Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру

Поиск

Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру

(көлденең әдіс)

(екі мейірбикемен орындайды)

 

Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері:науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз:таза ақжайманы, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенка қапшықты, қолғапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.

3. Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).

4. Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.

5. Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.

6. Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз.

7. Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.

8. Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз.

9. Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

10. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ішкі киімді ауыстыру

Мақсаты:науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.

Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, мейірбикенің қолымен терінің жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.

Дайындаңыз:таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.

4. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.

5. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.

6. Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.

7. Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).

8. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).

9. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.

10. Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.

11. Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)