Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУСодержание книги
Поиск на нашем сайте ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады. Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз. 3. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз. 4. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз. 5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз. 6. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз. 7. Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз. 8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз. 9. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз. 10. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз. 11. Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Көзді күту Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын-алу, қалі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу. Қолдану көрсетілімдері: науқастың қалі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинцетті (іскекті), ундинканы, көз стакандарын, 1:2000 фурациллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз. 3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. 4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз. 5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз. 6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз. 7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді). 8. Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз. 9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз. 10. Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде: сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз. 11. Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз. 12. Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 13. Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 14. Қолыңызды жуып ,кептіріңіз.
Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.009 с.) |