ІІ. Сызбадағы қатені тауып, оны түзетіңіз. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ІІ. Сызбадағы қатені тауып, оны түзетіңіз.

ІІ. Сызбадағы қатені тауып, оны түзетіңіз.

 

а) Зат есімнің лексика- грамматикалық топтары:

 

адамзат, ғаламзат есімдері

жалқы, жалпы есім

көптік мәнді есім

эмоциялы- экспрессия реңді есімдер

көмекші есімдер

негізгі түбірлер

 

ә) Зат есімнің категориялары:

көптік

тәуелдік

септік

Жіктік

 

б) Көптік ұғымның берілу тәсілдері:

 

лексикалық

Фонетикалық

морфологиялық

Синтаксистік

 

в) Тәуелдік жалғау қосымшалары:

 

-м, -ым, -ім

-ң (-ың, -ің)

-ңыз (-ыңыз)

-ңіз (-іңіз)

-мын, -мін

-пын, -пін

-сы, -сі

-ы, -і

 

г) Көптік мәнді есімдер:

 

қымыз

тұмар

жусан

көл

Күміс

 

ғ) Адамзат есімдері:

 

бала

заңгер

киік

Студент

 

3-модуль

Ñûí åñiì

 

 


 ІІІ МОДУЛЬ

Сын есім

Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат

Сын есім-өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, син-таксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде А.Байтұрсыновтың “Тіл-құрал” оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге“Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? (7, 162),-деген қысқаша анықтама берілген.

  Ғалымның қазақ тілді пән ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікір кейінгі еңбектерде де жалғасын тапты.Қ.Жұбанов “Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері”атты мақаласында заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын…(16, 234) түбірді сын есім деп атаған. Кейінгі қазақ тіл білімінің жетілу, даму кезеңінде жарық көрген оқулықтарда сын есімге “заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін,салмағын, түсін(түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы(63, 174),” “Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру(31, 67) ”деген анықтамалар берілген. Олай болса, сын есім зат есімнің сын-сипатын білдіріп, зат есімді ғана анықтайды. Мысалы, терең көл, қатты ағаш, ұзын арқан, тұнық су, сұлу қыз, ақылды жігіт, биік тау т.б.Бірақ сын есім кейде етістікті де анықтайды. Мысалы, Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Жасы өзгелерден кішірек, аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс, өзгенің бәрінен бұрын, Базаралымен жақсы амандасты(М.Әуезов). Осы сөйлемдердегі қатты, жақсы деген сөздер-сын есімдер. Олар сөйлемдердегі етістіктерге қатысты болып, олардың сындық сапасын айқындап, пысықтауыш қызметінде тұр. Бұл жөнінде проф. М.Балақаев еңбегінде анық айтылған: “Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікке тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді.

  Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады(8, 86),”-дей келіп, бұл пікірін одан әрі “олардың (сын есімдер-Ж.Б.) лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады(8, 201),”-деп нақтылаған.

  Олай болса, аз ғана сын есімнің санаулы етістікпен тіркесіп келуі сын есімнің негізгі табиғи қызметін-зат есіммен тіркесіп, зат-тың алуан түрлі сындық белгісін білдіруден-өзгертпейді.

  Сондықтан да “Қазақ тілінің грамматикасында”(1967) “Бір қатар сын есімдердің зат есімдерді анықтаулармен бірге, етістікті де анықтап, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу ретінде қолданылуына қарап оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жатқызуға болмайды… үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады(31, 68),”- деп көрсетілген.

  Сын есімдерді басқа сөз табынан ерекшелейтін белгісі-бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білді-ретін, оның шырай категориясы. Осы категорияны жан-жақты зерттеген- Ғ.Мұсабаев.(39) Ғалым бұл еңбегінде шырай категориясының зерттелуіне қысқаша сипаттама беріп, шырайлардың түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталған. Ал Ж. Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясын жан- жақты қарастырған еңбек жазды. Ғалымның еңбегінде түркі тілдерінде сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеле басталғандығы айтылған. Автор сын есім мәселесін алғаш сөз еткен проф. А. Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дәлелдеген. Бұдан кейін А.К. Боровков, И.А. Батманов, Н.К. Дыренкова, А.Н. Кононов, А. Баскаков, Н.К. Дмитриев, М. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский секілді түркологтар еңбектеріндегі сын есімге қатысты пікірлерге талдау жасаған. Сондай- ақ қазақ тіл біліміндегі сын есім мәселесіне байланысты көзқарастарға тоқтала келіп, автордың бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты- “сын есім мәселесінде айтылған бұрын- соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп айтып беру (58, 15)“ болған. Ғалым осы мақсатына сай сын есімнің түркологияда, қазақ тіл білімінде зерттелуіне шолу жасай отырып, сын есімнің мағыналық түрлеріне, шырайларына және олардың жасалу жолдарына, сын есімнің тұлғасына және құрылысына қарай бөлінуіне, сын есімнің сөйлемдегі қызметі, сын есімнің зат есім, етістік, үстеумен байланысы, сын есімнің қызметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестерін де қамти отырып, белгілі бір жүйеде сипаттаған.       

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.007 с.)