленіп, сол сөз табының синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы, Абай шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты (М.Әуезов) – деудің орнына Ол шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты, - деп айта беруге болады. Ол жіктеу есімдігі «Абай» деген зат есімнің орнына жұмсалып сөйлемде бастауыш болып тұр.

Сөздерді таптастырудың негізгі үш принципіне (ұстанымына) сай, есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық белгісі және синтактистік қызметтеріне байланысты өз алдына жеке сөз табы болып бөлінеді. Сондықтан есімдіктерді мынадай үш блокқа бөліп қарастыруға болады: 1. Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты;

         2. Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері;

     3. Есімдіктің синтаксистік қызметі;

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.007 с.)