Фразеологизмдердің құрылым-құрылысы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Фразеологизмдердің құрылым-құрылысы.

Фразеологизмдердің құрылым-құрылысы.

Фразеологизмдер сырт тұлғасына, яғни құрылым-құрылысына қарай екіге бөлінеді:

 1) сөйлем құрылымдас фразеологизмдер;

 2) сөз тіркесі құрылымдас фразеологизмдер.

Сөйлем құрылымдас фразеологизмдердің өзін іштей: а) жай сөйлем құрылымдас; ә) құрмалас сөйлем құрылымдас деп екіге бөлуге болады. Жай сөйлем құрылымдас фразеологизмдерге бағы ашылды, көктен іздегені жерден табылды, ине шаншыр жер жоқ, екі йығын жұлып жеді, жанын қоярға жер таппадыт.б. фразеологизмдер жататын болса, құрмалас сөйлем құрылымдас фразеологизмдерге ес біліп, етегін жапты; қаққанда қанын, соққанда сөлін алды; ай дейтін ажасы, қой дейтін қожасы жоқ; ішер асқа, киер киімге жарымады; аузын ашып, көзін жұмды т.б.жатады.

Сөз тіркесі құрылымдас фразеологизмдерді: а) жалаң сөз тіркесі құрылымдас (өзек жалғау, жағасына жармасу, ат шаптырым, жарым түн, түн қатып, суық қол, сақалды басымен, төбесі тесік, бүйрек бет, ел аузында т.б.);

ә) күрделі сөз тіркесі құрылымдас (аузынан жырып беру, аяғына бас ию, ат кекілін кесісу, жаны ұстараның жүзінде, ойда жоқ жерде, аяқ-қолын баурына алу, жанын көзіне көрсету т.б.) деп екіге бөлуге болады.

Фразеологизмдерді бұлайша құрылым-құрылысына қарай жіктеудің өзінде шарттылық бар. Себебі олар синтаксистік тұрғыдан бөліп-жаруға келмейтін, тұтасып кеткен, бір бүтін тілдік бірлік болып табылады.

 

Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.

Қазақ фразеологиясының теориялық мәселелеріне арналған зерттеулерде көрініс тапқан фразеологизмдерді сөз табына топтастыру туралы пікірлерде негізінен бірізділік байқалады.

Ә.Қайдар, Р.Жайсақовалар фразеологизмдерді сөз табына қатысына қарай 5 топқа бөледі [27, 3]:

1. Есімді фразеологизмдер.

2. Етістікті фразеологизмдер.

3. Одағай түріндегі фразеологизмдер.

4. Адвербиальді түрдегі фразеологизмдер.

5. Сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер.

 Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаевтар қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан:

1. Етістік мағыналы фразеологизмдер.

2. Сындық мағыналы фразеологизмдер.

3. Заттық мағыналы фразеологизмдер.

4. Yстеу мағыналы фразеологизмдер деп төрт топқа бөліп қарауды ұсынады [35.190-192].

Г. Смағұлова фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығына қарай 6 топқа жіктейді [70.23-33]:

1. Етістік мағыналы фразеологизмдер.

2. Есім мағыналы фразеологизмдер.

3. Yстеу мағыналы фразеологизмдер.

4. Одағай тұлғалы фразеологизмдер.

5. Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер.

6. Сөйлеу дағдысында қолданылатын фразеологизмдер.

Фразеологизмнің қай сөз табына қатысын анықтауда көбінесе негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық жиынтық мағына салыстырылады. Фразеологизмдерді шартты түрде сөз табына топтастыруда олардың семантикалық құрылымы, дәлірек айтқанда, фразеологиялық ішкі мағыналық тұтастық межеге алынады, фразеологизмдердің сөйлемдегі атқаратын біртұтас қызметі ескеріледі. Мәселен, жаны мұрнының ұшына келудеген фразеологизмді “қорқу” дегенді білдіретін жиынтық мағынасына қарап, етістікке жатқызуға болатындықтан, сөйлем ішінде ол баяндауыш қызметін атқарады. Қас пен көздің арасында фразеологизмі “тез, жылдам” деген мағынаны білдіретіндіктен, сөйлемде пысықтауыштың қызметін, алақанға қойғандайанық, айқын” деген сындық ұғымды білдіретіндіктен, сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалады. Жеменайдың жер түбі деген фразеологизм “алыс, өте қашық” дегенді білдіріп, сөйлемде үстеу қызметін атқаратын болса, кіндік кесіп, кір жуған жеротан, туған жер” деген заттық мағынаны білдіреді. Бұлардың сыртында қазақ тілінің фразеологиялық қорында жиынтық мағынасына қарай дәл қай сөз табына жатқызуға болатынын анықтау қиынға соғатын демеулік шылаулар мен интонация арқылы жасалған субьективті-модальдік мағынадағы көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?, шыққан мүйзің қайсы?, тақияңа тар кеп тұр ма? сияқты фразеологизмдер, бар, жоқ, емес сөздерінің көмегімен жасалған сөзінің жаны бар, атарға оғы жоқ,екі туып, бір қалғаны емес, сөйлеу дағдысына қарай ауызекі тілде қолданылатын, сөйлемде қыстырма сөздің орнына жұмсалатын обалы нешік, ұзын сөздің қысқасы, айтып айтпай не керек, аузыңа май, астыңа тай сияқты фразеологизмдер де көптеп кездеседі.

 

       Фразеологиялық омонимия және көпмағыналық.

 

Тілдегі жеке дара сөздер аралық қарыстылыққа тән омонимия және көп мағыналық құбылыстары фразеологиялық бірліктер арасында аз да болса кездесіп жатады. Әсіресе фразеологиялық омонимдер өте сирек ұшырасады. Тілші мамандар омоним болу үшін айтылуы бірдей болып келетін жеке сөздердің ғана емес, сыртқы тұрпаты бірдей фраземалардың мағыналары да, тіптен олардың түп-төркіні де бөлек болуы қажет дегенді айтады [2,592]. Мәселен, “дау-дамайды қоздыра түсу” мағынасындағы отқа май құю образды-метафоралық сипаттағы фразеологизм мен босаға аттап, отқа май құю ырымын жасаған келіннің қолтығынан сүйеген абысындарға берілер кәденің атауы отқа май құяр (салар) образды - номинативті сипаттағы этнографиялық фразеологизм бір-біріне омонимдік қатыста болып келеді. Сол сияқты “ренжісті, араздасты, қарым-қатынастарын үзді” дегенді білдіретін ат құйрығын (кекілін) кесу мен иесі қайтыс болған мініс атты тұлдау рәсіміне қатысты айтылатын ат құйрығын (кекілін) кесу екі басқа мағынада жұмсалатын омоним фразеологизмдер болып табылады.

Қазақ фразеологизмдері арасында көп мағыналық құбылысы да орын алады. Бұл құбылыс фразеологизмдердің басқа түрлеріне қарағанда фразеологиялық тіркестерде молырақ кездеседі. Мысалы: Ішкі сарай: а) адамның ішкі органдары; ә) адамныі көңілі, ішкі сыры. Аузымен құс тістеген: а) жүйрік ат, сәйгүлік; ә) сөзге жүйрік ділмар, асқан шешен. Қабырғасы қақырады: а) берекесі кетті, быт-шыт болды; ә) қатты қайғырды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.)