Фразеологиялық антонимдер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Фразеологиялық антонимдер

                      Фразеологиялық антонимдер

 

Фразеологизмдер мағына жақындығына қарай синоним болып жұмсалатыны сияқты, қарама-қарсы мәнде қолданылуына қарай өзара антонимдік қатыстылықта да болып келеді. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдердің екі түрі орын алады:

1) фразеологизм құрамындағы компоненттердің басқа сөзбен алмастырылуына негізделген фразеологиялық антонимдер. Мысалы: бетінен оты шықты - беті бүлк етпеді; ер жүрек - қоян жұрек; сыр алдырды - сыр бермеді, бақ қонды - бағы тайды т.б.

2)Компоненттік құрамында еш жақындық жоқ, тек фразеологиялық жалпы мағына тұрғысынан антонимдік жұп түзетін фразеологизмдер. Мысалы: отымен кіріп, күлімен шықты - бұта басын сындырмады; ауыз жаласты - ат құйрығын кесісті; айы оңынан шықты - жолы болмады; күрең қабақ болысты- араларынан қыл өтпеді т.б.

 

Фразеологизмдердің варианттылығы

Фразеологиялық жиынтық мағынаға еш әсер етпейтін құрам-құрылыстағы азды-көпті дыбыстық, морфологиялық өзгешеліктер немесе кейбір сыңарлардың семантикалық өрістес сөздермен алмастырылуы фразеологиялық варианттылықты тудырады.

Қазақ тілінде варианттылықтың мынадай үш түрі бар:

1) лексикалық варианттылық, 2) фонетикалық варианттылық, 3) морфологиялық варианттылық.

Лексикалық варианттылық үшін бірдей мағынаны білдіретін бірнеше фразеологизмдердің лексикалық құрамының өте ұқсас болуы, мұнда компоненттер арасында мағына жақындығы сақталуы қажет. Мысалы: жүзін жылыту/ түсін жылыту/өңін жылыту, ала жібін алмау/ ала жібін аттамау, бой тасалау/ бой жасыру, оң сапар тілеу/ сәт сапар тілеу, адам шошырлық/ жан шошырлық, иманы қашу / имны қалмау/ иманы ұшу.

Морфологиялық варианттылық фразеологизмдердің морфологиялық құрылымына, яғни мән-мағынасы, лексикалық құрамы бірдей болып келетін фразеологизмдердің сыңарларында морфологиялық тұлға тұрғысынан алғанда азды-көпті ерекшеліктердің кездесуіне байланысты болады. Мысалы: өлмес күнін көру/ өлместің күнін көру, бөгет болу/ бөгесін болу, көзге ілмеу/көзіне ілмеу, азар болса/ азар болғанда т.б.

Фонетикалық варианттылық фразеологизм құрамындағы сөздердің дыбыстық өзгешеліктермен қолданылуына қатысты болады. Мысалы: емешесі құру/ емесесі құру, риза болу/ ыразы болу, ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ/ әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, пешенесіне жазған/бешенесіне жазылған т.б.

 Фразеологиялық варианттылық тілдің синхронды және диахронды дамуы арасын үзбей, алшақтатпай байланыстыруға қызмет ететін, тілдік норманың қалыптасуына ықпалын тигізетін тарихи тілдік құбылыс болып табылады [70.34-38].



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)