Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктеріПоиск на нашем сайте 7. Жалпылау есімдіктері Жалпылау есімдіктері деп көп заттар мен құбылыстарды жинақтап айту мағынасында қолданылатын сөздерді айтамыз. Бұл топтағы есімдіктерге бәрі, барлық, барша, күллі, түгел, бүкіл деген есімдіктер жатады. Жалпылау есімдіктері екі не одан да көп заттардың жиынтығын жалпылай көрсететін сөздер болып келеді. Мәселен, «Правдада» барша артистер ойнына талдау жасалынып, қатты мақталынып, ал актер Жандарбеков күлкісі «Бекежандай дала тағысының психологиясын аша түсуге кілт болды» - деп жазыпты (Ш.Жиенқұлова). Бір қызық нәрсе, үкімет наградаларын алған біздердің қуанышымызға бүкіл Қазақстан қуанып, Москваға жер-жерден телеграммалар жаудырыпты (Бұл да). Құдай-ау, саяжай дейсіз бе, самолет, машина дейсіз бе, тіпті үстіңізден шыбын ұшырмауға бар күзет дейсіз бе – бәрі бар (Д.Қонаев). Жалпылау есімдіктерінің тарихы туралы А.Ибатов: «Жалпылау есімдіктері – түгел дерлік бертін пайда болған сөздер. Дәлірек айтқанда, жалпылау есімдіктері – түгелдей өзге сөз таптарына тән сөздерден, яғни жеке сөздердің өзіне тән лексикалық мағыналарынан алшақтай келе, белгілі бір заттар мен құбылыстарды топтай, жинақтай көрсету дәрежесіне түсу нәтижесінде келіп пайда болған сөздер»-дейді [23,52]. Жалпылау есімдіктерінің барлығына бірдей тәуелдік жалғауы қосыла бермейді. Бұл топтағы есімдіктердің ішінен бар, барлық, барша, түгел есімдіктері ғана тәуелденеді. Мысалы, - Кешегі Қазақстан К(б)П Өлкелік комитетінің қаулысын баршаңыз оқып құлақтанған шығарсыздар (Ш.Жиенқұлова). Ал бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тәуелденбейді. Жалпылау есімдіктері сустантивтенгенде тәуелденіп барып септеледі. Мысалы, Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын дегендегі баршаңызды сөзі тәуелденіп барып септеліп тұр. Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне жалғанбайды. Бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тек қана атрибутивтік мәнде жұмсалады. Кейбір жалпылау есімдіктерінің жасалу жолдары туралы қысқаша мына жайларды айтуға болады: 1. Бәрі деген жалпылау есімдігі бар есімдігіне ІІІ жақ тәуелдік жалғауын (- і) қосу арқылы жасалған. Қазақ тілінің үндестік заңына сай бұл бары болу керек еді, бірақ олай емес бәрі болып кездеседі. Мүмкін ерте кезде бары түрінде қолданылуы да ықтимал. 2. Барлық есімдігі бар сөзі мен -лық қосымшасының қосылуы арқылы жасалған. 3. Барша есімдігі бар сөзі мен -ша қосымшысының жалғануы арқылы жасалған. 4. Күллі, тамам есімдіктері араб тілінен ауысқан дейтін пікірлер бар. Мәселен, күллі есімдігі күллүн араб сөзінен ауысса, тамам сөзі тамамун сөзінен пайда болған.
ІІ БЛОК Есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болғанымен, ол мағыналар зат және заттық белгі деген ұғымдармен байланысты. Дәлірек айтсақ, есімдіктер зат пен заттық белгіні білдіріп, солардың жалпылама түрдегі атауы болып саналады. Сондықтан есімдіктер, алдымен, заттық ұғымдағы сөздер – субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттық белгісі ұғымындағы сөздер – атрибутивтік есімдіктер болып екіге бөлінеді. Осылай екі салаға бөлінуі есімдіктердің түрленуінде де негізгі қызмет атқарады. Есімдіктер түрленетін сөздердің тобына жатады. Субстантивтік есімдіктер зат есімдер сияқты көптеліп те, септеліп те, тәуелденіп те, жіктеліп те жұмсала береді. Ал атрибутивтік есімдіктер өз мағынасында жұмсалғанда грамматикалық жағынан түрленбейді. Сондықтан есімдіктердің бәріне бірдей ортақ деп танитындай өзіндік морфологиялық түрлену ерекшеліктері жоқ.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.) |