инфильтрациялық анестезия кезінде дәрігерге көмек көрсету алгоритмі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

инфильтрациялық анестезия кезінде дәрігерге көмек көрсету алгоритмі

Стандарт

жеке топ сәйкестікке сынама жасау іс-әрекетінің алгоритмі

Көрсетілімі:Донор мен реципипент қандарының топ сәйкестігін анықтау

Құралдары: донор қаны, реципиент қаны, Петри шыны аяғы, шыны таяқшалар.

Техникасы:

1. Петри шыны аяғына реципиент  сарысуынан үлкен тамшы және донор қанынан кішкентай тамшы тамызады,

2.шыны таяқшалармен араластырады..

3.нәтижесі 15-25°С температурада 10 минуттен соң байқалады:                                       егер тамшыда  агглютинация болмаса, донор мен реципиент қаны АВО-жүйесі (тобы) бойынша сәйкес болғаны. Агглютинация болса, қандары топ бойынша сәйкеспейтінін көрсетеді.

Стандарт

жеке резус сәйкестікке сынама жасау іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсетілімі: донор мен реципипент қандарының резус сәйкестігін анықтау

Құралдары: донордың эритроциті, реципиент қаны, Петри шыны аяғы, шыны таяқшалар, ыдыстағы жылы су.

Техникасы:

1. Петри шыны аяғына ( немесе пробирканың түбіне) 2 тамшы реципиент сарысуын, бір тамшы  донор қанын немесе эритроцитін тамызады. 

2. шыны аяқты 46-48ºC жылы судың бетіне қалқытып қояды. 10 минуттан кейін нәтижесін қарайды.

Нәтижесі: Петри шыны аяғындағы тамшы  біртекті түске боялған болса, агглютинация болмағаны, реципиент пен донор қандары яғни, резус-фактор жөнінен сәйкес келгені.Агглютнация болса, донор мен реципиент қандары резус-фактор бойынша сәйкеспейді.

 

Стандарт

биологиялық сынама іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсетілімі: донор мен реципипент қандарының биологиялық сәйкестігін анықтау

Құралдары: донор қаны, қан құю системасы, тонометр.

Техникасы:

1.Қан құяр алдында науқастың А/Қ, пульсін, тыныс жиілігін өлшеп алады.

2. Гемотрансфузияның басында әуелі 10-15 мл қанды ағызып құяды.

3. Содан соң системаны жауып, 5 минут үзіліс жасап, науқастың А/Қ, пульсін, тыныс жиілігін өлшеп, шағымдарын сұрайды.

4.Тағы да 10-15 мл қанды ағызып құяды. 5 минут үзіліс жасап, жағдайын бақылайды. Осылай 3 рет қайталайды. Егер науқас жағдайында өзгеріс болмаса, құйылатын қан реципиент қанына биологиялық сәйкес болғаны

5.Қанның қалған мөлшерін тамшылатып құяды.

 

Стандарт

қан құйғаннан кейін науқасты бақылауіс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсетілімі: науқаста қан құю асқынуларының алдын алу.

Құралдары: тонометр, градусник, судно.

Техникасы:

1. науқасқа 2 сағат қатаң төсек режимі тағайындалады.

2. А/Қ, пульсін, тыныс жиілігін өлшеп тұрады.

3. әр сағат сайын 3 сағат бойы қызуын өлшейді.

4. зәрдің 2 порциясын жинап алып, түр-түсін дәрігерге көрсетеді.

5. жалпы қан және зәр анализін алады.

6. жалпы бақылау 3 күнге созылады.

Гемотрансфузиялық шок кезінде жедел көмек көрсетуіс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсетілімі: гемотрансфузиялық шок кезінде жедел медициналық көмек көрсету.

Құралдары: промедол 1%-1,0, хлорлы кальций 10%-10,0 мл, димедрол 1%-1,0 мл, преднизолон 2,0 мл, стабизол, полиглюкин, физраствор-400,0,

Техникасы:

1. системаны жауып, қан құюды тоқтатады

2. тамырдан инені суырмастан промедол 1%-1,0, хлорлы кальций 10%-10,0 мл, димедрол 1%-1,0 мл, преднизолон 2,0 мл дәрігер нұсқауы бойынша егеді.

3. Шокқа қарсы сұйықтар-стабизол, полиглюкин, физраствор-400,0, к/т жүрек-тамыр дәрілері егіледі. Клиникалық өлім болса, реанимация шараларын жасайды. Реанимация бөлімшесіне аударады.

 

Стандарт

«іріңді» жараны таңу іс-әрекетінің алгоритмі.

 

Көрсетілімі: науқастың «іріңді» жарасына туалет жасап, тазалау, таңғышын ауыстыру. 

 Құралдары: спирт, антисептикалық ерітінділер (3% асқын сутегі тотығы, фурацилин), шарик,салфетка, пинцет, қысқыштар.

Орындалу реті:

1.Науқастың жарасындағы бұрынғы салфеткасын алыңыз.

2.Айналасын спиртпен 2 рет сүртіңіз. Резин жолақ дренажы болса, дәрігер рұқсатымен алып тастаңыз. Дренаж түтігі тереңде болса, дәрігер алады.

3.Жарадағы іріңді сұйықты құрғақ шарикпен алыңыз.

5. Жараны антисептикалык ерітіндімен жуып, құрғак шарик, салфеткалармен

құрғатыңыз.

6.Дәрігер нұсқауы бойынша стерильді (антисептикалық ерітіндіге батырылған) салфетка салып, таңып тастаңыз.

Жаралыға алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі

 

Көрсетілімі: жаралы науқасқа дәрігер келгенше көмек көрсетіп, жарасын таңу.

Құрал-жабдықтары: жгут, бинт, йодонат, стер.салфетка, шина, анальгетиктер, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, пинцет, лоток.

Техникасы:

1. Қанын тоқтату.

2. Ауыртпалығына қарай аналгетик егу .

3. Жараның айналасын 2 рет спиртпен сүрту, жарадағы бөтен заттарды суырып алуға болмайды.

4. Жараға мақта, ұнтақ дәрі, май дәрі жағуға болмайды.

5. Жараны стерильді салфеткамен жабады немесе 3% сутегі асқын тотығымен жуып жіберуге де болады.

6. Иммобилизация жасайды.

7. Хирургке жолдайды.

 

 

Жараны таңу және таңғышын алмастыру іс-әрекетінің алгоритмі

 

Көрсетілімі: жараның туалетін жасай білу.

Құралдары: стерильді таңу материалы, антисептик ер-сі, спирт, пинцеттер, зажимдер.

Техникасы:

1. Медбике жұмыс пинцетін қолына алады, дәрігерге (немесе өзінің екінші қолына) стерильді пинцет алады.

2. Жараның бойымен ескі таңғышын алып тастайды. (Егер таңғыш қатып жабысып қалса, 1:3000 перманганат калий ерітіндісінен ванна жасап, жіпсітіп алған жөн).

3. Егер жараның айналасы ласталған болса, құрғақ шариктермен тазартады, содан соң спиртпен 2 рет сүртеді.

4. Жаранын ішін 3%сутегі аскын тотығымен және фурацилин ер-сімен жуады, егер жарада тігіс тұрса, оны спиртпен сүртеді.

5. Дәрігер нұсқауы бойынша жараның фазасына байланысты таңғыш таңады.

6.  Егер жарада тігіс тұрса, стерильді құрғақ таңғыш таңады.

7. Пайдаланылған инструменттерді дез.ерітіндіге, жұмыс пинцетін 6%сутегі аскын тотығы ертіндісіне, таңу материалдарын қалдықтар қорабына тастайды.

 

Операциялық жараны таңу іс-әрекетінің алгоритмі.

 

Көрсетілімі: науқастың «таза» жарасына туалет жасап, таңғышын ауыстыру. 

Құралдары: спирт, таңу материалдары, лейкопластырь, пинцет.

 Орындалу реті:

1.Наукастың жарасындағы бұрынғы салфеткасын ақырын алыңыз.

2.Тігулі жараның тігістерін спиртпен 2 рет сүртіңіз.

3.Тігулі жараның үстіне стерильді салфетка салып, лейкопластырьмен бектіңіз.

4. "Таза жараны" таңып байлауға күнара келетінін түсіндіріңіз. 

 

 

Стандарт

жансыздандыру кезіндегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.

 

Көрсетілімі: Пациентті жергілікті анестезияға дайындау.

 

· Пациентті зерттеу, жансыздандыру өткізетін тұстағы тері аймақтарын зерттеу.

· Тамыр соғуын, қан қысымын, дене қызуын тексеру.

· Аллергиялық аурулар, әсіресе анестетиктерге аллергия бар-жоғын зерттеу.

Стандарт

Көрсетілімі: инфильтрациялық анестезия құралдарын дайындап, дәрігерге көмектесу.

Құралдары: 0,25 % новокоин ерітіндісі 200-300 мл, 5-10 гр шприц, спирт, пинцет, шариктер.

Техника:

1. 5 мл (10 мл) шприцке новокоин ерітіндісін толтыр

2. теріні спиртпен 2 рет сүрт

3. дәрігер новокаин ерітіндісін теріге,тері астына біртіндеп енгізіп болғасын сол орынды тағыда 2 рет спиртпен  сүртеді.

4.дәрігердің нұсқауы бойынша шприцке анестетик толтырып беріп тұр.

5.Манипуляция (іріңдікті тілу) аяқталған соң, жараны жуып, таңғышын бекіту керек.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)