Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
азақ тілінің омонимдер сөздігіПоиск на нашем сайте 4. Синонимдер сөздігі
«Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі» ғалым Ә.Болғанбаевтың авторлығымен тұңғыш рет 1962 жылы шыққан болатын. Бұл сөздікте мәндес сөздер белгілі бір қатарға топтастырылып, әрбір сөздің өзіне тән мән-мағыналары анықтала отырып әртүрлі әдебиеттерден мысалдар келтірілген. Ал 1975 жылы «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» деген атпен бұрынғы шыққан сөздіктің толығып кеңейген, өңделіп түзетілген жаңа варианты екінші рет басылып шықты. Алғашқы (1962 жылы) сөздікке төрт мыңнан астам сөз берілді. 1400 синонимдік қатар енсе, екінші басылымына 5000-нан астам синоним берілген. «Синонимдер сөздігі» тағы да толықтырылып, Ә.Болғанбаев, С.Бизақов, Ш.Дәулетқұловтың авторлығымен 2001 жылы қайта шықты. Ал бұл соңғы сөздікте 9000 –дай сөз қамтылып, әрбір ұяға топтастырылған синонимдердің бәріне ортақ сипаттама түрінде анықтама, сондай-ақ синонимдік қатардың әр сыңарына мысалдар берілген. Бұның өзі қазақ әдеби тілі лексикасының байып, даму үстінде екендігін танытатыны сөзсіз. Аталмыш сөздікте ұядағы сөздің синонимдік қатарының күнделікті баспасөз бен сөйлеу тілінде ең көп қолданылатын сыңары алдымен беріліп, көпшілікке белгілі болып үлгіре қоймаған бірлі-жарым синонимдер ең соңынан берілген. Мысалы: Өлермендік, жанкештілік, жансебілдік. Өлер-тірілеріне қарамаушылық, жан аямаушылық, өжеттілік, батылдық осы сөзіне қарағанда жансебілдік сөзі сирек қолданылатындықтан соңынан беріліп тұр. Мысалы: Ешқашан, әсте, ешбір, ешқандай, өмірі, әстілі жерг. әрқашан, ешқандай, ылғи да. Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратып оқтама (Ш.Айманов). «Әділдік» деген жалғыз сөз қарт ананың ойынан әсте шықпайды (С.Омаров). Бауыржан ешбір кемшілікті кешірмейтін (С.Бақбергенов). Сонымен қатар сөздікте әр синонимдік қатарға анықтама беріле отырып, түрлі жанрда жазылған шығармалардан мысалдар алынған. Ал цитат табылмаған кейбір сөздерге ойдан мысал алынып, оған «ауызекі тіл» деген белгі қойылған. Мысалы: Сапыру, араластыру. Ойын картасының жұбын жазып, өзара алмастыру. Карташылардың картаны сапырмай-ақ үлестіре салатын әдеті болатын (Ауызекі тіл). Ойын сайын картаны араластырып отырмаса, карта араласпайды. (Ауызекі тіл). Сонымен сөздерді сауатты жазумен қатар сауатты айта білу қазіргі таңда өмір талабынан туындап отыр. Әдеби тілдің қалыптасқан кезінде, ғылым мен техниканың қанат жайып өскен уақытында сөздікке деген сұраныс арта түспек. Сөздіктер бір емес, әлденеше рет жасалып, қолдан қолға өтіп өңделеді, толығады. Сөйтіп әр халықтың күнделікті кәдесіне жаратылады. Лексикографиялық жұмыстар – тіл мәдениетіндегі табыстарды, оның жүйелі қалыптасқан нормаларын жұртшылыққа дер кезінде күнбе күн жеткізудің, білім берудің қалыпты бір формасы…. Сөздіктер тілді жүйелендіріп, ауа жайылушылықтан таза болуына тікелей жәрдем етеді.
Қазақ тілінің омонимдер сөздігі М.Белбаеваның авторлығымен 1988 жылы шықты. Бұл сөздікте әрбір атау сөз алфавит ретімен түзілген. Омонимдік қатарға енген әр сөз рим цифрымен нөмірленіп, мағыналары түсіндіріліп берілген. Сөздікке енген омонимдердің түрлері белгіленген, яғни олар әр түрлі жолдармен жасалатынына байлданысты түбір омонимдер және туынды омонимдер, сөздердің бірігуінен жасалған омонимдер, басқа тілден енген сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы бірдей полисемиядан ажыраған омонимдер түгел қамтылған. Сөздікте сонымен қатар бірнеше шартты белгілер пайдаланылған. Мысалы, әр сөз қай сөз табына тән екендігін білдіретін грамматикалық белгі арқылы көрсетілді. Зат- зат есім, сын-сын есім, сан-сан есім т.б. Мысалы: Мәңгі І-ІІ Мәңгі І үст.өмір-бақи, ылғи, мәңгілік, үнемі. Даңқты генералымызды қазақ халқы мәңгі ұмытпайды (Ж.Тілеков). Мәңгі ІІ сын. Басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін, нақұрыс, әңгі. Өз бетімен үйге келмей, басқа бір сиырға еріп жүре беретін мәңгі еді. () Сонымен қатар сөздікте тілдің белгілі бір саласында қолданылып, әбден қалыптасқан стильдік мәні бар сөздерге стильдік белгі қоса қойылып отырған. Мысалы, кәсіб-кәсіби, кітаб-кітаби, дін-діни, миф.-мифологиялық көне-көнерген т.б. сөздер. Мысалы, Бадана І-ІІ Бадана Ізат. Көне. Батырлардың соғыста киетін қорғаныс киімі, темір сауыт. Батыр киетін қорғаныс киімі, темір сауыт. Батыр Толтай балпылдап, Бадана киіп жарқылдап (Манас) Бадана ІІ зат. Бот. Жерге түйін тастап өсетін өсімдік, пиязшық, жуашық. Саршұнақ әсіресе бадана өсімдігін, оның жапырақ сабақтарын және бұтақтарын жейді. (Х.Қ.) Әдеби тілден тыс қолдану шегін көрсететін: қарап. – қарапайым сөз, тұрп.- тұрпайы сөз, сөйл. – сөйлеу тіліне тән сөз, диал –диалектілік сөз т.б. сияқты белгілер көрсетілген. Мысалы: Бәлек І-ІІ Бәлек Іир. Зат. Сөйл. Пәлек. Асқабақтың бәлегі қау болып қалыпты ғой («Диал. сөздік») Бәлек ІІ. Ор. Зат. Постромканың ұшын іліп қоятын, екі жағы кертілген жуантық ағаш: «валек». Динамометрдің екі ырғағы бар, бұл ырғақтардың біреуі постромканың ұші ілінетін бәлекке, екіншісі тартатын жүкке бекітіледі. (А.Сыз.) Ғылымның белгілі бір саласында ғана арнайы қолданылатындығын көрсететін белгілер де қысқартылып берілген: биол – биология, хим.- химия, муз.- музыка, мед.- медицина, саяс.-саяси, спорт- спорттық т.б. Мысалы: Баян І-ІІІ Баян Іир. Зат. Тұрақ, тұрлау, тиянақ. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің. (Абай) Баян ІІ зат. Бастан кешкен тарихи оқиға, өмірден көрген істер. Ағарып мұрт пен сақал, шаш Бастамай-ақ бұл жырды Баяғы өткен баяннан (С.М.) Баян ІІІзат. муз. Қатар-қатар тілдері бар үлкен гармон, музыкалық аспап. Бір үшеу көшені басына көтеріп келеді. Ортада балташы Пахрейдің баласы баян тартып, тракторист Төкен қосылады.(Ғ. Мұст.) Сонымен, қазақ тілінің омонимдер сөздігі – үлкен тәжірибенің жетістігі, мағынасы ешбір күмән тудырмайтын басы ашық сөздер негізінде жасалған сөздік болып табылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.) |