Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді. Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады. Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі. Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 ЕД және 1мл – 200.000 ЕД. 1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет: - 500.000 ЕД : 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде); - 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000ЕД еріту кезінде). 2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет. - 1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді; - 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.
Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ
Мақсаты:диагностикалық. Қолдану көрсетілімдері:туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін. Қарсы көрсетілімдері:инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары. Асқынулар:инфильтрат. Енгізілетін жері:білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі. Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз. 2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз. 3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. 4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз. 5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. 6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз. 7. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз. 8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз. 9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз. 10. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай). 12. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз). 13. Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз. 14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 16. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |