Хирургке стерильді қолғап кигiзу іс-әрекеті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Хирургке стерильді қолғап кигiзу іс-әрекеті

Стандарт

Хирургке стерильді қолғап кигiзу іс-әрекеті

Мақсаты: хирургке стерильді қолғаптар кигізу

Құрал-жабдықтар: стерильді қолғаптар, шариктер, спирт.

1)әуелi халат кигiзiледi.

2) стерильді пакеттің сыртқы қабын санитарка қайшымен қиып, шеттерін ашады, медбике стерильді пинцетпен пакеттегі ораулы стерильді қолғаптарды алып, стерильді столға қояды (немесе жанқалтасына салады).

3) I-II саусағын қолғаптын iшiне салып қолғаптың жеңін екi жаққа кередi.

5) дәрігердің 1-саусағы қалай қарап тұрса, қолғаптың 1 саусағын солай бұрып, хирургтың қолына дәл келтіріп, кигiзедi.

6) хирург киген бойда қолдарын жоғары көтерiп алады.

7) медбике қолғаптың жеңiн халаттың жеңінің сыртынан жабады.

8) оң қолды да солай киедi.

9) медбике  хирургке спирттелген шарик бередi.

 

Стандарт

Операциялық аймақты өңдеу іс-әрекеті

Мақсаты:операциялық аймақты өңдеу

Құрал-жабдықтар: корнцанг, шариктер, йодонат, цапкалар, жаймалар,тупфер.

1)дайындалған операциялық аймақты (науқастың терісін) йодонатпен/спиртпен ортасынан шетiне қарай 2 рет сүртедi.

2) стерильдi жаймамен науқасты жабады (немесе шағын жаймамен тек операциялық аймақты жабады), шеттерiн салфеткалармен шектеп цапкалармен бекiтедi.

3) шектелген операциялық аймақты тағы да йодонатпен/спиртпен 2 рет сүртедi.

 

Стандарт

таңу столын жаю іс-әрекеті

Мақсаты: асептика жағдайында таңу столындағы инструменттер мен таңу материалдарының стерильдігін алты сағат бойы сақтау, жараны таңуды қамтамасыз ету.

Дайындалу: Стол үстін дез.еріндіге батырылған сүлгімен зарарсыздандырады. Медбике стерильді халат, колпак, маска, қолғап киеді.

Құрал-жабдықтар: стол, бикстегі стерильді материалдар (жайма, инструменттер, салфетка, шарик, банкалар, дренаж түтіктер т.б.).

Техникасы:

1) медбике педальдi басып бикстi ашады;

2) бикстен бүктелген жайманы алып, стол үстіне жаяды.Шеттері столдың үстінен15-20 см салбырап тұруы тиіс, үстіңгі қабаты астыңғысынан 10-15 см қысқа болуы тиіс.

3) бикстен екінші жайманы алып, алдыңғы жайманың үстіне жаяды. Үстіңгі қысқа шетін қайырып ашып қояды.

3) үстіне стерильді шарик, салфетка, банкалар, резин түтіктер, дренаждар т.б. қояды. Шетіне стерильді жұмыс пинцетін қоюға болады.

4) Жайылған жайманың үстіңгі қабатын жабады, оның шеттері алдыңғы жаймаға 2-3 см жетпей тұруы тиіс. Цапкамен бекітеді. (Стерильді материалды столдың орнына лотокқа дәл осылай салуға болады.)

6) қағаз биркаға стерильді столдың жабылған уақытын, медбикенің аты-жөнін көрсетіп жазып, цапкаға бекітіп қояды.

 

Стандарт

жараны таңу және таңғышын алмастыру іс-әрекеті

Мақсаты: жараның туалетін жасай білу.

Құрал-жабдықтар: стерильді таңу материалы бар таңу столы, антисептик ер-сі, спирт, пинцеттер, зажимдер.

Техникасы: Медбике сырқатпен жылы шырайлы қарым-қатынас орнатады, болатын манипуляцияны түсіндіреді.

1. Медбике жұмыс пинцетін қолына алады, дәрігерге (немесе өзінің екінші қолына) стерильді пинцет алады.

2. Жараның бойымен ескі таңғышын алып тастайды. (Егер таңғыш қатып жабысып қалса, 1:3000 перманганат калий ерітіндісінен ванна жасап, жіпсітіп алған жөн).

3. Егер жараның айналасы ласталған болса, құрғақ шариктермен тазартады, содан соң спиртпен 2 рет сүртеді.

4. Жаранын ішін 3%сутегі аскын тотығымен және фурацилин ер-сімен жуады, егер жарада тігіс тұрса, оны спиртпен сүртеді.

5. Дәрігер нұсқауы бойынша жараның фазасына байланысты таңғыш таңады.

6.  Егер жарада тігіс тұрса, стерильді құрғақ таңғыш таңады.

7. Пайдаланылған инструменттерді дез.ерітіндіге, жұмыс пинцетін 6%сутегі аскын тотығы ертіндісіне, таңу материалдарын қалдықтар қорабына тастайды.

 

Стандарт

жансыздандыру алдындағы  мейірбике іс-әрекетінің алгоритмі.

 

Көрсетілімі: Пациентті жергілікті анестезияға дайындау.

 

· Пациентті зерттеу, жансыздандыру өткізетін тұстағы тері аймақтарын зерттеу.

· Тамыр соғуын, қан қысымын, дене қызуын тексеру.

· Аллергиялық аурулар, әсіресе анестетиктерге аллергия бар-жоғын зерттеу.

Стандарт



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.)