Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Есімдіктің синтаксистік қызметіПоиск на нашем сайте ІІІ БЛОК Есімдіктер басқа да сөз таптарының орнына жүретіндіктен, ол сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады. Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы.Есімдіктердің барлығына жуығы бастауыш қызметін атқара алады.. Мәселен, Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған (И.Сапарбаев). Өзге емес, өзім айтам өз жайымды... (Қ. Аманжолов). Қарағым-ай, еліктер осылай жосады екен, Жолыңнан сені кім тосады екен (Ш.Сариев). Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, сен сияқты мені ешкім түсінбеген (М.Шаханов). Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы.Көбінесе жіктеу есімдіктер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімдіктердің кейбір түрлері дара, күрделі бастауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ бұл қызметте сілтеу, сұрау есімдіктері де кездеседі. Мысалы, Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі - осы (М.Әуезов). Сіз халықтың кімі едіңіз? (Бұл да). Есімдіктің толықтауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің бәрі сөйлемде толықтауыш мүше қызметін атқара береді. Есімдіктер қимыл-әрекеттің тура және жанама объектісін білдіріп, тура және жанама толықтауыш болады. Мысалы, Өзін сыйлай білмеу – бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу - ақымақтық (Г.Мопоссан). Соның қайсысын хикмет көресің (Абай). Есімдіктің анықтауыш қызметінде жұмсалуы.Анықтауыш болатын есімдіктерге сілтеу, сұрау, жіктеу, жалпылау есімдіктері жатады. Мәселен, Мынақыз мені сүріндірді, енді айтпасыңа болмас – деді (Ә.Сәрсенбаев). Сіңілім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар (Ә.Әбішов). Есімдіктің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы.Пысықтауыш қызметін осы, сол деген сілтеу есімдіктері, қашан? қалай? неліктен? сұрау есімдіктері атқара алады. Мысалы, Сендермен қашаннан аға-інілі болғанмын (Жамбыл). Бұл жақта жерден астық алу алтын алудан қиын (Ғ.Мұстафин).
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.) |