Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ер адамныҢ жыныс мҮшесін жууСодержание книги
Поиск на нашем сайте ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ Мақсаты: жыныс мүшелері аймағын тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларын алдын алу. Қолдану көрсетілімдері:науқастың қалі ауыр жағдайында. Дайындаңыз:залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың t-37380С) немесе Эсмарх крушкасын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты құрыңыз; оны кермемен оңашалаңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 3. Қалі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз. 4. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз. 5. Науқастың оң жағынан тұрыңыз. 6. Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз. 7. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз. 8. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен жуыңыз, сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз. 9. Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз. 10. Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мүқият тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз. 11. Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды кейін зарарсыздандыру үшін жинаңыз. Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 12. Төсек-орнын жазықтап, науқасты жабыңыз. 13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 14. Кермені жинаңыз.
ДӘРЕТ САУЫТЫН (СУДНОНЫ) БЕРУ Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішегін және қуығын босату кезінде қолданылады. Дайындаңыз: зарарсыздандырылған дәрет сауытын (судноны), клеенканы, жаялықты, қолғаптарды, кермені, суды, әжетхана қағазын, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз. 3. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. 4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз. 5. Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз. 6. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз. 7. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз. 8. Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз. 9. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз. 10. Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз. Қағазды дәрет сауытына салыңыз. 11. Дәрет сауытын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алыңыз. Егер қажет болса, ақжаймасын ауыстырыңыз. 12. Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесіңіз, көрпесімен жабыңыз. 13. Дәрет сауытын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз. 14. Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз. 15. Дәрет сауытын ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа толық батырып салыңыз. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.) |