олды операция алдында жуу іс-әрекеті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

олды операция алдында жуу іс-әрекеті

«Хирургиядағы және реанимациядағы медбикелік іс» пәнінен «Медбикелік іс» мамандығының «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігіне арналған стандарттар жинағы

Пациентке медициналық көмек көрсетер алдында коммуникативтік дағдыларды қолданады және сан-дез режим сақтап отырады.

 

Стандарт

материалдарды бикске жайғастыру тәсілдері, стерильдеуге әзірлеу іс-әрекетінің алгоритмі

Көрсетілімі: материалдарды  жайғастырып, стерильдеу,  операцияға дайындау.

Құрал-жабдықтары: бикс, операциялық жайма, халат, қолғаптар, инструменттер, салфеткалар, таңу материалдары, шыны ыдыстар т.с.с.

1) бикстің ішін антисептикпен сүртіп, жанындағы тесіктерін ашады, ішіне бір қабат жайма төсейді.

2) операциялық жайманың бір жағын 50 см етіп бүгіп, ұзынынан екі рет бүктейді де бума тәрізді етіп бос орайды, бикске салады.

3)хирургиялық халаттың белбеуі ортасынан халаттың беліне бекітіліп, тігілген, белбеудің бос ұштарын халаттың қалтасына салады, екі жеңін ішіне қаратып, ұзынынан бүктеп, мойнынан етегіне дейін бума тәрізді бос  орайды да бикске салады.

4)орамал, орташа, үлкен салфеткаларды, шағын жаймаларды 4 бүктеп салады.

5)таңу материалдарын бір бөлек жататындай салады.

6) инструмент, резин зондтарды бөлек орап салады.

7) шыны ыдыстарды жең тәрізді матаға орап салады.

8) бикстегі материалдардың түбіне, орта тұсына, үстіңгі бетіне индикатор салады. Бикстің қақпағын жауып, белгі қағазға жазып, автоклавқа апарады.

Операцияға баратын персонал операция бөлмесінің алдындағы кіре беріс (предоперационная) бөлмеде операцияға киетін костюм, бахилл, стерильді бикстен қалпақ,  маска киеді.

Стандарт

Мақсаты: қолды операция алдында залалсыздандыру

Құрал-жабдықтар: ағынды су, антисептик сұйық сабын-нонсид, қол жууға арналған антисептик-алсепт, велтосепт, АХД – 2000, бір реттік сүлгі.

(Ескерту: операцияға баратын персонал операция бөлмесінің алдындағы кіре беріс (предоперационная) бөлмеде операцияға киетін костюм, бахилл, стерильді бірреттік қалпақ, маска киеді, содан соң қол жууға кіріседі).

1)қолды ағынды судың астында сабындап 10 минут бойы жуады. (Мейірбике ісі негіздері пәнінен үйренген әдісті қайталаңыздар).

2) қолды стерильді сүлгімен құрғатады.

3) алсепт, велтосепт немесе АХД – 2000 т.б. антисептиктердің бірімен қолдарды сүртеді.

4) стерильді қолғап киеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 31; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)