Диастазаға зәрді жинау
Диастазаға зәрді жинау
Мақсаты:диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Қолдану көрсетілімдері:ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Дайындаңыз:сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ шыны банкані; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімнің қолы).
Іс әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.
2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл даярланған банкіге жинаңыз.
3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға апарыңыз.
Ескерту:қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
Қантты анықтауға зәрді жинау
Мақсаты:зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері:қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Дайындаңыз:сыйымдылығы 3л және 200 мл таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.
3. 3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).
4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).
5. Қолғапты киіңіз.
6. 3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.
7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.
8. 100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.
9. Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.
10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02% промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.
|