Су балансын анықтау және есептеу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Су балансын анықтау және есептеу

Поиск

 

Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.

Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Су ішуге және зәрді жинауға науқасқа өлшемді ыдысты даярлаңыз.

2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

5. Науқасқа түсіндіріңіз, таңертең сағат 6,00 зәрін унитазға жіберу қажеттігін.

6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күніннің таңертенгі сағат 6,00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы тәуліктік диурез болады.

8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.

Бөлінген сүйықтық

 

Бөлінген зәрдің уақыты

Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

9. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.

Енгізілген сүйықтық

 

Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты

Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

10. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6,00 да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.

Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.

Мейірбикенің міндеттері:

 

- Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.

- Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.

- Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.

- Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).

- Қатты тамақтарда 60-тан 80% дейін су бар.

- Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.

- Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.

- Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).

шығарылған зәр мөлшері · 100

шығарылуы % =

енгізілген сұйықтық мөлшері

 

- Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.

- Шығарылған сұйықтық мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.

- Е \герде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.

- Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.

- Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.

Нәтижесінің бағасы:

 

80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).

- Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

- Кері су балансы (<70%) ісіктің көбейуін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)