Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Аң, қыс, дос, таза, жұқа, аласа, жаңа, терең, қою, сәтті, берік, жіңішке, ыстық, шапшаң, оқай, асты, аз.Поиск на нашем сайте СООЖ
1. Жалпы түркілік атаулардың жеке-жеке тілдік сипат алуы процесіндегі сөз семантикасының рөлі. 2. Сөздің семантикалық құрылымын анықтау мәселесі. 3. Тіл және ойлау, сөз және ұғым арасындағы қатыстылық. 4. Түбірлес сөздер және ұғымдық кеңістік.
СӨЖ 1.Қазақ тілінің лексика-семантикалық жүйесі. 2.Ұғым және сөз төркіні. 3. Сөз мағынасының парадигмалық, синтагмалық және денотативтік қатынастардағы көрінісі. 4. Сөз мағыналарын классификациялау мәселесі. 5. Сөз мағынасының түрлері.
1-тапсырма. 1. Мәтіндегі сөздердің мағыналарын түсіндірме сөздік бойынша анықтаңыз.
1.Баланың қаз тұрып, тез жүріп кету оның денсаулығына байланысты. Ал баланың денсаулығына ана сүті арқылы оның бойына таралатын тағамдағы витаминдер ерекше әсер етеді. 2. Сәукеле - ұзатылған қыздың үйлену тойында киетін бас киімі. Сәукеленің күмістен жасалған төбелдірігі, маржан тізіліп жасалған салпыншақ бетмоншағы болады. 3. Күйек қазан айының аяғында, қарашаның бас кезінде алынады. 4. Бәйге - қазақтың ұлттық ойыны, ат жарысы. Ат құлағында ойнап өскен қазақ баласы үшін бұл ең қызықты ойын. 5. Түйенің жабдығы жылқыныкінен мүлдем өзгеше болып келеді. Өйткені ол салт мініс үшін емес, жүк артуға ыңғайлы етіліп жасалады. /Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 1994./
2. Ұғым мен сөз мағынасы арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
3. Сөз мағыналарының түрлерін атаныз және оларға мысалдар келтіріңіз.
4. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары дегенді қалай түсінесіз.
2-тапсырма. 1. Мәтіндегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын ажыратыңыз да, олардың айырмасын түсіндіріңіз.
Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде - туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың- бәрі бәрдей, екі дүниенің жақсылығыңа рахатың - бәрі бірдей екен. Біріңе-юірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық етіп, көз алартыспақ лайық па? Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетіменеңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ, тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр “ой тәңір-ай” деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам? /Абайдың “Қара сөзінен”/
2. Синтаксистік шартты мағына мен фразеологиялық байлаулы мағына арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Ойыңызды мысалдармен дәйектеңіз.
3. Сөздің стилистік қызметіне байланысты ажыратылатын сөз мағыналарының түрлерін атаңыз. Оларға мысалдар келтіріңіз.
4. Сөз мағыналарына топтастыру жасаған ғалымдардың классификацияларындағы ұқсас тұстар мен айырмашылықтарды кесте арқылы көрсетіңіз.
1. Синонимдердің мағыналық жақындығына қарай бөлінісі (Адамға қатысты синонимдер; жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер). 2. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы синонимдердің берілуі. 3. Плеоназм немесе плеонастикалық синтагма. 4. Орфоэпиялық және орфографиялық варианттар. 5. Лексикалық варианттардың жасалу жолдары. 6. Түбірлес синонимдер мен сөз варианттарының айырым белгілері. 7. Біртекті (гомогенді) омонимдердің туындауына әсер ететін уәждер (мотивтер). 8. Омонимия құбылысы туралы жалпы тіл біліміндегі пікірлер. 9. Омонимдердің, омофондар мен омографтардың ақын-жазушылар шығармаларында берілуі (каламбур тәсілі). 10. Антонимдердің әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалуы. 11. Градуалды антонимдік оппозициялар. 12. Привативті антонимдік оппозициялар.
СӨЖ
1. Синонимдердің зерттелуі. 2. Синонимдердегі мағыналық, стильдік, сөз қолданысындағы реңктер. 3. Синонимдердің фразалық тіркестердегі қолданылу мақасаттары. 4. Сөз варианттарының зерттелуі. 5. Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары. 6. Сөз варианттарының грамматикалық түрі. 7. Омонимдердің зерттелуі. 8. Біртекті (гомогенді) омонимдер туралы көзқарас. 9. Омофондар мен омографтардың өзіндік белгілері. 10. Антонимдердің зерттелуі. 11. Стильдік антонимдер. 12. Антонимдердің түбір және туынды түрінде қолданылуы.
1-тапсырма Төмендегі сөздердің синонимдерін кестеге салып, синонимдік қатар құрыңыздар, оларға ұйытқы болып тұрған тірек сөзді (доминант сөзді) көрсетіп тұсінік беріңіздер. Талдау үшін «Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін», «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігін» пайдаланыңыздар. Биік, шаршау, жәрдемдесу, теңдік, бөтен, бұйрық, бұлақ ентігу, жалғасу, жалығу, керемет, жүдеу, талантты, кенеттен, уайым, қорлық, өлең, сынау, сыр, сыйлау. 2-тапсырма Төмендегі үзінділерден бір-біріне синоним болып тұрған сөздерді тауып түсінік беріңіздер. Қазыбек биге бір адам «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» -деген сұраққа жауап беріңізші деп сұрайды. Сонда атақты би былай деп жауап қайтарады: Тату болса- ағайын жақын, Ақылды болса-апайың жақын. Бауырмал болса- інің жақын Инабатты болса-келінің жақын. Сыйлас болса- нағашың жақын. Адал болса-досың жақын, Еркелейтін немерең жақын, ¤з ұрпағың шөберең жақын. Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын. Алтын ұяң – әйелің қымбат. Құт- береке – атаң қымбат Аймалайтын –анаң қымбат, Мейірімді –апаң қымбат. Туып өскен –елің қымбат. Кіндік кескен –жерің қымбат. ¦ят пен ар қымбат ¤зің сүйген жар қымбат. Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын. Шанышқыласа, сөз қиын, Жазылмаса дерт қиын.
3-тапсырма Келтірілген үзінділерден омофондарды тауып жазып, жасалу ерекшеліктеріне талдау жасаңыздар. Салты бар әр ғасырдың, әр уақыттың, ¦стады шылбырымнан ару аттың Сағынған ағасы мен ақ періште Беттеді ордасына аруақтың (Х. Ерғ.) Ол үлкен театрда отырғандай, ‡нінен найзағайдың от ұрғандай: Немесе ұлы орыстың аспанында- Орнында періштенің ол тұрғандай (Х. Ерғ.) Жұпыны пұшпақтағы өңір енді, Астыртын күйде болып күңіренді. Осылай жадыраңқы өтіп жатты, Күздегі сүмбіленің күні реңді (Х. Ерғ.) Талай бар ендігі қыз түлеп сенше, Шынардай шыны бойы тік өскенше. Аңсады Құрман былай алдағаны Ақ Дина «Дәурен» күйін түгескенше. (Х. Ерғ.)
4-тапсырма Түсіндірме сөздіктерден түбір және туынды омонимдерге бес мысалдан теріп жазып, оларға түсінік беріңіз. 5-тапсырма Сөз варианттарының түрлеріне жеке-жеке сөйлем құрап, олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіз. 6-тапсырма Заттар мен құбылыстардың сыртқы тұлғаларындағы ұқсастық тірек болған гомогенді омонимдерге мысал теріп, оларға түсінік беріңіз. 7-тапсырма Антонимдік жұп құрайтын 10 мақалаға түсінік беріңіз. 8-тапсырма Стильдікнемесе контекстік омонимдерге мысал теріңіз. 9-тапсырма Төмендегі сөздерге қарсы мағыналы сөздер ойлап табыңдар да, сөйлем құрап жазыңдар. 10-тапсырмаОқыған кітаптарыңыздан бес-алты омонимді теріп, алып, олардың әрқайсысы қанша мағына білдіріп тұрғанын түсіндіріңіз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.) |