Хирургия бөлімшесіндегі сан-дез режим сақталуы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Хирургия бөлімшесіндегі сан-дез режим сақталуы

Хирургия бөлімшесіндегі сан-дез режим сақталуы

№127 бұйрықта көрсетілген.

 

Дитерихс құрсауын салған кездегі іс-әрекет алгоритмі

 

Көрсетілімі: Жамбас маңы сынығында, жамбас, сан және тізе буыны зақымында қолданылады.

Құралдары: Дитерихс құрсауы, 2 бинт, қайшы.

Іс - эрекеттер алгоритмі:

Пациентті тыныштандырыныз.

Болып жатқан манипуляцияны түсіндіріңіз.

Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз.

Жарақат аймағын тексеріңіз, сынғанына немесе шығып кеткеніне көз жеткізініз.

Дитерихс құрсауының табан бөлігін пациенттің ауру жағына салып, сегіз тәрізді байламмен бекітініз.

Пациенттің сынған жағының қолтық асты ойығына құрсаудың сыртқы жағын орналастырыныз. Ол табан бөлігінен 8-10 см ге шығып тұруын қадағалап, бекітініз. Дитерихс құрсауының сыртқы бөлігінің табан бөлігінің металл құлақшасына орналастырыныз.

Құрсаудың ішкі жақ бөлігінің сынған жақтың шап маңайына орналыстырып, табан

жағына металл құлақшаларын бекітініз.

Шығып тұрған сүйектер астына мақтадан жасалған валик салыныз.

 

Есте сақтау. Тізе буыны бұзылысын алдын алу мақсатында, қосымша Крамер құрсауын қолданған дұрыс. Бұны сынған аймақтың артқы бөлігіне орналастырады.

 

Құрсауды қолтық асты маңдайынан ауру бөлігіне, сау аяқты иық маңайына белдікпен

бекіту керек. Жіппен айналдырғыш таяқшаны бекітініз.

Айналдырғыш таяқшаны шап және қолтық асты маңайына тірелгенше айналдыру керек. Айналдырғыш таяқшаны сыртқы құрсаудың шығынқы жеріне бекітініз. Құрсауды бинтпен спираль тәрізді байламмен, балтыр маңайынан және жамбас - бөксе буынынан бекітініз.

 

 

Иыққа Крамер құрсауын салу кезінде мейірбикенің іс-өрекетінің алгоритмі.

 

Көрсетілімі: Иық сүйектерінің сынығы.

Құралдар: сатылы Крамер қүрсауы; 2 бинт, мақта, косынка, қайоіы.

Ескертулер: Шинаны салған кезде сынықтан жоғары және төмен екі буын бекітіледі.

Іс- әрекетінің алгоритмі:

Науқасты өзіне қаратып отырғызыныз, тыныштандырыныз. Болып жатқан манипуляцияны түсіндірініз.

Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңы.

Жарақат аймағын тексеріңіз, сынғанына немесе шығып кеткеніне көз жеткізініз.

Сатылы Крамер құрсауын таңдаңыз: ұзындығы 80 см, ені 8 см.

Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, мақтаны құрсауға бекітініз.

Құрсауды саусақ ұшынан шынтақ буынына дейін науқастың сау жағына салып өлшеп алыңыз.

Құрсауды алып, түзу бұрыш қылып бүгініз (90º);

Құрсауға сау қолды, иықты салып(құрсаудың дұрыс әзірленуін қадағалау). Ауру жаққа ортафизиологиялық жағдай жасаңыз. Дайын құрсауға қол мен иықты салыңыз.

Құрсауды спиральды байламмен қол ұшынан иық буынына дейін бекітініз. Жақсылап бекіту үшін косынкалы байлам салыныз.

 

Ескертулер: Қол ұшы сүйектерінің сынығы кезінде қол пронация жағдайында жайғастырып, астына дөнгелек валик салыңыз, қолға мақтадан, дәкеден немесе бинттен валик жасап, салыңыз. Валик үстіндегі қолды бинтпен бекітіп, косынкаға іліп қойыныз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.)