ІІ блок. БуынныҢ тҮрлері. Ііі блок. Буын жігі жӘне тасымал 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ІІ блок. БуынныҢ тҮрлері. Ііі блок. Буын жігі жӘне тасымал

СООЖ

1. Буынның сипаттары.

2. Буын мен дауыстылардың арақатынасы.

3. Қазақ тіліндегі буынның ерекшеліктері.

 

ІІ БЛОК

БУЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға, Н. Сауранбаев төртке, С.Мырзабеков екіге бөледі. Ал С. Кеңесбаевтің үшке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді.

Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі бар: ашық буын, бітеу буынжәне тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы.

Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеп көрсетуге болады.

1.Ашық буын– жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:

1) А: а,ә, а-на, ә-же, е-не, о-қы, ы-ды-ра, ы-ды-сы;

2) ВА:ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, не, же-лі, та, те, да-ла;

3) ВВА:ста-нок, ста-кан, сти-мул, гра-нат;

4) ВВВА:стра-тег, стра-тегия, стра-тосфера;

2. Тұйық буын –соңы дауыссызға аяқталатын буын.

Дыбыстық құрамы:

1) АВ:ат, ай ән-детті, ой-ланды, үй, ақ-тар, әл-ден

2) АВВ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс

3. Бітеу буындауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады.

3) ВАВ: бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар, тақ-тақ;

4) ВАВВ: қант, былқ-былқ, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, қарт;

5) ВАВВВ: пункт, центр, Маркс, фильтр, текст;

6) ВВАВ: шкаф, шлаг, шлем, шлфз, крем, штаб;

7) ВВАВВ: спорт, старт, скетч, трест, штамп;

8) ВВАВВВ: спектр;

9) ВВВАВ: штрек, штраф, штрих, шприц, структура.

Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. Олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды: А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.

Академик А.Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір бар екенін анықтады. Құрылымына қарай солардың 1053-і ВАВ, 158-і АВ, 117-сі ВАВВ, қалған үш түрі жиналып 40-тан әрең асады.

Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос (екі) дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Зерттеуші М.Райымбекова қазақ тілінде қос дауыссыздан басталатын 20-шақты тұйық буынды (ВВАВ) сөзді экспериментті – фонетикалық зерттеу арқылы анықтаған.

СӨЖ

1. Ашық буын.

2. Бітеу буын.

3. Тұйық буын

         

СООЖ

1. Қазақ тіліндегі буын құрамының ерекшеліктері.

2. Қазақ тіліндегі буын туралы көзқарастар.   

 

ІІІ БЛОК

 

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны белгілі. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап келетініне байланысты.

Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан да А.Байтұрсынов. Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп, қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынын тәптіштеп түсіндіреді (169-б). Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін (сырын), ережесін ұсынбайды.

Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ас, ант, ұлт, ас-қа, ат-қа, ант-ты, ұлт-тық Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұстанған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. «Осы қорытындыға сүйене отырып, - деп жазды Қ.Жұбанов отызыншы жылдары, - буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Ол үшін жазған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді) , әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз (өйткені сөз ортасында дауыстыдан буын басталмаушы еді ғой), Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады».

Қазақ сөзінің буын жігін тап басып, дәл анықтайтын бұл қарапайым қағиданы меңгеруге көп білімнің керегі жоқ. Осыны ұстанып небір көп буынды сөздерді де оп-оңай буынға бөлуге болады: қа-на-ғат-тан-дыр-ма-ды.

«Қазақ тілінің орфографиясының негізгі ережелерінде» (52-бап): «и, уәріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады.

Орыс тілінде буынға бөлудің принципі біршама бөлек. Дыбыстар үнділігіне қарай дауыстылар (3), сонорлар (2) және үнсіздер (1) деп ажыратылады да, буын көбіне үлкен цифр мен кішкене цифрдың аралығынан ажырайды.

Қазақ тілі оқулықтарында да, тіпті «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» де мұндай сөздерді тасымалдаудың жайы айтылмайды. Күнделікті практикада сөз ортасында екі-үш дауыссыздан басталатын кірме буындардың да жеке дауыссыздан басталып жүргені аңғарылады. Яғни тіліміздің тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан заңдылықтар өз күшін сақтайды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.009 с.)