Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бұлшық етке инъекцияны орындауСодержание книги
Поиск на нашем сайте Инсулинді енгізу
Мақсаты:қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу. Қолдануға көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу. Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда. Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер. Енгізілетін жерлері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдынғы беті. Дайындаңыз: флакондағы инсулин ерітіндісін, 700 спиртті, залалсыздандырылған: лотокті, пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцін, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге оның келісімін алыңыз; 2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. 3. Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз. 4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтін белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз. 5. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ. 6. Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-370С дейін жылытыңыз. 7. Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. 8. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз. 9. Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз. 10. Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс. 11. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз. 12. Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз. 13. Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек. 14. Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз. 15. Шприцті оң қолыңызға алыңыз. 16. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз. 17. Тері асты майлы қабатын ортасына 30-450 бұрышпен иненін ұзындығына үш бұрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап инені жылдам жылдам қозғалыспен енгізіңіз. 18. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз. 19. Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз. 20. Жылдам қозғалыспен инені шығарып, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. 21. Науқасты тамақтандырыңыз. 22. Қолғапты шешіңіз. 23. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Мақсаты:бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу. Қолданылу көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар. Енгізілетін жерлері:бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне. Асқынулар:иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы(тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок. Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта шариктерін, көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын шприцті, инъекцияға арналған иненін ұзындығы 40-60 мм, қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. 2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз. 3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз: - бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз; - санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз; - иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз. 4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз. 5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі). 6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және тығыздалу болмау керек. 7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолғапты киіңіз. 8. Шприцті құрастырыңыз(стандартты қара). 9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара). 10. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз. 11. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек). 12. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз. 13. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз. 14. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 15. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. 16. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз. 17. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз. 18. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: - санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 450 бұрышпен енгізеді; - майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз; - инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз; - майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |