Сілтеу есімдіктері. Сұрау есімдіктері. здік есімдіктері. Белгісіздік есімдіктері. Болымсыздық есімдіктері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сілтеу есімдіктері. Сұрау есімдіктері. здік есімдіктері. Белгісіздік есімдіктері. Болымсыздық есімдіктері

2. Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне деген сөздер жатады.

Сілтеу есімдіктерінің негізгі мағынасы – аралық қатынасты білдіру. Демек, сілтеу есімдіктері тілде сөйлеушіге алыс я жақын маңдағы заттарды, құбылыстарды сілтеу, нұсқау, көрсету үшін қолданылады.

Мысалы, -Анау бір тұрғандар да аттар мен шаналар ма? – деді Асқар, қораның басқа бір түкпірінде шоғырланған бірдемелерді нұсқап (С.Мұқанов). Сол үйдің өзінің иесі де болыс деген сөзді естідім (Бұл да). Бұл сұрау Байболға ауыр соқты (Б.Майлин).

Сілтеу есімдіктерінің барлығы бірдей септеле бермейді. Септелетін сілтеу есімдіктеріне мына сөздер жатады: бұл, сол, ол, осы, мына, ана. Сілтеу есімдіктерінің септелу үлгісі төмендегідей болып келеді:

Атау       бұл        сол         ол         осы      мына      ана

Ілік         бұның   соның    оның    осының мынаның ананың

Барыс     бұған    соған      оған     осыған мынаған анаған

Табыс     бұны     соны      оны      осыны  мынаны ананы

Жатыс    бұнда    сонда          онда     осында мынада анада

Шығыс   бұдан    содан    онан     осыдан мынадан анадан

Көмектес бұнымен сонымен онымен осымен мынамен анамен  

Міне, әне, сонау есімдіктері септелмейді. Ал анау, мынау, осынау сияқты түрлері тәуелденіп барып септеледі.

Сілтеу есімдіктерінің бәрі бірдей көптік жалғауын қабылдай бермейді. Көптік жалғаулары бұл, ол, мына, ана, осы, сол сияқты есімдіктерге ғана жалғанады. Мысалы, Бұлар елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек (Б.Майлин). Олар ойын басталмай жатып қылжиып ұйықтап қалады, - деді Шормақ (Б.Мұқаев).

Сілтеу есімдіктерінің барлығының мағыналары бірдей бола бермейді. Олардың мағына жағынан бір-бірінен ерекшелігі бар. Бұл, міне, мына, осы сияқты сілтеу есімдіктері жақындағы затты нұсқап көрсетсе, сона, сонау, сол, ол деген қашығырақтағы, алысырақтағы затты сілтегендікті білдіреді.

Сілтеу есімдіктерінің мағынасын профессор А.Ысқақов екіге бөліп қарастырады: «Біріншіден, сілтеу есімдіктерінің мағыналарын кеңістік аралықты я топографиялық кеңістікті білдіру тұрғысынан қарау, екіншіден, олардың мағыналарын, уақыт аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру тұрғысынан қарау қажет» [63, 213]. Ғалым топографиялық кеңістікті білдіретін есімдіктерді алыстағы затты я құбылысты нұсқау үшін қолданылатын және жақындағы затты я құбылысты нұсқау үшін қолданылытын деп екіге бөліп қарайды. Ал хронологиялық мерзімді білдіретін есімдіктерге нұсқай айтылатын заттар мен құбылыстарды сөйлеу кезінен бұрын ескертілген сол арқылы сөйлеуші мен тыңдаушыға белгілі болған кезде қолданылатын кейде өзінен кейінгі сөздермен түсіндірілетін мәнде қолданылатын есімдіктерді жатқызады.

Өзім бұл кісіні сыйлаймын, ал ән салғанда тіптен жақсы көріп кетем. (Ш.Жиенқұлова). Сонда ол үйде үй иелері осы кісілерді оңашалап әлденені менен құпиялап айтқандарын сезіп қалдым (Сонда). Ол кісінің ең жақыны да менмін (Б.Мұқаев). Алынған сөйлемдердегі бұл, осы деген есімдіктер жақындағы кісіні нұсқағандықты білдірсе, ол деген есімдік қашығырақтағы, алысырақтағы кісіге сілтегендікті білдіреді. Дегенмен алғашқы екі сөйлемдегі бұл, осы есімдіктерінің мағыналары да бірдей емес, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, осы дегеннің мағынасы нақтылау, конкретті болса, бұл дегеннің мағынасы одан гөрі жалпылау болып келеді. Ал ол есімдігінің мағынасы одан да жалпы болады. Демек, сілтеу есімдіктерінің мағыналық жағынан ерекшеліктері болатынын байқалады.

 

3. Сұрау есімдіктері

Сұрау есімдіктеріне кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қайдан? неше? нешінші? қашан? қанша? қаншасы? сөздері жатады. Мысалы, Қасың қандай, қарақат көзің қандай, күлкің қандай, шарапат сезім қандай!Қуанатын балаша кезің қандай, өзің қандай, жаныма сөзің балдай (Ш.Сариев). Өмірдің сәні не сен болмасаң, Әнім боп шырқайсың сен қашан? (Е.Ибраһим). Ай нұрын бізге шашқандай, Жанарың қайда қадалған (Қ.Қазыбеков). Бұл сұрау есімдіктерінің ішіндегі заттың, нәрсенің атына қатысты қойылатын кім? не? сұрау есімдіктері субстантивтік есімдіктер болып, ал заттың, нәрсенің әр түрлі белгісіне, сипатына қатысты қай? қандай? қанша? неше? нешінші? қайсы? қалай? қайда? қайдан? қашан? сұрау есімдіктері атрибутивтік есімдіктер деп бөлінеді.

Есімдік сұрауларын мынадай тұрғыда жіктеп беруге болады: 1) жіктеу есімдіктеріне кім? сұрауының септелген, көптелген түрлері; 2) сілтеу есімдіктерінің сұрауларына – қай? қайсы? сұраулары, септелген кім? және тәуелді тұлғалы не? сұраулары; 3) өздік есімдік сұрауларына - кім? кімдер? және оның септелген нұсқалары; 4) жалпылау есімдіктерінің сұраулары – кім? кімдер? сөздерінің септелген тұлғалары мен қай? қандай? сұраулары; 5) белгісіздік есімдіктерінің сұраулары – кім? не? сұрауларының септелген, тәуелденген түрлері, қашан? қалай? қандай? қайда? неше? сұраулары; 6) болымсыздық есімдіктерінің сұраулары белгісіздік есімдіктерінің сұрауларымен бірдей.

     Сұрау есімдіктері кейбір түрлері көптеледі, септеледі, жіктеледі және тәуелденеді. Әсіресе олардың ішінен кім? не? қайсы? нешеу? деген сұрау есімдіктері септеліп те, тәуелденіп те, көптеліп те, жіктеліп те қолданыла береді.

Сұрау есімдіктерінің ішінде кім? не? немене? қайсы? есімдіктері көптеледі. Мәселен, Олар кімдер? (С.Бақбергенов).

Сұрау есімдіктерінің біразы тәуелденіп те қолданылады. Тәуелденетін сүрау есімдіктерінің қатарын кім? не? немене? неше? қайсы? қанша? қандай? қайда? қайтті? есімдіктері құрайды. Мысалы, Әйел деп бөлектей беретіндері несі екен? (Б.Майлин).

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:

         жекеше:            көпше:              жекеше:         көпше:

І жақ

Кімім?

 

Кіміміз?

Нем?

Неміз?

ІІ жақ

Кімің?

Кіміңіз?

Кімдерің?

Кімдеріңіз?

Нең?

Неңіз?

Недерің?

Недеріңіз?

ІІІ жақ

Кімі?

Кімдері?

 

Несі?

Нелері?

 

жекеше:

      көпше:

жекеше:

көпше:

І жақ

Қайсым?

Қайсымыз?

 

Нешеуім?

Нешеуіміз?

ІІ жақ

Қайсың?

Кайсыңыз?

Қайсыларың?

Қайсыларыңыз?

Нешеуің?

Нешеуіңіз?

Нешеулерің?

Нешеулеріңіз?

ІІІ жақ

Қайсысы?

Қайсысы?

Қайсылары?

Нешеуі?

Нешеуі?

 

Жіктелетін сұрау есімдіктеріне кім? не? қандай? қалай? қанша? нешінші? қайсы? қайтеді? қайда? есімдіктері жатады. Мысалы, -Ой, Злиха деймін, қайдасың? (Б.Майлин). «Апырау, қайтем? Қалай құтқарам?!»-деп, Шермек тістеніп, бұлдырлаған ойын бір жерге жиып қорыта алмай бірсыпыра уақыт жатты (Бұл да). Қайтесің, қатын, біттік!-деп, Сейпен солқылдап жылап жіберді (Бұл да).

         Кім? не? қайсы? неше? нешеу? қанша? немене? қалай? қандай? қайтеді? есімдіктері септеледі. Мәселен, -Шаражан, не деп кетті ағаң? Атаң неге ренжіді?- деді (Ш.Жиенқұлова). Мен неден аздым? (Б.Майлин). –Қайным-ау, нені жаздыр дейсіңдер? -Бұл кімніңсуреті?-деп сұрасаң: -Бұл Бекберген отағасының суреті ғой-дейді (Б.Майлин). Алынған сөйлемдегі есімдіктер ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінің қосымшасын қабылдап тұр.

 

4. Өздік есімдіктері

Қазақ тілінде өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған сөздер жатады. Олар мына сөздер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері. Мысалы, Өзімнің өмір жолыма өкінбесем де, халық сенген, партия аманат еткен қызмет мінсіз болды дей алмаймын (Д.Қонаев). Өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма (мақал). Шариғатта: жақсылық жасағанда да өзіне жасайды, жамандық жасағанда да өзінежасайды дейтін қағида бар (Д.Қонаев). Берілген мысалдардағы өзімніңесімдігі сөйлеушіні, өзіңе есімдігі тыңдаушыны, өзіне есімдігі бөгде кісіні сөйлемдегі басқа құбылыстардан бөліп тұр.

2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» өздік есімдіктерге былайша анықтама берілген: «Өздік есімдіктері сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» [32, 489].

Өздік есімдіктері тәуелдеулі түрде қолданылатындықтан, тәуелдіктің -нікі, -дікі формасында дажұмсала береді. Өздік есімдіктеріне жалғанған тәуелдік жалғаулары кейде түсіп қалып та, толық сақталып та қолданылады. Мысалы, Оқытып, өз қолымнан тәрбиелеп жүрген қаншама балаларым бар, оларды қалай тастап кетпекпін? (Б.Майлин). Жылдар бойы сен өз ағайын туғандарың үшін қорқыныш болып өмір сүрдің (Б.Мұқаев). Өз теңіне қосылған адамның арманы бар ма екен?-деп жылайды (Б.Майлин). Бұл сөйлемдердегі өз сөздері «өзімнің», «өзіңнің», «өзінің» деген толық түрінде тұрған жоқ.

Көбінесе өз сөзі өзінен кейін тіркесетін ілік септік қосымшаларын толық сақтап қолданылады. Мысалы, Өзінің бүлдіріп жатқанымен жұмысы да жоқ (Б.Майлин). 1965-1966 жылдары мен өзімнің соңғы шет елдік гастрольдік сапарымды аяқтадым (Ш.Жиенқұлова). Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғанудан сақтауы керек (М.Әуезов).

     Өздік есімдіктері септеледі. Өздік есімдіктері тәуелденген зат есімдерше септеледі.

Атау

өзім – балам

Ілік

өзімнің – баламның

Барыс

өзіме – балама

Табыс

өзімді – баламды

Жатыс

өзімде – баламда

Шығыс

өзімнен – баламнан

Көмектес

өзіммен – баламмен

Өздік есімдіктеріне жіктік жалғаулары жалғанады. Мысалы,

І өзіммін өзімізбіз

ІІ өзімсің өзімізсіңдер

өзімсіз  өзімізсіздер

ІІІ өзім       өзіміз

 

5. Белгісіздік есімдіктері

Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен құбылыстарды анық ашып айтпай, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы, Біреу тойып секіреді, Біреутоңып секіреді (мақал). Бүгінде ғой кейбіреудің кінәмшіл, кекшіл, «шыбық тимес шыңқ етер» болып, үлкен сөйлесе де, кіші сөйлесе де бастарына қаны тепшіп шыға келетіні (Ш.Жиенқұлова).

Белгісіздік есімдіктері көбінесе бір, әр, әлде сөздерінің басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Белгісіздік есімдіктеріне біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, әркім, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдеқайдан, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдене т.б.

Белгісіздік есімдіктерінің өздеріне тән морфологиялық түрлену жүйесі жоқ. Сол сияқты олардың өздеріне ғана тән синтаксистік қызметтері де жоқ. Олардың шығу тегі жағынан қандай сөздер екеніне, қандай сөз табымен тіркесуіне, қолданылуына орай әр түрлі сөз таптарына бейім келеді. Сондықтан олардың морфологиялық түрлену жүйесі мен сөйлемдегі қызметтері де соларға сәйкес болып отырады. Мысалы, Біреулер жайраңдап кіріп, жабыңқы, біреулер жабыңқы кіріп, жайраңдап шығып жатыр (Ғ.Мұстафин). Алынған сөйлемде біреулер есімдігі зат есімнің орнына қолданылған, сондықтан ол зат есім сияқты көптеліп, сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалып тұр. Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды. Белгісіздік есімдіктерінің бәрі бірдей көптелмейді. Көптік жалғаулары тек біреу, бірнәрсе, бірдеңе, әлдене, әлдекім, әркім, кейбіреу сияқты есімдіктерге ғана жалғанады. Мысалы, Көзіме әлденелер елестеді (Б.Майлин). Атырау мен Алтай, Қаратау мен Қостанай даласына дейін созылып жатқан ұлан - байтақ жерді жылына бір рет аралап шығу, әлдекімдер айтып жүргендей, бой жазып, сейіл құру емес (Д.Қонаев). Мен ешнәрсе істей алмаймын дегенді әлдекімдер жиі айта береді. Бұл мүлдем қате (С.М.Киров). Шамам келгенінше ешкіммен ренжіспеуге тырысатынмын, бірақ мені кейбіреулер, аяқтан шалды, өсек-аяң таратты (Ш.Жиенқұлова).

Тәуелдік жалғауы белгісіздік есімдіктерінің бәріне бірдей жалғана бермейді. Мәселен, әлде, әр, әлдекім, әлдеқай, әлдеқашан, әлдеқалай, әркім деген есімдіктерге тәуелдік жалғау жалғанбайды.

Белгісіздік есімдіктерінің басқа түрлері оңаша және ортақ тәуелдік жалғауларын қабылдай береді. Мысалы, біреуім, біреуің, кейбіреуің т.б.

Белгісіздік есімдіктері – тілде бертін пайда болған сөздер.

Бір есімдігі бір сан есімінен пайда болса, біреу сөзі бір сөзі мен -еу қосымшасынан жасалған.

Әлде сөзі араб тілінен ауысқан дейтін пікірлер бар. Есімдіктер тарихы туралы еңбек жазған А.Ибатов әлде есімдігінің шығу тегі жөнінде былай дейді: «Әлде есімдігі араб тіліндегі іллә сөзінің алғы і дыбысының ә дыбысына және екінші л дыбысының д дыбысына алмасып қолданылуы негізінде пайда болған. Әлде араб тілінде «если не, исключая, кроме» деген мағыналарда қолданылады» [23, 56].

 

Бұл топқа жататын есімдіктер болымсыздық мағынада қолданылады. Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің тіркесуі негізінде жасалады. Яғни, еш сөзі басқа болымсыздық есімдігін жасауға негіз болады. Ал еш сөзінің өзі жеке қолданылмайды, тек өте сирек жағдайда ғана қолданылады. Мәселен, Ештен кеш жақсы (мақал).

Болымсыздық есімдіктеріне еш, ешкім, ештеңе (ештеме), ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайсы т.б. бұлардан басқа бір де бір, дәнеңе, түк, дым деген сөздер жатады.

Көптік жалғауы тәуелдік жалғауларымен бірге жүреді. Мысалы, ештемелері, дәнеңелері, ешқайсылары, түктері.

Тәуелдік жалғаулары болымсыздық есімдіктерінің бәріне жалғана бермейді. Жекеше түрдегі ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері тәуелденеді. Мысалы, - Балам-ау, мен гастрольде жүрген кісімін, жүк затымнан басқа ұстап жүрген дәнемемжоқ, ұшарымды жел, қонарымды сай білетін менен осыншама адамды риза етерлік не қауқар талап етесің? (Ш.Жиенқұлова).

Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе есімдіктері жекеше түрде тұрғанда ғана септеледі, көптік жалғауы жалғанғанда септелмейді. Ал тәуелденіп барып жекеше, көпше түрде де септеледі.

Болымсыздық есімдіктері тікелей жіктелмейді.

Болымсыздық есімдіктері үш түрлі тәсіл арқылы жасалады:

1. Лексика-семантикалық тәсіл

2. Морфологиялық тәсіл

3. Синтаксистік тәсіл (32).

Лексикалық тәсіл арқылы жасалған болымсыздық есімдіктеріне түк, дым есімдіктері мен парсы тілінен енген еш сөзі жатады.

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған болымсыздық есімдіктерге есімдіктердің басқа түрлерімен еш қосымшасының бірігуі арқылы жасалған ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқайсысы, ешқашан, ешбір есімдіктері болып табылады.

Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған болымсыздық есімдіктеріне «бір» сөзі мен «де» шылауының тіркесінен жасалған бір де, бір де бір есімдіктері жатады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.)