Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Фразеологизмдердің сыртқы құрылысыПоиск на нашем сайте II БЛОК Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
Фразеологизмдердің түрлері Фразеологизмдерді түр-түрге бөлу - ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап-ақ қазақ фразеологиясындағы басты мәселелердің бірі болды. Түркітануда, қазақ тіл білімінде фразеологияның объектісіне жатқызылатын тұрақты сөз тіркестерінің түрлері жайлы әр түрлі пікір орын алып келеді. Фразеологтер арасындағы тұрақты сөз тіркестерінің түрлеріне қатысты пікір қайшылығы негізінен фразеологияның зерттеу объектісінің шек-шекарасын белгілеуден, яғни тұрақты сөз тіркестерін зерттеуді кең және тар ұғымда түсінуге байланысты туындайды. І.Кеңесбаев, Ш.Рахматуллаев, Г.Байрамова, З.Ураксин, Ә.Т.Қайдар, А.А.Юлдашев сияқты белгілі түркологтер фразеологияның зерттеу объектісін фразеологиялық бірліктермен шектеуді қолдайтын болса, С.Н.Мұратов, І.Х.Ахунзяновтар күрделі сөздерді, қос сөздерді, газет айдарларын, мақал - мәтелдерді, нақыл сөздерді тұрақты сөз тіркестеріне жатқызады. І.Кеңесбаев “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің” “Қазақ тілінің фразеологизмдері” деп аталатын бөлімінде фразеологизмдерді түрге бөлу мәселесіне кеңінен тоқталды. Ғалым фразеологизм бойындағы мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылы сияқты басты үш белгіні негіз ете отырып, қазақ тілінің құрамындағы фразеологиялық бірліктерді фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тіркестер деп екі үлкен топқа бөліп, фразелогиялық түйдектерге жаны күйді, ит арқасы қиянда, жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан тәрізді лексикалық компоненттердің барлығы жиналып, бір ғана ұғымды түйдегімен білдіретін идиом сипатындағы фразеологизмдерді жатқызды. Ол идиом сипатындағы фразеологизмдердің идиом емес сипаттағы фразеологизмдерден мағынаның тасалану, тасаланбауы, яғни құрамындағы сөздердің өздерінің тура мағыналарын сақтауы, сақтамауы жағынан елеулі айырмасы болатынын айтады. “Идиома (фразеологиялық түйдек) ішіндегі сөздер өздерінің бастапқы лексикалық тұрпаты мен семантикалық қасиетін жоғалтады да, сырт сиқын ғана сақтап қалады. Фразеологиялық түйдектің (идиом) беретін мағынасы оның сыңарларынан шығатын мағынамен мүлдем байланыспайды” деген тұжырым жасайды, “жеңіл-желпі тамақтанып алу” дегенді білдіретін жүрек жалғады, “өкпелесті”, “араздасып қалды” дегенді білдіретін қырғи - қабақболды, “өте тату” дегенді білдіретін тонның ішкі бауындай фразеологизмдерінің жиынтық фразеологиялық мағыналарының тіркестер құрамындағы жүрек, жалғау, қырғи қабақ, тон, іш бау сөздерінің жеке тұрғандағы тура мағыналарынан туып отырмағанын, түйдек сыңарлары тұтастып барып, бір шоқ жаңа мағына туғызып тұрғанын айтады [31.600]. Ал белін қынай буынды, ата жолын қуды, қан жоса етті дегендерді фразеологиялық тіркеске жатқыза отырып, ғалым фразеологиялық тіркестің фразеологиялық түйдектен айырмашылығы - фразеологиялық тіркес ішінде сөздер (бел, буыну, ата жолы, қан) жеке тұрып білдіретін бастапқы, негізгі мағыналарынан жарым-жартылай айырылатынын айтады. І.Кеңесбаев фразеологиялық тіркестерді құрамындағы сыңарлардың о бастағы тура, негізгі мағыналарының көмескі тарту, тартпауына қарай: а) түйін тіркес, мысалы, ернінен ене сүті кеппеген, пышақ кескендей тыйылды, өкшесін жалтыратты т.б.; ә) түйіс тіркес, мысалы, құмырысқадай құжынаған, көзді ашып-жұмғанша, қыпша-бел, оймақ ауыз т.б. деп екіге бөледі [31.591]. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін өз ішінен идиомдық тіркестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлу А.Ысқақов [79.130], М.Балақаев, Т.Қордабаев еңбектерінде де орын алады [11,25]. Профессорлар Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев орыс ғалымы В.В.Виноградовтың классификациясын негізге ала отырып, қазақ фразеологизмдерін фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үш топқа жіктейді [35.183]. Фразеологиялық тұтастыққа құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқендай ажыратуға болмайтын фразеологизмдер жатады. Мысалы: мұрнынан шаншылып жүр; мұрнына су жетпеді; түйені түгімен, биені бүгімен жұтты; аттың жалы, түйенің қомында; бір ұрты май, бір ұрты қан т.б. Фразеологиялық бірлік әу бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан пайда болады. Фразеологиялық тұтастықтан айырмашылығы сол, мұнда жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына, яғни фразеологиялық мағынаның жасалуына негіз болған еркін тіркестегі бастапқы лексикалық мағына айқынырақ көрініп тұрады. Мысалы: ит көйлекті бұрын тоздырған; ескі жараның аузын ашты, көз көрмес; құлақ естімес жер, ит байласа тұрғысыз т.б. Фразеологиялық тізбек те фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан пайда болған. Мұнда тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы мүлдем жойлмағанымен, күңгірт тарта бастағаны байқалады. Фразеологиялық тізбек еркін тіркесімділік қабілетке ие сөз бен жұмсалу қабілеті шектеулікке ие бола бастаған, көбіне фразеологиялық байлаулы мағынада ғана жұмсалатын сөздердің тіркесінен тұрады. Мысалы: көк бет, қысыр сөз, қасқа жол, қолаң шаш, жуан жұдырық, сояу тіс, қозы жауырын. Фразеологиялық тізбек құрамындағы сөздердің бастапқы лексикалық мағыналары анық, айқын болмағынымен, сәл-пәл сезіліп тұратындығымен фразеологизмдердің басқа түрлерінен ерекшеленеді. Мысалы: көз көрім жер, саусақпен санарлықтай, көзі тірісінде, қамыт аяқ, қалқан құлақ т.б. Орыс фразеологизмдерін фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлген В.В.Виноградовтың классификациясын жетілдіріп, оған төртінші етіп фразеологиялық сөйлемшені қосқан Н.М.Шанскийдің топтастыруына [78.27-28] негіздеп, Р.Сәрсенбаев [69], Ө.Айтбаев [7], Г.Смағұлова [70], Н.Уәлиев [76] тәрізді ғалымдар қазақ мақал-мәтелдерін фразеологиялық тұрақты орамдар ретінде фразеологияның құрамында қарастыруды ұсынады. Олар мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысын сөз еткенде, ең алдымен мақал-мәтелдердің қалыптасқан, дайын сөз тіркесі екенін, құрамындағы компоненттердің тұрақтылығын, сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай даяр қалпында қолданылуын, бейнелілігі мен мәнерлілігін, бағалауыштық, экспрессивтік қасиеттерін, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін алға тартады. Дегенмен қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдерді фразеологиялық бірлік ретінде қарастыруға қарсы пікірлерде орын алады. Мәселен, профессор М.М.Копыленко мақал-мәтелдер ситуацияға байланысты қолданылып, фразалық мағынаға ие болатынына қарамастан фразеологияның тақырыбы бола алмайтынын, себебі олар халық творчествосының жанры болып табылатынын айтады [33.64]. Академик Ә.Т. Қайдар бүгінгі қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі - қазақ паремиологиясын жеке пән, дербес ғылыми сала ретінде қалыптастыру екенін атап көрсете отырып, оның зерттеу объектісіне мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді, қанатты сөздерді жатқызады [34].
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.01 с.) |