инфильтрациялық анестезия кезінде дәрігерге көмек көрсету алгоритмі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

инфильтрациялық анестезия кезінде дәрігерге көмек көрсету алгоритмі

инфильтрациялық анестезия кезінде дәрігерге көмек көрсету алгоритмі

Көрсетілімі: инфильтрациялық анестезия құралдарын дайындап, дәрігерге көмектесу.

Құрал-жабдықтары: 0,25 % новокоин ерітіндісі- 200-300 мл, немесе 0,5% новокоин ерітіндісі-250 мл, 5-10 гр шприц, спирт, пинцет, шариктер, лоток.

Техникасы:

1. 5 мл (10 мл) шприцке новокоин ерітіндісін толтыр

2. теріні спиртпен 2 рет сүрт

3. дәрігер новокаин ерітіндісін теріге,тері астына біртіндеп енгізіп болғансоң сол орынды тағы да 2 рет спиртпен сүртеді.

4.дәрігердің нұсқауы бойынша шприцке анестетик толтырып беріп тұр.

5.Манипуляция (іріңдікті тілу) аяқталған соң, жараны жуып, таңғышын бекіту керек.

 

Стандарт

артериялық жгут таңу іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсетілімі: қол-аяқтың артериясынан кеткен қанды тоқтату.

Құралдары: Эсмарх артериялық жгуты, таңу материалдары.

Техникасы:

1. жгутты қол-аяқтың артерия қаны кетіп жатқан жарасынан жоғары, бірақ жараға жақын таңады.

2. жгуттың астына қыртысы жоқ тегіс мата салады.

3. жгутты қатты созып, бірнеше орап, екі шетін мықтап бекітеді.

4. жгуттың дұрыс таңылғанының белгісі - жгуттен төменірек пульсі болмайды.

5. жгутті 2 сағаттан артық ұстауға болмайды, некроз болады, осы уақыттан асып бара жатса оны босатып, қол-аяғы жылынғанша күтіп, бұрынғы жеріне сәл ығыстырып қайта таңады.

6. жгуттың салынған уақытын қағазға не жгутке, не қасындағы теріге жазып қояды.

7. жгут салынған мүшені иммобилизация жасайды.

8. науқасқа анальгетик егеді, зембілге жатқызып, ауруханаға бірінші кезекте жеткізеді.

9. жгут болмаса қолдан бұрама жасап, осы ережелерге сәйкес таңады.

Стандарт

артериядан кеткен қанды саусақпен тамырды сүйекке қысу

арқылы тоқтату іс-әрекетінің алгоритмі

Көрсетілімі: артериядан кеткен қанды тоқтату.

Техникасы:

Артерияны саусақпен белгілі бір анатомиялық нүктелерде, артерияның сүйекке жақын жатқан тұсында қысады. 

 

1.  Ұйқы аретриясынан кеткен қанды  тоқтату үшін:

• ұйқы артериясын мойын бұлшық етінің ішкі жағынан  VI мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне басады;

• самай артериясын  құлақтың бүртігінен жоғары самай сүйегіне басады.

2. Бұғанаасты артериясынан кеткен қанды тоқтату үшін:

• пациенттің қолын артқа және төмен бұрып, бұғанасты артериясын қабырғаға басады, қолтықасты артериясы қолтық шұңқырында тоқпан жіліктің (иық сүйектің) басына қысады.

3. Иық артериясынан  және шыбық артериясынан кеткен қанды тоқтату үшін:

• иық  артериясын екі басты бұлшық еттің ішкі жағынан иық сүйкке басады;

•шыбық артериясын шыбық сүйекке пульс анықтайтын тұста басады.

4. Сан артериясынан және сирақ артериясынан кеткен қанды тоқтату үшін:

• сан артериясын шап байламының төменгі үштен бірінің астынан шат сүйегінің көлденең өсіндісіне басады;

• тізе асты артериясын үлкен жіліншіктің артқы жағына тізе асты шұңқыры тұсында басады.

5. Құрсақ  аортасы жарақаттанғанда кеткен қанды уақытша тоқтату үшін

•кіндіктің сол жағынан аортаның құрсақ бөлігін омыртқаға жұдырықпен басады.

Стандарт

венадан зерттеуге қан алуіс-әрекетінің алгоритмі

 

Медбике пациентке зерттеу алдында таңертеңгі тамақты ішпей келуін, ал кешкі тамақты кешіктірмей және аз ішуін ескертеді. Зерттеу үшін  қанды егу кабинетінде немесе науқас төсегінің қасында таңертеңгі уақытта ашқарынға алады.

Көрсетілімі: биохимиялық және серологиялық зерттеулер.

Құрал-жабдықтары: 10-20  мл шприц, спирт, мақта шариктер, резин қолғаптар, вакуум пробиркалар, резин жгут.  

Техника:

1. Пациентті қолайлы жатқызады немесе отырғызады, шынтақ буынын жазып ұстап, ішкі жағын жоғары қаратады. Шынтақ буыны астына кішкентай валик қояды, қардың төменгі үштен біріне тегіс мата төсеп, веналары толысатындай етіп, резин жгут таңады. .

2. Пациенттен венасы толысуы үшін жұдырығын бірнеше рет қысып ашуды және қысып тұруын сұрайды.

3. Пациенттің терісін 70% спиртке батырылған мақта шарикпен әуелі үлкен аймағын, содан кейін иньекция тұсындағы кіші аймағын екі рет сүртеді. Шариктерді лотокқа тастайды.

4. Венаны пунция жасайды. Егер  шприц қолданылса, поршень цилиндр шетіне тығыз тақалып тұруы тиіс, цилиндрде ауа болмауы керек.

5. Венаны теріге сүйір бұрышпен теседі. Шприц поршенін тартып байқап, қан шықса, жгутты босатады.

6. Қанды алу кезінде медбике пациенттің жағдайын бақылап отырады.

7. Вакуум пробирканы пайдаланған кезде венаны переходник бар инемен  пункциялап, венаға түскен соң пробирканы жалғайды.

8. Қанның қажетті мөлшерін алып болған соң, инені венадан суырады да иньекция орнына спирттелген мақта шаригін басады. Егер вакуум-жүйе пайдаланылса, пробирканы алған соң ғана инені суырады.

9. Пациенттен мақта шаригін 5 минуттай қысып ұстап тұруын сұрайды.

Пайдаланылған құралдарды, материалдарды утилизацияға жібереді.

 

Стандарт

қан тобын анықтау іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсетілімі: қан тобын анықтау.

Құрал-жабдықтары: анти-АВ, анти-В, анти-А цоликлондары, планшет, шыны таяқшалар, резин қолғаптар,3-минуттық құм сағат. 

Техникасы:

1. планшеттің әр ойығына солдан оңға қарай анти-АВ, анти-В, анти-А цоликлондарынан 1 үлкен тамшы тамызады,

2. оған зерттелетін қанның 10 есе кіші тамшысын қосады.

3. әр тамшыны бөлек шыны таяқшамен араластырып, планшетті қолға алып, 3 минуттай шайқайды. 

Нәтижесі: егер барлық тамшыда да агглютинация реакциясы болмаса, қан О (І) топтыкі,  егер агглютинация 1-ші тамшыда (анти-АВ) және 3-ші тамшыда (анти-А цоликлондарымен) болса, қан А(ІІ) топтыкі, егер агглютинация реакциясы 1-ші тамшыда (анти –АВ) және 2-ші тамшыда (анти-В) болса, қан В(ІІІ) топтыкі.

 

 

Цоликлондар

Қан тобы

Анти-АВ

Анти-В

Анти-А

 

-

-

-

О (І)

+

-

+

А (ІІ)

+

+

-

В (ІІІ)

+

+

+

АВ 0 (ІУ)

+ агглютинация реакциясын көрсетеді.

Қанның резус-факторын анықтау іс-әрекетінің алгоритмі

Көрсетілімі: қанның резус-факторы оң не теріс екенін анықтау.

Құралдары: анти-D супер цоликлоны, планшет, шыны таяқшалар, резин қолғап,3-минуттық құм сағат.

Техникасы:

1. планшетке (тегіс жазық бетке, шыны бетіне) анти-D супер цоликлонының бір ірі тамшысын тамызады.

2. оның үстіне зерттелетін қанның немесе эритроциттің бір тамшысын тамызады. Тамшыларды араластырады.

Нәтижесі: мөлдір сұйық тамшысының ішінде көзге көрініп тұрған ірі қиыршықтар агглютинация жүргенін, яғни қанның резус-факторы оң мәнді екенін көрсетеді. Егер тамшы біртекті түсте болып, тұнба тұрмаса, бұл агглютинацияның болмағанын, яғни қанның резус-теріс мәнді екенін білдіреді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)