Дене бөліктерінің термиялық және химиялық күйіктерінде алғашқы медкөмек алгоритмі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дене бөліктерінің термиялық және химиялық күйіктерінде алғашқы медкөмек алгоритмі

Дене бөліктерінің термиялық және химиялық күйіктерінде алғашқы медкөмек алгоритмі

Көрсетілімі: күйік шогыныңпрофилактикасы, анальгезия, жараны инфекциядан қорғау.

Керекті құралдар: трамадол, анальгин 50%, күйіке қарсы аэрозоль, стерильді күйік пакеттері, глюкоза 5% ерітіндісі, немесе реополиглюкин.

Тактика:

-термиялық күйіктер кезінде– күйген тұсын (t 20-25 °C) салқын сумен 10 мин. бойы салқындату керек;

-химиялық күйік кезінде – химиялық агрессивті сұйық қалдығын күшті ағынды судың астында 30 мин. бойы жуады (тек сөндірілмеген әктен болған күйік кезінде сумен жууға болмайды!).

-анальгезия үшін трамадол 100-200 мг к/т (б/е) немесе анальгин 50% ер. 2-4 мл б/е. Наркотикалық аналгетик егуге кеңес берілмейді;

- күйген жара бетін күйікке қарсы аэрозольмен өңдейді

-асептикалық (стерильді) таңғыштар немесе жара үлкен болса стерильді жаймаға орайды;

-тыныс жолдары күйсе, сыртқы тынысын бақылайды, көмекейі ісініп, тұншыға бастаса – трахеостомия жасау керек.

-Күйік шогы басталса, қосымша: глюкоза 5% еріт. немесе реополиглюкин к/т, ересектерде сағатына 2 л немесе балаларда сағатына 0,5 л. құйылады.

 

 

Хирургиялық инфекция кезінде алғашқы медкөмек алгоритмі

 

 Көрсетілімі: науқастың  «қабынған» тұсына компресс басып, таңғыш таңу. 

 Құралдары: спирт немесе Вишневский майы, шарик, салфетка, компресс қағазы, пинцет немесе қысқыштар.

Техникасы:

1.Науқастың қабынған инфильтратын спиртпен 2 рет сүртіңіз.

2. Инфильтрат үстіне спирттік немесе Вишневский майымен компресс салыңыз.

3. Дәрігерге жолдаңыз

 

Тыныс жолдарына тағам немесе бөгде зат түсу салдарынан механикалық асфиксия болғанда жедел көмек алгоритмі

 

Мақсаты:өлімді болдырмау, тынысын қалпына келтіру және науқастың жағдайын жақсарту.

Керекті құралдар:пинцет, скальпель немесе трахеостомиялық инструменттер жинағы.

Тактика:

Жұтқыншағына бөгде зат тұрып қалса – саусақпен немесе корнцангпен алып тастауға тырысу қажет.

Көмекейге, трахеяға, бронхыға бөгде зат тұрып қалса – санасы болса арқасынан ұрып немесе демін ішіне терең алған кезде диафрагма- іші тұсынан соққы беріп (Геймлих амалы) алуға тырысады. Нәтиже болмаса -трахеостомия.

Ауруханаға жеткізу.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.004 с.)