Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дем алу қозғалысының жиілігін есептеуСодержание книги
Поиск на нашем сайте АН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ Мақсаты:қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау. Қолдану көрсетілімдері:науқастың жағдайын бағалау. Мүмкін болатын асқынулар:қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады Дайындаңыз:тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек. 2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді. 3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз. 4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз. 5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі). 6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше. 7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз. 8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз. 9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз. 10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систольдық қысым, бөлімі –диостольдық қысым). 11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз. 12. Фонендоскоптын басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз. 13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз. Ескерту: Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады. Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз. - қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б. - артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.; - артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.
Мақсаты:дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау. Қолдану көрсетілімдері:тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау. Дайындаңыз:секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қалапсапты. Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. 2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз. 3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет. 4. Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, қәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға. 5. Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз. 6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз. 7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз. 8. Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз. 9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.
Ескерту: - дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз; - 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ); - дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады; - тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында; - дене температурасы 10С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді; - Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек. - Тахипноэ – 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.009 с.) |