Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлеріПоиск на нашем сайте СООЖ 1. Қазақ тіліндегі наным-сенімдерге байланысты тұрақты сөз тіркестері. 2. Қазақ тіліндегі фразеологиялық теңеулер. 3. Қазақ тіліндегі этнографиялық тұрақты тіркестер. 4.Қазақ тіліндегі антоним фразеологизмдердің танымдық негізі. 5. Зоофразеологизмдердің образдық - фондық негізі. СӨЖ 1. Фразеологизмдерді құрылымдық-типологиялық тұрғыдан топтастыру мәселесі. 2.Фразеологизмдердің көп мағыналылығы. 3. Етістікті фразеологизмдердің семантикалық құрылымы. 4. Қазақ тіліндегі соматикалық бейнелі фразеологизмдердің шкі құрылымы. 5. Қазақ тіліндегі сандық ұғымдардың қатысуымен жасалған фразеологизмдер. 6. Фразеологизмдердің синтаксистік құрылысы.
1-тапсырма. 1. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін пайдаланып, төмендегі тұрақты тіркестердің қандай сөзге балама екенін анықтаңыз. YЛГІ: асығы алшасынан түсу - жолы болу;
Ит арқасы қиянда, көктен тілегені жерден табылу, тіл-көз тию, бастан құлақ садаға, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кез, сай сүйегі сырқырау, ат шаптырым жер, құлағы түрік, бастан құлақ садаға, жымын білдірмеу, қызыл шеке болу, жаны мұрнының ұшына келу, миын жеу, тісі-тісіне тимеу, екі көзі шарасынан шығу, арам тер болу, қанжығада көрісу, ат құйрығын кесу.
2. Фразеологияның зерттеу обьектісіне не жатады?
3. Тұрақты сөз тіркесі деп қандай тіркесті айтамыз? Басты ерекшеліктері мен белгілерін атаңыз.
4. Фразеологизмдердің қандай түрлері бар? Әр түріне мысал келтіріңіз.
5. Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы және ішкі құрылымы дегенді қалай түсінесіз?
2-тапсырма. 1. Төмендегі мәтіннен тұрақты тіркестерді тауып жазыңыз. Олардың ішінен идиомаларды, фразеологиялық тіркестер мен тізбектерді, мақал-мәтелдерді айырыңыз. Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы мен ішкі құрылымына талдау жасаңыз.
Төле би туралы Қанды қырғын ұрыстан кейін бейбітшілік жолмен бітімге келу үшін қазақ пен ойрат бір-біріне мәмлегер елшілік жібермек болды. Жоңғар қонтайшысы /сірә, Цеван Рабтан болса керек/: - Қазақтың атақты үш биінің бірі келсін. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен біреу келсе, бітім болмайды,- деп қолқа салады. Осы хабарды естіген үш би қырандай дүр сілкініп, әрқайсысы өзі бармаққа ниет қылады. ТІрде отырған Төле би екі биге кезек қарап, екі етегін қымтанып, екі иығын қомдап қойып, тамағын қырнапты: - Уай, қос інім, қос шырағым! Аға боп алдарыңа түсейін деп тұрмын. Аға- алдыңдағы әуелі өскен дарағың, қанатың мен жалың, қайрап салар жарағың. Артымда сендер барда қанат жайып самғармын, алдаспанды сермермін, дауласқанды жеңермін, жауласқанды жерлермін. Мен барайын ол жаққа,-депті. Сонда Әйтеке би жай отындай жарқ етіп, жайраң қағып, шапшаңдық танытты. - Уай, Төкем! “Аға - бордан, іні - зордан” демей ме. “Іні - найза, аға - қорған” демей ме. Арқаны қорғанға тіремеймін бе, найзамды ерсілі-қарсылы іремеймін бе. Жағаласқанды жапырып, дауымды аршып, күремеймін бе. Менің баруым жөн емес пе? - депті. Сол кезде қоңыр қаздың дауысындай дауысын саңқылдатып Қазыбек: -Уай, асыл ағам! Уай, асқақ інім! Ағасы бардың жағасы бар емес пе. Жағасы бардың тоқсан пәледен сақтар панасы бар емес пе. Інісі бардың тынысы бар емес пе. Тынысы бардың елде ырысы , жауда ұрысы, дауда жұмысы бар емес пе,- депті. Екі би үнсіз бас шұлғып, бірақ тіл жарып ләм дей қоймапты. Қаз дауысты Қазыбек енді Төле биге еңсеріле бұрылыпты: - Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен. Қазақта хандыққа жассыз таласқандар болғанмен, билікке жөнсіз таласқандар болған емес. Ендеше әділ би, әділетін өзің айт. Аттың басы күшті ме, белі күшті ме, құйрығы күшті ме? - Шырағым Қазыбек, жол бастайды омырауы жүйріктің. БІгелекті қуарда пайдасы мол құйрықтың. Аттың белі қызмет көп қылар, саған кепті кезегі осы жолғы бұйрықтың. Жай онда, қолыңды! Атасызға ата бол! Батасызға бата бол! Арып-ашқан қәріптің, Жел жағына бата бол! Панасызға пана бол, Кек сақтамас бала бол! Дос сүйетін, қол сыйлар, Асу бермес дана бол!- деп батасын беріп, аттандырып салыпты. /Қазақтың би-шешендері/
2. Тұрақты сөз тіркесінің еркін тіркестен айырмашылығы неде?
3.Тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолданыс тиянақтылығы дегенді қалай түсінесіз. Ойыңызды мысалдармен дәйектеңіз.
4. Фразеологялық деңгейдегі синонимдерге, антонимдерге, көп мағыналылыққа, варианттылыққа мысалдар келтіріңіз.
Ү МОДУЛЬ
Лексикография
1-блок
2-блок
3-блок
Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі
Түсіндірме сөздік
Орфографиялық сөздік
Аударма сөздік
Орфоэпиялық сөздік
Диалектологиялық сөздік
Шет тілдер сөздігі
Антонимдер сөздігі
5-блок
Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
Морфологиялық сөздік
Жиілік сөздік
Фразеологиялық сөздік
Кері сөздік
Ү МОДУЛЬ
ЛЕКСИКОГРАФИЯ
Қазақ тілінің лексикографиясы туралы жалпы түсінік және оның зерттелуі
Гректің лексикос (сөздік), графос (жазу, жазамын) деген сөздерінен алынып біріктіріліп, бір тілдің сөз байлығын, тілде қолданылып жүрген сөздерді бір жүйеге келтіріліп, жинастырып сөздік жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің бір саласын – лексикография дейді. Лексикография жалпы халықтық тіл байлығын, нормаларын қалыптастырып, тіл мәдениетін көтереді. Лексикографияның екі саласы бар: теориялық лексикография және тәжірибелік лексикография. Теориялық лексикография жалпы сөздік жасаудың теориясын, мақсаты мен міндетін, принциптері мен типтерін анықтайды. Ал тәжірибелік лексикография әртүрлі сөздік жасаумен, сөздерді жүйелеумен, сұрыптаумен және оларды нормаға түсірумен айналысады. Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің басқа да салалары сияқты соңғы елу-алпыс жыл ішінде қалыптаса бастады. Лексикографиялық жұмыстар – жалпы тіл мәдениетіндегі табыстарды тіліміздегі сөздердің кодификацияланған (қалыптанған) нормаларын қалың жұртшылыққа жеткізудің бір формасы. Бұқаралық ақпарат құралдарында (баспасөз, радио, теледидар) орта және жоғарғы оқу орындарында оқылатын лекциялардың бәрі, кез келген кеңсе қызметкерлері, жалпы жұртшылық осы сөздіктерге жүгінеді. Сөздіктер тілді жүйелендіруде, әдеби тілдің нормаларын қалыптастыруда тікелей жәрдемі көп. Қазіргі ана тіліміз кез келген мәселені, ой-пікірді соншалықты анық, дәл және нақты етіп түсіндіріп алатындай дәрежеге жетті. Ұлт мәдениетіміздің дамып, жетілуі және қазақ тіл біліміндегі үздіксіз жүргізілген зерттеулер мен іс-тәжірибелер сөздік жасауды жеңілдетті әрі сапасын да көтеріп отырды. Лингвистикалық сөздіктер өте көп. Олардың өздерінің мақсат-мүдделері белгілі. Олар бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Мысалы, түсіндірме сөздік бір тілдің өз сөзімен жеткізілсе, ал екі немесе көп тілдік сөздікте өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Проф. Л.П. Ступин лексикографияға байланысты өз жіктемесін ұсынады [66.7-9] : Жіктеме жасаудың алғашқы негізі ретінде сөздіктерді энциклопедиялық және лингвистикалық түрлерге бөледі. Екінші негіз ретінде көлем жағынан сөздіктер үлкен, орташа, шағын түрлерге бөлінеді. Үшінші негіз – атау сөздерге берілетін сипаттаманың тіліне қатысы. Егер атау сөз де, оның сипаттамасы да бір тілдің негізінде берілетін болса, ол – бір тілді сөздік, ал сипаттама басқа тілде болса, аударма сөздік болады. Төртінші негіз – тілдің жеке функционалдық түрлерін қарастыруға қатысты: әдеби тіл, ғылыми– техникалық тіл, арнаулы тіл т.б. Бесінші негіз – сөздікте сипатталатын тіл бірліктерінің құрамына байланысты. Сөз тіркесі болса – сөз тіркесі сөздігі, фразеологизм болса, Фразеологиялық сөздік, синоним болса – синонимдік сөздік. Алтыншы негіз лексикалық бірліктердің қай тұрғыдан сипатталатынына байланысты (орфографиялық, орфоэпиялық, жиілік т.б. сөздіктер). Жетінші негіз – сөздіктегі сөздердің орналасу ретіне байланысты сөзден ұғымға қарай: әліпбилік сөздіктер, ұғымнан сөзге қарай: идеологиялық сөздіктер және сөз соңынан сөз басына қарай: кері әліпбилік сөздіктер. Осы сияқты жеке сөздіктерге жасалған жанрлық–типологиялық жіктемелер В.Виноградов. С.И. Ожегов, Ю.Н. Караулов, П.Н. Денисов, В.В. Морковкин, Х.Касарес, Л. Згуста, Ж. Ююбуа т.б. көптеген авторлардың еңбектерінде сөз болады. Ғалым Б.Қалиев сөздіктердің бір-бірінен мынадай белгілері арқылы ажыратылатындығын айтып түсіндіреді [36.116]. 1) Сөздердің сипатталу мазмұнына қарай: түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік. 2) Сөздердің сипатталу мақсатына қарай: Орфографиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдес сөздердің сөздігі, омонимдес сөздердің сөздігі, антонимдес сөздердің сөздігі т.б. 3) Сөздердің неге, кімге арналғандықтарына қарай: терминдік сөздік, диалектілік сөздік. 4) Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай морфологиялық сөздік, фразеологиялық сөздік. 5) Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай: жиілік сөздік, кері сөздік т.б.
I БЛОК
Сөздердің сипатталу мазмұнына қарай түрлері
Сөздердің сипатталу мазмұнына қарай түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік, энциклопедиялық сөздік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік те, аударма сөздік те, энциклопедиялық сөздік те сөздердің мағынасын сөз ете отырып, мысалдар арқылы дәйектейді. Оқулықта ең негізгі деген сөздіктер сөз болады.
Түсіндірме сөздік
Сөздіктердің ішінде сөздердің мағыналарын анықтауда ең көлемдісі осы – түсіндірме сөздік. Тілдегі бар сөздер алфавит тәртібімен беріледі де, оның мағыналары мысалдар арқылы түсіндіріледі. Бір сөздің қанша мағынасы болса, соншасы жеке-жеке түсіндіріліп, контекс арқылы ашылып отырады. Қазіргі қолымызда бар түсіндірме сөздіктің саны – 10 том. Әр томның көлемі орта есеппен 70 баспа табақ. Ал бүкіл сөздіктің жалпы көлемі – 700 баспа табақ. Бұл сөздікті «көп томдық», «академиялық сөздік» деп те атайды. Сөздіктің басты мақсаты– қазақ тілінің сөздік құрамын түгел қамтып, тіліміздің лексика-грамматикалық, фразеологиялық, семантикалық байлығын көрсетіп, қолданылу аясы мен жұмсалу орнын анықтау. Сөздік жасауда тіліміздегі барлық сөздердің қамтылуы, сөз мағыналарының анық түсіндірілуі, сөз мағыналарын өзі қатысты лексикалық топтардағы басқа сөздермен байланыстыра ашу; тіліміздегі сөздердің грамматикалық байланысын, қолданылатын орнын анықтау сияқты мәселелер ескерілуі тиіс. Қазақ тілінің тұсіндірме сөздігінде көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер, кітаби лексика, өзге тілдерден ауысқан кірме сөздер, варианттар т.б. лексикалық топтардың бәрі қамтылған. Түсіндірме сөздік ұлт мәдениетінің қарқындап өскен шағында, әдеби тілдің бірқалыпқа түскен уақытында жасалады. Бүкіл баспасөз, мектеп, радио, теледидар және тағы да басқа әлеуметтік тұрмыс салаларының бәрі де жүйеленген нормативті сөздіктермен ғана жұмыс істейді. Сондықтан да қазірде Елбасының 2003 жылғы сәуір айында Қазақстан жұртшылығына арналған жолдауына орай жасалған Республика Үкіметінің «Мәдени мұра» атты бағдарламасына сәйкес, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мәдениет министрлігі, Ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің қолдауымен 2003-2006 ж.ж. аралығында қазақ тілінің он бес томдық түсіндірме сөздігін құрастыруда. Бұндай көлемді де жауапты түсіндірме сөздіктерге деген қоғамның сұранысы жылдан-жылға артып отыр. Тілдің лексика-фразеологиялық байлығы халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымын, тәжірибесін, рухани байлығын танытатын семиотикалық жүйе болғандықтан оны барынша қамтып, иллюстрациялық (дәйектемелік) материалдарын да сұрыптауға тура келеді. Болашақ сөздіктегі жеке сөздердің саны жүз мың шамасында, ал тұрақты тіркестердің, тіркесті сөздердің саны шамамен 30 мыңдай, барлығы 130 мыңдай сөздік бірлікті қамту көзделіп отыр. Түсіндірме сөздік біріншіден, жалпы тіл біліміндегі жетістіктерге негізделген ғылыми сөздік, екіншіден, бүкіл мәдени өмірдегі сөзқолданыстың нормасын белгілейтін нормативті сөздік, үшіншіден, тілдің қазіргі жағдайын бейнелейтін сөздік болуы шарт. Сөздікте реестрге алынған сөздердің қай сөз табына қатысты екендігін көрсететін грамматикалық белгілер қойылады. Аталмыш сөздікте сөздердің қолданылу аясы мен жұмсалу ортасы, эмоционалды-экспрессивті реңін сипаттайтын белгілер де көрсетіледі. Мысалы, әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана қолданылатынын көрсететін белгілер кәсіб деп, кәсіби лексика кітап, діни сөз діни, мифологиялық сөз миф, көнерген сөз көне поэтикалық сөз поэт деп белгіленсе; әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылатын тұрпайы сөз тұрп; қарапайым сөз қарап; диалектілік лексика диал; деп көрсетілсе, ғылымның арнайы саласында ғана жұмсалатындығын көрсететін биология биол; химия хим; медицина мед; т.б. деп белгіленеді. Реестр сөздің анықтамасы, оның қай тілдің сөзі екендігін, яғни шығу төркіні мен қай стильге жататындығы мен грамматикалық белгілер сөздік мақала деп аталады. Бұл термин қазақ лексикографиясында 1970 жылдардан бері қолданылып келеді. Сөздік мақалаға төмендегідей анықтама беріледі. Сөздік мақала – түсіндірмелі сөздік пен бірқатар көрсетпелі (демонстрирующие) сөздік типтерінің сөздік тұлға мен оның сипаттамасынан тұратын негізгі құрылымдық бірлігі [51.41]. А.Е. Карповичтің пікірі бойынша түсіндірме сөздіктің сөздік мақаласы – сөздікте сөздік тұлғамен басталып, сол сөздік тұлға мен туынды құрамды вакабулаларға жан-жақты тілдік сипаттама жасалуын қамтамасыз ететін шартты түрде дербес бөлік [25.207]. Сөздік мақаланың бір түрі – сөздік ұя деп аталынады. О.С. Ахманованың сөздігінде: бір сөздік мақала түрінде берілген морфологиялық тұрғыдан біріккен сөздердің тобы түрінде беріледі [4.109]. А.Е. Карпович сөздік ұяға «вокабулалардың арасындағы туындылық қатынастарды көрсету мақсатымен лексикографтар тарапынан түзілетін сөздік мақаланың бір типі» – деген анықтама береді [25.207]. Сонымен сөздік ұя дегеніміз ұялық тәсіл негізінде құралған, басты нысаны – морфологиялық немесе семантикалық тұрғыдан туынды, өзара байлаулы элементтер болып табылатын сөздік мақала түрі. Сөздікте фразеологиялар сөз мағыналары талданған соң ♦ белгіден кейін келеді. Сонымен қатар әр сөздің мағынасы түсіндіріліп, кемі 2-3 мысал арқылы анықталады. Жуық арада жұртшылыққа ұсынылатын қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздіктегі келтірілген мысалдар Абай, Жамбыл, Махамбет шығармаларынан, зұлмат құрбаны болған А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин т.б. көрнекті қалам қайраткерлерінің туындыларынан алынбақшы. Бұған қоса эпостық жанрлар, қисса-дастандар, тарихи жырлар, фольклорлық шығармалар, ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. ақын-жыраулар өлеңдері; «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты», «Айқап», «Қазақ» тәрізді – мерзімді басылымдары ұлттық сөздік қордың ұйытқысы болып табылады. Әрине, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин сияқты кеңес дәуірдегі алып тұлғалардың да туындылары аталмыш сөздіктен ерекше орын алмақ. Бір тілді түсіндірме сөздік – әрі анықтамалық құрал, әрі дидактикалық құрал, әрі ғылыми зерттеу құралы болып табылады. Төмендегі мысалдар сөздіктің құрылысы жөнінен мәлімет береді. Теңдік зат. 1. Барлық жағынан бірдей, тең болушылық. Достыққа бірлік пен теңдік керек (мақалнама). Біз достық пен теңдіктің, туысқандықтың туын көтереміз. (Б.Момышұлы, Таңд. шығ.). Адамдарға азаттық, бейбітшілік, теңдік, туысқандық, достық әкелуші көп санды халықтың ғана ұлы деп аталуға қақысы бар. (Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз) 2. Тең праволылық, еркіндік, бостандық. Ел ішінде әділдік жойылды. Жарлы-жақыбайға теңдік тимейтін болды. (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Теңдік заманы туды, әр жұрттың өз тізгіні өзіне берілді (М.Дулатов). Біз сияқты кемдікте, қорлықта жүрген ұлттарға теңдік береді. (Ж.Аймауытов, шығ.) Әйел теңдігі. Әйелді еркекпен тең праволы деп санау заңы. Бірақ ұлы мақсатты тілектердің бірі- әйел теңдігі әлі де көңілдегідей жүзеге асқан жоқ (М.Дулатов). Әйел теңдігіне немқұрайды қараушылық, жастардың сүйгенімен қосылуына кедергі жасаушылық жиырмасыншы, отызыншы жылдар былай тұрсын, осы күннің өзінде аз-кем кездесіп қалып отырады. (Р.Бердібаев Гүлістанның бұлбұлдары). Жаңыл кедей-кепшіктерді жинап жіберіп, жиналыс өткізді. Әңгіме әйел теңдігі жайлы еді. (С.Сарғасқаев). Теңдік бермеді. Ырық бермеді, көнбеді, бой бермеді. Қазақ жолына жүгінсе, жүніс теңдік бермейді. Заң жолы- ұзақ (Ғ.Мұстафин). Енді өз бетімше қам жасап көрмесек, таң атқасын оның теңдік бермейтіні рас. (Ә.Сәрсенбаев). Сондықтан осындайда әр ел өз дегеніне жетіп, өз билігін өзі алып қалмаса, ертең әркім буынын бекітіп, күшін жинап алған соң өзі шыққан тауы биік болғанын артық көреді. Қолдан теңдік бермейді (М.Дулатов). Теңдікке жеткізу. Теңдікке ие болды, қолы жетті. Езілген еңбекші елді, жалшыларды теңдікке жеткізуге, тегістік тұрмысын орнатуға жанымызды құрбан етеміз. (Ж.Аймауытов). Халықты оятып, көзін ашып, теңдікке жеткізудің қамын ойлауымыз керек. (М.Дулатов). Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз (М.Дулатов). Түсіндірме сөздіктер адамзат тарихының әрқилы кезеңдерінде әртүрлі мақсат-мүдделерге сай, алуан түрлі жүйе мен құрылымда жасалып келеді. Мәдениет үлгілері ертерек хатқа түсіп, жазба дәстүрі үздіксіз дамып келе жатқан елдерде бұл сала – халықтың білім мен біліктің шежіресі іспеттес[53.5]. Сонымен қазақ түсіндірме сөздіктерінің қай-қайсысы да қай кезде де түркі тілдерінің түсіндірме сөздіктері арасында сапалы да құнды туынды саналғаны белгілі. Сондықтан да жақын арада басылып шығатын қазақ тілінің түсіндірме сөздігі де көпшіліктің ойынан шығатын, қоғамның сұранысын өтейтін сөздік болатынына күмәніміз жоқ. Қазіргі кезде еліміздің егемендікке қол жеткізген тұсында кейбір сөздер пассивтеніп, көптеген сөздер активтене бастады, бірсыпыра сөздің мағынасы қайта жаңғырды. Осындай сөздер жүйесіндегі өзгерістерді сөздік арқылы жеткізіп, бір нормаға түсіру өркениетті қоғам үшін аса маңызды, мемлекеттік мәні бар іс болмақ. Аударма сөздік Аударма сөздіктер жасау мәселесі бұрынырықта-ақ жолға қойылған болатын. 1946 жылы «Орысша- қазақша сөздік», 1954 жылы бір томдық «орысша-қазақша сөздік», 1954 жылы Х.Махмудов пен Ғ.Мұсабаевтың «қазақша-орысша» сөздігі жарық көрген болатын. 2001 жылы жалпы редакциясын Р.Ғ.Сыздықова мен К.Ш.Хұсайынның басқаруымен «қазақша-орысша сөздігі» басылып шақса, сол жылы Қ.Бектаевтың «Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігі» жарық көрді. Бұл сөздік 3 бөлімнен тұрады. Қазақша-орысша, орысша-қазақша және 750-ден астам жалғаулар мен сөздерді жинақтаудың алгоритмі берілген үшінші бөлім. Аударма сөздіктер көпшілік қауымға арнала отырып, қазақ тілінің сөз байлығын үйрену, меңгеру үшін баға жетпес еңбек болып табылады. Қазақша- орысша (және керісінше) сөздіктерден басқа «Ағылшын-қазақ сөздігі» (1960), «Моңғолша-қазақша сөздік» (1954,1977), «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік» (1969, 1984), «Парсыша-азақша түсіндірме сөздік» (1974), «Қазақша-ағылшынша сөйлесу» (1966), «Қазақша-немісше сөйлесу» (1968) сияқты сөздіктер де шықты. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту мен оны дамытудың бір жолы – жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін мамандыққа байланыстыра оқыту. Осыған байланысты Ф.Оразбаева, А.Мұратбековалардың тарих факультеті студенттеріне қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқытуға арналған қазақша-орысша сөздігі (2003ж), Ф.Оразбаева, С.С.Сейтеновалардың автомобиль шаруашылығы бөлімінде оқитан студенттерге қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқытуға арналған қазақша-орысша сөздігі (2004ж.) жарық көрді. Сөздіктің алға қойған мақсаты – жоғарғы оқу орындарының тарих, автомобиль шаруашылығы факультеттерінде оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ тілін мамандыққа сәйкес қатысым әдісі арқылы оқытуда жиі қолданылатын сөздерді оқыту; орыс бөлім студенттерінің қазақша сөйлеу тілін коммуникативтік тұрғыдан дамыту; тіл үйренушілердің сөздік қорын мамандыққа қатысты лексикамен молайту; қатысымдық тұлғаларды сөйлесім әрекетіне (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім) байланысты іске асыру; кәсіби тақырыптағы мәтіндерді, баспасөз материалдарын, радио, теледидардан ақпараттық хабарларды түсіну, оқу, мазмұндап айта білу [57.3].
ІІ БЛОК
Сөздердің сипатталу мақсатына қарай орфографиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдес сөздердің сөздігі, омонимдес сөздердің сөздігі, антонимдес сөздердің сөздігі болып бөлінеді. Олардың сипатталу мақсаты бір, яғни белгілі бір сөздердің жазылу, айтылу нормаларын, шығу төркіні мен мазмұн, форма межесіндегі тіл бірліктерін негіз етеді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.) |