Сөз варианттарының түрлері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сөз варианттарының түрлері

 

Сөз варианттарының бірнеше түрлері бар: Фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық, лексикалық варианттар.

1. Фонетикалық вариант дегеніміз дыбыстық құрылымы әртүрлі болып келетін бір сөз: ештеме / ештеңе / ештеңке; сөйтіп /сүйтіп.

2.Морфологиялық варианттар – түбірлері сақталып, тек қосымшалары ғана әртүрлі болып келетін сөз варианттары жатады: даяр /дайын; тырысқақ / тырыспа (ауру аты) т.б.

3.Грамматикалық вариант түбір сөзге қосымша қосылу арқылы, екі түбір сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы жасалған сөз варианттарын жатқызамыз. Мысалы: інжу /інжугүл / ландыш; боз/бозаң / бозшөп (ковыль).

4.Лексикалық мағынасы бірдей, бірақ тұлғалары мүлде бөлек сөздерді лексикалық вариант дейміз, олар әр түрлі түбірлерден жасалады. Мысалы: құлақшын / малақай т.б.

Лексикалық варианттар мынадай жолдар арқылы пайда болады:

1) Әр түрлі мотивке (уәжге) байланысты қалыптасқан варианттар: жолжелкен (уәжі-өсетін жері) /мыңтамыр (тамырының көптігі) / қызылтамыр (түсі) /қырықбуын (буын саны).

2) Шығу көзі әр түрлі болып келеді: қауын (әдеб) /діңке (жерг.) т.б.

3) Кірме сөздер бұрыннан бар атаулармен жарыса қолданылады; құдай (пар.) / алла (ар.) /тәңір (қаз.) т.б.

Сөйтіп сөздің әр алуан фонетикалық варианттарының болу жағдайы зерттеушілер назарын барған сайын өзіне аудара түсуде. Фонетикалық өзгерістегі жүйелілік пен белгілі себептерді анықтауда ертеден-ақ күш-жігер жұмсалып келе жатқанына қарамастан, бұл құбылысты одан әрі зерттей берудің қажеттігі әрдайым сөз боп келді. Себебі бұл мәселені ғылыми тұрғыдан алып, жеткілікті дәрежеде зерттеп шығу тіл білімін анағұрлым жоғары сатыға көтерген болар еді [24.15]. Сөз варианттары тілімізде ала-құлалықтар мен тұрақсыздықтарды туғызатын құбылыс болғандықтан, келешекте тілдік норма тұрғысынан реттелуге, бір жүйеге түсуі тиіс.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)