Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күтуСодержание книги
Поиск на нашем сайте Мұрын қуысын күту
Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу. Қолдану көрсетілімдері:науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы. Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын, науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз. 3. Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз. 4. Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз. 5. Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз. 6. Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз. 7. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз. 8. Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (қатып қалған қабыршықтар болған кезде). 9. Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді. 10. Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз. 11. Қолғапты шешіңіз. 12. Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Құлақты күту Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу. Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы. Қарсы көрсетілімдері:құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері. Дайындаңыз:залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін, сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғаптарды киіңіз. 3. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз. 4. Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз. 5. Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін). 6. Алдын-ала су моншасында (t-36-370С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз. 7. Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы естеу жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз. 8. Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз. 9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөлінуістер мен құлықтың шығуын қаматамасыз етеді. 10. Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз. 11. Қолғаптарды шешіңіз. 12. Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту:құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін. Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға. Дайындаңыз:залалсыздандырылған: 2 науаны, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара браысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз. 3. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз. 4. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. 5. Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына науаны қойыңыз. 6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз. 7. Науқастан тістерін сығыслыстыруын өтіңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз). 8. Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз. 9. Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз. 10. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз. 11. Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз. 12. Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз. 13. Пинцетті , шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға салыңыз. 14. Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз. 15. Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз. 16. Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 17. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: - ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастын жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кетуқауіпі бар; - халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек. - Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.011 с.) |