Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларПоиск на нашем сайте Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр[22]. Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді. Мысалы: жақсы-тәуір-жаман деген мысалдағы жақсы-жаман антонимдік жұптың арасын дәнекерлейтін тағы бір сөз болуы мүмкін. (мысалы: тәуір). Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түбірлі (бар-жоқ) және түбірлес (жанды-жансыз, таныс-бейтаныс) лексемалар енеді. Эквиполенттіантонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі арқылы орныққан ассоциативті қарама-қарсылық бар: кіру-шығу, қашу-қуу т.б. Олардың өздерін 1) іс-әрекетке байланысты туындағын қарама-қарсылықты лексемалар (кіру-шығу; қуану-ренжу), лексикалық конверсивтер (жығу-жығылу, жеңу-жеңілу), үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер (үсті-асты, оң-сол) және жыныстық, туыстық нышандары (әке-шеше, бала-қыз), тәулік уақыты (күн-түн), әлеуметтік қатынастары (бай-кедей), т.б. мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады. Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді. Тіл-тілдегі антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып, қарама-қарсы қойып шендестіріп және ыңғайласып кезектесіп қатар жұмсалады.
Фразалық антонимдер
Тіліміздегі антонимдер фразеологияны да қамтиды. Фразалық антонимдер белгілі контексте ғана мағыналары қарама-қарсылыққа негізделеді. Олар көбінесе мақал-мәтелдерде жиі ұшырасады: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Кейде антонимдік жұп құрайтын фразалық тіркестерде мағынаға негіз, өзек болатын бір сөз қайталанып отырады. Мысалы: Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық (Абай). Орыстың ер жүрек ғалымдары жүздеген жылдар бойы шөл және жартылай шөл жерлерді зерттеп меңгеруге көп көңіл бөліп келді (Ә. Кәкімжанов). Әйекең мен түспеймін десе, Сапардың қоян жүрексің дегелі тұрғанынан именіп, сыр бермей бақты (М.Иманжанов). Жасаулы жаудан бұрылмай, жау жүрек жомарт құбылмай Жан біткенге жалынбай, жақсы өліпсің, апырмай (Абай). Сен су жүрек қорқақсың (А.Бек.). Сонымен антонимия – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы лексикалық бірліктердің семантикалық қарым-қатынасы. Олар да тілімізде синонимдер сияқты кеңінен қолданылып, белгілі бір стильдік мәнде жұмсалады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |