олғапты шешу. Хлорамин ерітіндісін даярлау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

олғапты шешу. Хлорамин ерітіндісін даярлау

Поиск

Қолғапты шешу

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.

3. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

6. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту:бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұымдардан өңделеді.

 

 

Мақсаты:аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері:санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.

Дайындаңыз:құрғақ ұнтақ хлораминді, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты.

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

2. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз.

3. Ыдысқа өлшенген құрғак хлорамин ұнтағын салыңыз (жұмысшы ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәріжесіне сәйкес).

4. Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті).

5. Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз.

6. Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз.

7. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты және бирканы (таңба салатын клеенканы) таңбалаңыз, қоюлық дәрежесін, ерітіндінің атын, ерітіндіні даярлағанның аты жөнін, биркаға ерітіндінің даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз.

8. Дем пердесін, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз.

- Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңлаусыз жабық ыдыста сақталады.

- Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)