Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау

Поиск

ІХ. Пункциялар

 

Мақсаты:диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері:жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см ине диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% йод ерітіндісін, 70% спиртті, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зертханаға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

2. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.

3. Науқастың денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.

4. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

6. Болжамды тесетін жерді 5% йод ерітіндісімен, сосын 70% спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

7. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

8. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.

9. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді және ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.

10. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

11. Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.

12. Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз.

13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

14. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз.

15. Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баялау үшін және талықсудың дамуын ескерту.

16. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз.

17. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

18. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

19. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

20. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

21. Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.

 

Ескерту:

- плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

- плевра сұйықтығын зертханаға апару кешіктірілуд күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;

- ине плевра сұйықтығын қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)