Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
Мақсаты:диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.
Қолдану көрсетілімдері:науқасты жалпы зерттеу
Дайындаңыз:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банкіні; зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құра-жабдықтарды; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғап киіңіз.
5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.
6. Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).
7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
8. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.
9. Қақпақпен банкіні жабыңыз.
10. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.
11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.
12. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;
- зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.
Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
Мақсаты:диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).
Дайындаңыз:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғақ шыны банкіні, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз.
4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
5. Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.
6. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз.
7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.
Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:
- лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;
- эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;
- цилиндрлер – жоқ.
|